Ярба айнагул хабдулкакимовна лицей оқушыларын әлеметтендірудің психологиялық мүмкіндіктері 6М010300 – «Педагогика және психология»



Дата13.06.2016
өлшемі271.78 Kb.
#133577
түріДиссертация
ӘОЖ 316.27:371.12;377:37.015 Қолжазба құқығында

ЯРБА АЙНАГУЛ ХАБДУЛКАКИМОВНА

Лицей оқушыларын әлеметтендірудің психологиялық мүмкіндіктері

6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша

білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертация жұмысының

РЕФЕРАТЫ

Қrectangle 18rectangle 23ызылорда, 2012ж


Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекшісі: академиялық доцент, З.У.Успанова

Ресми оппоненті: педагогика ғылымдарының

докторы , доцент М.А.Абсатова


Диссертация 2012 жылдың «__ » маусымында сағат ______ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би көшесі №36 А, №7 оқу ғимараты, Музыка-педагогикалық факультеті, №411 дәрісхана) қорғалады.

Мемлекеттік аттестаттау

комиссиясының хатшысы: Архабаева Д.А.



rectangle 22 Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының президенті өзінің 2012 жылғы жолдауында адами капиталдың сапалы өсуі туралы білім мен денсаулық мәселелеріне назар аударды және оның алты іс-шарасын атап көрсетті. Атап айтқанда бесінші шарасында оқуда жастарға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге, оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуіне назар аударды.

Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі мен қалыптасқан іскерлік дәрежесіне байланысты. Яғни лицей оқушыларының дүниетанымы, зердесі, адамгершілік мінез-құлқы, дарындылардың қабілетін дамыту үшін, алдымен олардың өзіндік ерекшеліктерін танып білуіміз керек және сапалық қасиеттері заман талабына сай дамып қалыптасуы қажет.

Әлеуметтену әлеуметтік өмірге еңгізетін процесс. Тұлғаны әлеуметтендіруге де феномен ретінде әр кезде түрлі ғалымдар, психологтар, әлеуметтанушылар, философтар мен педагогтер де мән берген: А.Г.Асмолов, Л.С.Выготский, И.С.Кон, А.В.Мудрик, И.П.Подласный, В.Мардахаев, ал Отандық ғалымдарымыз Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Қ.Қожахметова, М.Демеуова және т.б.

Тұлғаны әлеуметтендіру теориялық негізін айқындауда біз алыс және жақын шетел, Қазақстан ғалымдарының еңбектерін негізге алдық.

Зерттеу жұмысымыздың теориялық және әдіснамалық негіздері Ресей ғалымдарының еңбектерінде баса назар аударылған. О.С.Газман, С.С.Гиль, Н.Л.Селиванова, И.В.Руденко, М.Е.Кульпединова және т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. Жеке тұлғаның, жастардың әлеуметтік мәселелерін зерттеуде үлес қосқандар: И.Ж.Сапарбеков, К.Ү.Биекенов, Е.В.Никитенко, Г.О.Әбдікерова, Н.М.Кудро,С.А. Золотухин, О.Н.Нұсқабаев, Л.Қасымова, Л.И.Ізтілеуова, Г.С.Әбдірайымова, Р.С.Салықжанов, Т.Царева, Д.К.Қазымбетова, Ж.М.Ляднева.

Жеке тұлғаның әлеуметтендіру мүмкіндіктерін зерттеу барысында қазақ-түрік лицей оқушыларын әлеуметтенуіне басты назар аудару қажеттілігі туындады.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2030-жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасына сүйеніп, сапалы білімімен ХХI ғасырда жан-жақты дайындалған, «қазақ үшін жаным пида болсын» дейтін рухы мықты жастарды тәрбиелеу мәселенің ықпал етуі әр түрлі факторларға байланысты.

Мұндағы оқушы тұлғаның төрт негізгі аспектілерімен өзара байланыста сипатталады. Олар: интеллект (зияттылық), шығармашылық (креативтілік), мотивация, тұлғаның әлеуметтік бейімділігі. Сондықтан лицей оқушысы әлеуметтенудің субъектісі ретінде жеке дара зерттеуді қажет етеді. Ал лицейдегі оқушыларды әлеуметтендіру барысында төменгі мәселелерді көздейді:

- оқу үрдісінде оқушылардың іс-әрекеттердің қай аймағында өздерінің бейімділігі мен қабілеттілігін саналы түрде танып білуге жаңа жағдаяттар жасауды ұйымдастыру;

- психологиялық қызмет әрекеттерін күшейту (оқушылардың қызметтік ынтасын, белсенділігін, яғни олардың өзін-өзі тұлғалық айқындауын көрсетуін дамытуға бағытталған арнайы дайындығы);

-лицейде ақпараттық-кеңестік орталықтарды ұйымдастыру (оқушылардың өз іс-әрекеттеріне өз бетімен мақсат қою, өзі үшін негізгі және жалпы пәндерді айқындалуына мүмкіншіліктер туғызу).

Қазіргі кезде тұлғаны қалыптастырудағы өзекті аспектінің бірі ол әлеуметтік және психологиялық ғылым аймақтарының негізгі зерттеу мәселелерінің бірі тұлғаның әлеуметтік-психологиялық мүмкіндіктері болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып біз қазіргі білім беру процесіндегі әлеуметтендіру қайшылықтар мен өзектілігі, сондай-ақ, оның теориялық және практикалық мәні біздің зерттеуіміздің «Лицей оқушыларын әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктері» деген тақырыбын анықтап берді.

Зерттеудің мақсаты: Лицей оқушыларын әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерінің теориялық негіздерін анықтау және олардың бейімділігі мен қабілеттілігін тәжірибеде пайдаланудың тиімді жолдарын айкындау.

Зерттеу нысаны: Оқу-тәрбие процесінде лицей оқушыларын әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктері (Қызылорда қаласындағы № 10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының оқу-тәрбие процесі).

Зерттеу пәні: Лицей оқушыларының бейімділігі мен қабілеттілігін пайдалану негізінде әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерін ашу.

Зерттеу әдістері: Ғылыми болжамды анықтау үшін зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтану және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерін еңгізудің әдістемесіне сипаттама беру, бақылау жүргізу, тәжірибелік-эксперимент жұмысын ұйымдастыру, алынған мәліметтерін өңдеудің математикалық әдістері және нәтижесіне баға беру, қорыту.

Алынған нәтижелері, олардың жаңалығы: Лицей оқушыларын әлеуметтендірудің психологиялық мәселелерінің теориялық маңыздылығы анықталды; «әлеуметтену», «әлеуметтендіру», «бейімділік», «қабілеттілік», «дарындылық» т.б ұғымдарының мәні мен мазмұны нақтыланды; «Лицей оқушыларын әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерін дамыту» атты әдістемелік тапсырмалар жинағы жасалынып, оның тиімділігі тәжірибе арқылы дәлелденді.

Зерттеудiң ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы:

- лицей оқушыларының әлеуметтендіру мүмкіндіктері бойынша теориялық білім жүйеленді, «әлеуметтену», «әлеуметтендіру», «қабілеттілік», «дарындылық» түсінігі нақтыланды;

- жеке тұлғаның әлеуметтендірудің факторлары көрсетілді;

-лицей оқушыларын әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерінің мазмұны ашылды.



Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары:

-лицей өміріне әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерінің шарттарының негізі – әлеуметтену үдерісі болып табылады;

-лицей оқушыларын әлеметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерін ашуға тренингтік жағдайда ұйымдастырылған арнайы психологиялық техникаларды пайдалану тиімді;

-оқушылардың дарындылығын дамытудың теориялық негіздері тұрғысында айқындалған «дарындылықты дамыту» ұғымының мәні мен мазмұны;



-лицей өміріне бейімделу қасиеті, яғни өзімен және айналасындағылармен қарым-қатынаста, өз бетімен қол жеткізе білу қабілеті тұлғаны психологиялық қолдаудың ақырғы нәтижесі болады;

-инвариантты және вариантивті құрамдас бөлімдерді қамтитын әлеуметтенудің психологиялық қолдау технологияларының құрылымдары мен мазмұнын өзгерту;

-әлеуметтендіру, үдерістерді ықпалдастыруға негізделетін – білім беру қызметтерін жетілдіру.

Диссертация тақырыбы бойынша жұмыстын нәтижесін мақұлдау: № 10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты.

Зерттеудiң практикалық мәнділігі: Лицей оқушыларын әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерінің көрінуі бойынша диагностикалық материалдар ендірілді.

Жариялау: Зерттеу негізгі нәтижелері республикалық (1) ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндалды, сондай-ақ №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының (1) мерзімді әдістемелік семинарында көрініс тапты.

Дарынды балаларды әлеуметтендіру мәселесі – «Білім. Ғылым. Инновация: Өзекті мәселелері мен даму жолдары» атты II Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция 15 қараша. Қызылорда, 2011.



Жұмыстың құрылымы және көлемі: Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер (106) тізімінен және (5) қосымшадан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
«Лицей оқушыларын әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерінің ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші тарауда зерттеу мәселесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін анықтау мақсатында лицей оқушыларын әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерін ашу мәселесі саласында жарық көрген көптеген еңбектерге талдау арқылы көзқарастарының мазмұны анықталып, жан-жақты сипаттама беріледі, оның ішінде қазақ ғалымдарының материалдарын пайдалану мәселесі ғылыми тұрғыдан аз қаралғандығы айқындалады.

Тұлғаның әлеуметтену мәселесі көптеген психологиялық-педагогикалық теорияларда қарастырылған.

Әлеуметтенудің бейімделушілік тұжырымдамасының өкілдері Дж.Дьюи, В.Кукартц, Т.Парсонс, О.Брим, Р.Кениг және т.б. Джон Дьюидің әлеуметтенудің бейімделушілік тұжырымдамасы теориялық жүйесінде бейнеленді. Ол мектепті «буржуазиялық демократияның лабораториясы» және әлеуметтік орта мен адамаралық қатынасты өзгертудің керемет құралы деп есептеді.

Дж.Дьюи адамның табиғаттан берілген қасиеттері әлеуметтену барысында ғана көрінеді және әлеуметтену адамды қоғамдық ортаға бейімдейді, сонымен қатар әр адамның даралығының да көрініс беруі деп түсіндірді.

Талпыныс, көзқарас, сенім орта әсерімен беріледі, орта адамды белгілі бағытта ойлау мен сенуге көмектесіп, бір көзқарастарды өзгертсе, екіншілерін бекіте түседі.

ХХ ғ. 50 жылдардың аяғы мен 60 жылдардың басында әлеуметтенудің бейімделушілік тұжырымдамасы позитивистік әдіснама негізінде құрылымдық функционализм (Т.Парсонс, О.Брим, Р.Кениг, В.Брецинка, В.Кукарту, П.Фулкье, Р.Лафон т.б.) ықпалымен қалыптасты. Әлеуметтік жүйенің тұрақтылығы индивидтердің әлеуметтік бейімделуі нәтижесінде жүзеге асады, әлеуметтену процесі – әлеуметтік жүйе талаптарына жақсы бейімделген тұлғаны қалыптастыру. «Сәтті» әлеуметтену ұғымы индивидтің әлеуметтік белсенділік мәселесіне оншалықты мән бермейді.

ХХ ғ. 60 жылдарының аяғында әлеуметтенудің бейімделушілік модельдері қайта қарала бастады, өйткені Еуропа мен АҚШ-та жастар қозғалысы өрши түскен еді: мемлекеттің жастарды әлеуметтендіру мәселесін шешуі көкейкесті болып табылады.

ХХғ. 70 жылдары осы сұранысты жүзеге асыру үшін әлеуметтенудің рөлдік тұжырымдамасы қалыптасты, бұл тұжырымдаманы «гуманитарлық педагогика» өкілдері (Р.Дарендорф, Ф.Тенбрук, К.Лэнгтон т.б.) белсенді түрде дамытты. Олар әлеуметтенуді жастардың өз референттік тобының нормасын интериоризациялау арқылы әлеуметтік рөлдер жүйесіне енуі болып табылады деп түсіндірді.

Әлеуметтену мәнін түсінуде рөлдік тұжырымдама өкілдерінің көзқарасы әр түрлі болып табылады, олар: К.Лэнгтон әлеуметтенуді әлеуметтік топ пен қоғамның мінез-құлық моделі мен қатынасын игеру, ал Х.Рейнольдз өз қоғамының құндылығын, дәстүрін, салтын зерттеу процесі, сонымен қатар Р.Дарендорф қоғамда алатын орнына сәйкес әр тұлғаны белгілі әлеуметтік рөлді орындауға дайындау.

Әлеуметтенудің сыни ой тұжырымдамасының жақтаушылары өздерінің теориялық жұмыстарында мынадай ұғымдарды қолдануда:

- «өзін-өзі басқару»;

- «өзіндік айқындау»;

- «өзіндік нақтылау»;

- «рухани өзін жинақтау» т.б.

Әлеуметтенудің сыни тұжырымдасының басты теоретиктерінің бірі – К.Роджерс. Ол психотерапиядағы ерекше бағытты жасаушы және ғылымға «гуманистік психологияның» теоретигі ретінде танымал. Ол өз жұмысында «әлеуметтену баладан жасанды тұлға жасау емес, оның өзін дамытуын қажет етуі», - деп түсіндірді. Тұлғаның әлеуметтенуі барысында өзін бағалаудағы өзгергіштік және әлеуметтік тәжірибесін жинақтауы нәтижесінде құндылықтар жүйесін қайта қарайтындығына мән берді. Адам ұзақ уақыт бойы өзін экономикалық күштерді бейсана күштерін немесе қоршаған орта әсерін сезінуші ретінде ұғынды, бірақ ол біртіндеп тәуелсіздіктің жаңа декларациясын ұсынады да, күрделі және қайшылықты әлемде өзімен-өзі болуды таңдайды» деп айқындады К.Роджерс.

Әлеуметтенудің когнитивтік тұжырымдамасы өкілдері тұлғаның әлеуметтік әрекеттерді игеруінің басты мүмкіншілігі ретінде когнитивтік процестердің рөлін ерекшелеп көрсетті.

Теоретиктер өз зерттеулерінде генетикалық психологияның өкілі Жан Пиаженің психологиялық идеяларына сүйенеді, өйткені ол тұлғалық даму ойлаудың дамуына әсер етеді деп түсінді. Ж.Пиаженің маңызды идеясы – бала ойлауының қалыптасуына әлеуметтену мен қарым-қатынастың әсерін айқындайды.

Бала ер жете келе, әлеуметтене отырып екі жақты қарым-қатынасқа түседі: біріншіден ересектермен қарым-қатынаста әлеуметтік өмірдің нормасы мен ережесін; екіншіден құрбыларымен қарым-қатынаста өмірлік тәжірибені игеру, өзара бақылауды, көмек беруді, пікір алмасуды игереді. 7-8 жастағы балаларды әлеуметтендіру үшін ережелерді айтып, әрекетінің салдарын түсіндіріп және бала мінез-құлқын бақылау қажет. Ж.Пиаже балалар дамуындағы психологиялық жаңа құрылымның көрінуін теориялық тұрғыда негіздеді.

Әлеуметтенудің когнитивтік тұжырымдамасының жетекші өкілдерінің бірі – американ психологы мен педагогы Лоуренс Кольберг. Ол тұлғаның әлеуметтену процесін моральдық сананың дамуы мен әлеуметтік өмір нормасы мен ережесін игерту деген болатын. Әлеуметтік ортаны сыртқы ықпалдар жүйесі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік рөлдерді қабылдауға ынталандырушы деп түсіндірді. Психодинамика тұжырымдамасының теоретиктері адам ақыл ойы, күйзелісі, бағалауы әлеуметтену барысында бейімделуге көмектеседі деді.

Курт Левин адам мінез-құлқы үшін тұлғаның ішкі және сыртқы ықпалдарын есепке алу керектігін нақтылады. Тұлға ортамен өзара әрекет еткенде әлеуметтік шындық өзінің оқиғасымен, құбылысымен, қатынастармен, тұлғалық оқиғаларды қабылдауымен, түсіндіруімен маңыздырақ болып келетіндігін нақтылады. К.Левин адамның әлеуметтік мінез-құлқы оның «өмірлік кеңестігін» өзгерту деп түсінді.

Барлық тұжырымдама өкілдері әлеуметтену міндетін адамның әлеуметтік байланыс жүйесінде бағдар алуы, әлеуметтік шындықты ұғына алуға көмектесуі деп қорытындылады. Бұл мәселелердің диалектикалық бірлігі адамның қоршаған ортамен өзара әрекетінде тұлға ретінде нәтижелі дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Әлеуметтену – қарым-қатынас пен іс-әрекетте жүзеге асатын әлеуметтік тәжірибені белсенді қайта жаңғырту мен игеру процесі мен нәтижесі.

Әлеуметтену – әлеуметтік норма мен мәдени құндылықтарды игеру мен қайта жаңғырту барысында қоршаған ортамен өзара әрекетте өмірінің барлық кезеңінде адамның дамуы, сонымен қатар өзі өмір сүретін ортада өзін-өзі айқындауы мен өзін жүзеге асыруы болып табылады.

Американ әлеуметтанушысы Н.Смелзер әлеуметтануды индивидтің әлеуметтік рөліне сәйкес іскерлік пен әлеуметтік бағдарының қалыптасу процесі деп айқындайды.

Поляк елінің әлеуметтанушысы Я.Щепанский бойынша әлеуметтену дегеніміз ортаның бүтіндей ықпалы, индивидті қоғамдық өмірге қатыстыру, мәдениетті, ұжымдағы мінез-құлықты ұғынуға, әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауға үйрету болып табылады.

Әр түрлі сөздіктерде әлеуметтену былай айқындалады:

- адамның қоғамның әлеуметтік нормасы мен мәдени құндылықтарын игеру процесі;

- индивидтің әлеуметтік-мәдени тәжірибені игеру және дамыту процесі;

- қоғам, әлеуметтік қауымдастық, топқа сәйкес құндылық, норма, мінез-құлық үлгілерін игеруі, тұлғаның қалыптасу процесі.

- адамның әлеуметтік практикаға енуі, әлеуметтік қасиеттерді, қоғамдық тәжірибені игеруі.

И.С.Кон әлеуметтену мәселесін қарастыруға үлкен үлес қосты және ол бұл ұғымның философиялық, әлеуметтанушылық, әлеуметтік-психологиялық, этнографиялық, педагогикалық аспектілерін айқындап берді. Оның көзқарасы бойынша «Әлеуметтену» ұғымы «тәрбие» ұғымынан кеңірек. Тәрбие индивидке қажетті қасиеттерді игертуге бағытталған ықпалдар жүйесі, әлеуметтену индивидтің мәдениетті игертуі және қоғамның тең құқылы мүшесі болуы үшін спонтанды ықпалы болып табылады.

Тұлға дамуы іс-әрекетте жүзеге асады. Ойын іс-әрекеті әлеуметтенудің жоғарғы деңгейін және дүниетанымның қалыптасуын қажет етпесе де, оқу-өндірістік іс-әрекетте әлеуметтік фактордың рөлінің өсуі, ал шығармашылық іс-әрекетте толыққанды дүниетанымның қалыптасуы жүзеге асады.

Әлеуметтену барысында тұлға бірнеше міндеттерді жүзеге асырады:
прямая соединительная линия 206
Сурет 1 - Тұлганың әлеуметтену барысы
- табиғи-мәдени міндеттер – әр жас кезеңінде өлкелік және мәдени жағдайлардың ерекшелігіне сәйкес дене және сексуалдық дамудың белгілі деңгейіне жету (жыныстық толығудың әртүрлі темпі, этнос пен өлкедегі әйел мен ер кісінің эталлондары):

- әлеуметтік-мәдени міндеттер – тұлғаның әр жас кезеңінде танымдық, моральдық-адамгершілік құндылықтарының дамуына социумның әсерін айқындау. Бұл міндеттер адамның өлкелік ерекшелігімен және жақын ортасымен, әрі бүтіндей қоғам ықпалымен анықталады.

Әлеуметтік-мәдени міндеттер екі түрде көрінеді:

- бірінші жағынан – адамға қоғамдық институттардың міндеттерін вербальды түрде нақтылауымен;

- екінші жағынан – қоғамдық практика, салт-дәстүр, жақындарының психологиялық стериотиптерімен айқындалады. Бұл екі мәселе әр уақытта сәйкес бола бермейді, кейде тіпті бір-біріне қарама-қайшы болуы да мүмкін.

Әлеуметтік-психологиялық міндеттер – тұлғаның өзіндік санасының қалыптасуы, өмірде өзін айқындауы, әр жас кезеңінде оны шешудің ерекше мазмұны мен тәсілін қажет етуі. Тұлғаның өзіндік санасы әр жас кезеңінде өзіндік танымның, өзіндік қабылдаудың дамуымен және «Мен» тұжырымдамасы, өзіндік сыйлау деңгейінің қалыптасуымен нақтыланады.

Тұлғаның өзіндік танымының үш жолы бар:

- біріншісі, өзге адамдардың бағалауы мен пікірі. Бағалау қарапайым (серіктесінің ескертуіне кекетіп жауап беру) және күрделі (өндірістегі аттестаттау жүргізу кезіндегі пікірлердің маманның кәсіби дамуын нақтылауы) болып бөлінеді.

- екіншісі, әлеуметтік салыстыру. Кез-келген адам өзін өзге адамдармен салыстырады, сөйтіп құрбыларымнан, әріптестерімнен қалып қойдым ба және өзгелер мені түсіне ме деп қынжылады, әсіресе жастық кезеңде өзгелерден қалмау, уақытқа сәйкес болудың маңызы зор.

- үшінші мүмкін жол – өзіндік бағалау. Адам сырттай өз қылығын, қарым-қатынасын бақылап, өзінің тұлғалық қасиеттері туралы қорытынды жасайды.

«Лицей оқушыларын әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған эксперименттік зерттеу» атты екінші тарауда лицей оқушыларын әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерін ашу мақсаттары мен міндеттеріне негізгі қағидаларына мазмұндық сипаттама берілді және оның нәтижелері болжамға сәйкес дәлелдігі көрсетілді, оны жүзеге асыруға байланысты дайындалған ғылыми-әдістемелік құралдардың мазмұны сипатталды және келесі реттегі эксперименталдық әдістемелер қолданылды:

1. «Әлеуметтік интеллектіні зерттеу».

2. «Түсініктерді салыстыру».

3. «Интеллект лабилділігі немесе ауыса білу іскерлігі» әдістемесі.

Лицей оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынастың маңызды құрамдас бөліктерінің біріне оқушыларды олардың тәртібіне, әрекетіне қарай түсіну біліктілігі деп аталатын әлеуметтік интеллект жатады.

Берілген тест бойынша жоғары бағалағандар оқушылардың бейвербальды әрекеті арқылы олардың қалпын, сезімдерін, мақсат, мүдделерін дұрыс анықтауға қабілетті. Мұндай оқушылар, ең алдымен, коммуникацияға қатысушылардың бейвербальды әрекетіне баса назар аударады. Мұндай қабілет – бейвербальды экспрессияны сезіну қабілеті адамдардың өзгелерді түсіну, тану қабілетін күшейтеді.

Ал тест нәтижелері бойынша төмен баға алғандар онтогенезді ерте меңгеріліп, вербальді тілден гөрі көп сенімділік туғызатын дене қозғалысы тілін, көзқарас, ишарат, ымды жақсы игермеген. Олар бейвербальды реакциясына жеткілікті көңіл бөлмегендіктен, басқалардың сөздерінің мәнін түсінбеуі мүмкін.

Егер тест нәтижелері бойынша жоғары ұпай жинасаңыз, онда сіздің қолыңыздан төмендегі әрекеттер келеді деп айтуға болады:

- бейтаныс адамның суреті бойынша оны толық, дәл, анық суреттей аласыз;

- іскерлік қарым-қатынас барысында басқалардың эмоционалдық қалпын, жағдайын түсіне аласыз;

- тілдесім барысында өзіңіздің достық сезіміңізді ашық білдіре аласыз;

- эмоциалдық жағынан тұрақтылық танытасыз;

- тілдесімдегі кері байланысқа сезімтал, сынға төзгіш, ар-ұяты бар адамсыз;

- өзіңізді-өзіңіз бағалауыңыз және өзіңізді-өзіңіз қабылдауыңыз жоғары деңгейде (Кесте 2).


Кесте 2 – Анықтау экспериментінің көрсеткіші (% есебімен)


Топтар

Сыныптағы оқушы саны

Әлеуметтік интеллект деңгейлері

жоғары

орта

төмен

Эксперименттік топ (10А,11А)

46

16 (22%)

20 (35%)

10 (43%)

Бақылау тобы

(10Б,11Б)



46

10 (23%)

20 (44%)

16 (33%)

Дамыту экспериментіне дейін тәжірибе тобындағы сыналушылардың әлеуметтік интеллект көрсеткіштерінің жоғары деңгейі 22% болса, ал төменгісі 43% көрсетті. Эксперименттік зерттеу нәтижелерінен алынған мәліметтер бойынша әлеуметтік интеллект көрсеткіштерінің орташа деңгейі 35%. Ал бақылау тобының сыналушылардың әлеуметтік интеллект көрсеткіштері жоғары 23% болса, ал төменгісі 33% көрсетті, орташа деңгейі 44%.

Келесі экспериментте «Түсініктерді салыстыру» әдістемесі жүргізілді.

Әдістеменің тапсырмасы тұлғаның мағыналы ойлауын бағалау, түсініктерді салыстыру, ұғыну қабілетін, ойлау деңгейін, түсінікті жалпылау, ойды тұжырымдау, қиялын дамыту, оны сөз арқылы жеткізуін зерттеу арқылы бағаланды. Мұнда жоғары деңгей 15 ұпай болса, ең төменгі – 0 ұпай. Жауаптар дұрыс бір өрісті 15 түсініктер жұбы бойынша ұпаймен саналып, нәтижелері қосылады. Нәтижелері «жақсы», «орта» және «төмен» деген өлшемдермен бағаланды.

Осы әдістеме сыналушылардың екі өлшем көрсеткіштері бойынша зерттелді:


  1. Ойлауды бағалау. Түсініктерді салыстыру, ұғыну қабілетін, ойлау деңгейін анықтау.

  2. Түсінікті жалпылау, ойды тұжырымдау, қиялын дамыту, оны сөз арқылы жеткізуін анықтау.

Дамыту экспериментіне дейін тәжірибе тобындағы сыналушылардың көрсеткіштерінің жоғары деңгейі 20,0% болса, ал төменгісі 56,6% көрсетті. Эксперименттік зерттеу нәтижелерінен алынған мәліметтер бойынша орташа төменгі деңгейі 50,6%. Ал бақылау тобындағы сыналушылардың көрсеткіштері жоғары 18,7% болса, ал төменгісі 56,6% көрсетті. Анықтау экспериментіне арналған зерттеу нәтижелерінен алынған мәліметтерінен топтардың орташа төменгі деңгейі 48,4% .

Осы әдістеме бойынша іріктелінген тәжірибе және бақылау топтарының мәліметтер төмендегі гистограммада сипатталды (12-суретке сәйкес).



Сурет 12 - Мағыналы ойлау әрекетінің даму көрсеткіші
Зерттеу жұмысынан кейін эксперименттік зерттеуге алынған топтар мен бақылаушы топтардың арасындағы жоғары мәнділікті көруге болады. Бірінші және алтыншы топтарда экспериментке қатысушылардың саны өзара тең, барлығы 46 сыналушы. 23 бірліктегі 2 қатар бір бірімен ранглеу корреляциясының аралығы r-0,18–ден r-0,62 деңгейлі статистикалық мәнді болды. Ал екінші және жетінші топтар бойынша сыналушылар саны 15 бірлікте екінші ранглеу қатары бойынша r-0,49-дан r-0,76, сонымен қатар үшінші және сегізінші топтар бойынша сыналушылар саны 16 бірлікте r-0,52-ден r-0,78 болса, төртінші және тоғызыншы топтар бойынша r-0,39-дан r-0,68-ге, бесінші және оныншы топтар бойынша r-0,42-ден r-0,82 корреляциялық көрсеткішті берді. Осы алынған нәтижелер бойынша төмендегі динамикалық даму графигі жасалынды (13-суретке сәйкес).


Сурет 13 - «Түсініктерді салыстыру» әдістемесі нәтижелерінің корреляциялық көрсеткіштерінің даму динамикасы
Мұнда көрсеткіштердің дамытатын экспериментке дейінгі және кейінгі зерттеу нәтижелері салыстырылды. Сонымен, қорыта айтқанда, тұлғаның танымдық іс-әрекетін қарым-қатынастың ықпалы арқылы дамытуға болады деген жорамалымыз дәлелденді.

Екінші эксперименттің міндеттеріне зейіннің жоғары концентрациясы мен қозғалыс жылдамдығын, қысқа мерзімде (бірнеше секунд) қиын емес тапсырмаларды орындауын зерттеу болып табылады. Осы орайда келесі «Интеллектік лабилділігі немесе ауыса білу іскерлігі» әдістемесі жүргізілді.

Осы әдістеме лабилділікті, яғни бір тапсырманы орындаудан екіншісін орындауға ауысу жылдамдығын зерттеу арқылы кәсіби білім берудің сәттілігін анықтап, іс-әрекеттің жаңа түрін меңгергендігін және еңбек тәжірибесінің сапасын бағалауға болады. Әдістеме сыналушыдан зейіннің жоғары концентрациясы мен қозғалыс жылдамдығын талап етеді. Сыналушылар қысқа мерзімде (бірнеше секунд) экспериментатор оқитын қиын емес тапсырмаларды орындауы қажет.

Екінші эксперимент бойынша зерттеу жұмысынан кейін эксперименттік зерттеудің нәтижесінде тәжірибе және бақылау топтарының арасында жоғары мәнділік анықталды. Мұнда көрсеткіштердің дамытатын экспериментке дейінгі және дамыту экспериментінен кейінгі зерттеу нәтижелері салыстырылды.

Жоғарыда көрсетілген топ бірліктерінің құрамы сақталына отырып, бірінші және алтыншы топтарда ранглеу корреляциясының аралығы r-0,21-ден r-0,51-ге дейінгі статистикалық мәнділікке ие болды. Ал екінші және жетінші топтар r-0,36-дан r-0,96, сонымен қатар үшінші және сегізінші топтар r-0,15-дан r-0,88 болса, төртінші және тоғызыншы топтар бойынша r-0,11-ден r-0,97-ге, бесінші және оныншы топтарда r-0,15-тен r-0,88-ге дейінгі мәнділікті көрсетті. Жоғарыдағы кестедегі мәліметтердің динамикалық өзгерісін төмендегі графиктен көруге болады (14-суретке сәйкес).


прямая соединительная линия 6


14-сурет. «Интеллект лабилділігі немесе ауыса білу іскерлігі»
Лицей оқушыларының бейімділігі мен қабілетінің тиімділігін диагностикалау кезінде әлеуметтік-психологиялық тренингті пайдалану (ӘПТ) өте тиімді болып саналады. Әлеуметтік-психологиялық тренингіні оқушылардың топтық әрекеті моделінде көрініс табатын өмірлік тәжірибені меңгертудің белсенді құралы ретінде анықтауға болады.

Тренингтің арнайы практикалық тапсырмалар жүйесі ретінде оқушылардың жеке басының, топтың мүддесіне қол сұқпай-ақ олардың өзін-өзі тануына мүмкіндік берудің әдістері мен тәсілдері жиынтығын құрайтынын бағамдауға болады.

Соңында анықтап-белгілеу эксперименті негізінде жүргізілген оқушылардың жеткен нәтижелерді жинақтап, қорытып талдау, олардың әлеуметтік-психологиялық деңгейінде айтарлықтай өзгерістер байқалғандығын көрсетті.

Бақылау тобымен салыстырғанда, эксперименттік топты құрайтын жасөспірімдерде лицей ортасына икемделуінде мінез-құлықтың дербестігінің жоғары көрсеткіші байқалады ( Кесте 3).


Кесте 3 – Тренинг бағдарламаларын жүзеге асырғаннан кейінгі лицей ортасына икемделу аясындағы маңызды дағдылардың қалыптасуы


Лицей ортасына икемделу әлеуметтендірілуді бағалау өлшемдері

«дейін» бейімділік белгісі, %


«кейін»

бейімділік белгісі, %



тәжірибелік топ

2-бақылау тобы

тәжірибелік топ

2-бақылау тобы

Лицей ортасына икемделу

Бейімделушілік

58,3

60,0

66,7

60,0

Әлеуметтік белсенділік

75,0

73,3

75,0

66,7

Қорытындылай келе, ұсынылып отырған тренинг бағдарламасы қойылған мәселелерді шешуде айтарлықтай тиімді екендігін атап өтуіміз қажет. Әлеуметтендірілудің барлық өлшемдерінен, жеке теңесудің қалыптасуы, дербес әрекетшілдік, тек өз күшіне сену мен көмек пен жәрдем алуға дайын болу сияқты өзгерістер айқын даралана бой көрсетті. Бұл өзгерістер (16-суретте сәйкес) көрініс тапқан.



Сурет 16 – Лицей оқушыларының тренинг бағдарламасын жүзеге асырудың басты тиімділіктері
Шектеулі уақытта жүзеге асырылғанына қарамастан, ұсынылып отырған қолдау бағдарламасы оқушылардың әлеуметтенуіндегі барлық бөліп көрсетілінген аялардағы өзгерістерге себепші болып отырғанын атап айту қажет, бұл лицей оқушыларының әлеуметтенуіне тиімді технологиясы екендігін көрсетеді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеудің негізгі нәтижелері талданып, тұжырымдалады және оларды пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Қазіргі кезде Қазақстанда лицей оқушыларын әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктері өте өзекті мәселе болып отыр.

Тұлға – әлеуметтену өнімі болып табылады, басқа сөзбен айтқанда, адам психикасы әлеуметтенеді және осының нәтижесі ретінде тұлғаның құрылымы туындайды, бірақ инстинкті әрекеттер, адамның психикалық реактивтілігі, бейімделудің негізгі құрылымдары, қандай да бір дағдыларды қалыптастыруға деген қабілеттілік және т.б. әлеметтенусіз-ақ жүзеге асады.

Тұлғаны әлеуметтендіруде педагогикада, психологияда прямая соединительная линия 36қалыптасқан негізгі категорияларды басшылыққа ала отырып іске асырылды.

Біздің зерттеуіміздің нәтижесі, лицейдегі тұлғаны әлеуметтендіру. Көздеген мақсатымызға байланысты әлеуметтендірудің педагогика және психология ғылымында зерттелуінің теориялық талдау корытындысындағы жалпы негізгі бағыттарын зерттеген авторлар, оның ішінде ХХ ғасырдың басында:

- ұлттық білімнің негізін салуға көңіл бөлгендер А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Әлжанов, Ж.Аймауытов, Х.Досмухамедов;

- философиялық, әлеуметтану негіздерін салушылар Б.С.Гершунский, Ғ.Есім, Ә.Нысанбаев, М.Изотов, А.Айталы;

- тұлғаны әлеуметтендіру мәселелерін қарастырғандар О.Нұсқабаев, И.С.Кон, Г.Ж.Меңілбекова, Ж.Меңдібаев;

- әдіснамалық негіздері, қазіргі жастар мәселесінің негізгі мәселелерімен айналушылар Л.В.Мардахаев, Л.И.Божович, Л.А.Борисова, В.Г.Бочарова, В.А.Краевский, Г.В.Куприянов.овал 35прямая соединительная линия 34

Довал 33емек, лицейдегі оқушылардың оқу-тәрбие үдерісінде бейімділігі мен қабілеттілігін пайдалану негізінде әлеуметтендіру мүмкіндігінің дамытуға жақсы мүмкіндік тудырып, оның деңгейін зерттеу, олардың әлеуметтенуін дарындылық деңгейімен байланыстыруда.

Жоғары сынып оқушыларын әлеуметтендірудің мүмкіндіктеріне:

- бірінші, әлеуметтік мәні бар қатынастарды меңгеруге;

- екінші, тұлғаның өзін-өзі тануға және өзін-өзі іске асыруға мүмкіндік жасау;

- үшінші, белсенді әлеуметтік, азаматтық көзқарасын қалыптастыру.

Қазіргі кезге дейін әлемдік практикада балалардың дарындылығын қолдау және зерттеу жайлы едәуір тәжірибе жинақталған болатын.

Білім беруде заман талабына сай жаңа технологияларды ендіре отырып, оқыту үрдісін демократияландыру және ізгілендіру, субъект-субъект қатынасын қалыптастыру, жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына білімнің эмпирикалық деңгейден теориялық деңгейдегі білім алу әдіс-тәсілдерін меңгеру процестері басты назарға алынуда. Осы орайда, әр оқушыға тән даралық, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту сияқты мәселелер бірте-бірте шешілуі тиіс.

Дарындылыққа арналған теориялық пікірлердің, үлгілердің, тұжырымдамалардың көптігіне қарамастан, оның әлі күнге тұрақты терминологиясы қалыптаспаған, ғалымдар әлі күнге дейін осы құбылыс жайында ортақ бір пікірге келмеген, ортақ құрылымдары, даму заңдылықтары бар болса да, «дарындылықтың» нақты анықтамасы нақтыланбаған.

Теориялық қорытындыларға сүйене отырып, дарындылыққа біз мынадай анықтама бердік. «Дарындылық» бұл тұлғалық-интегралды құрылу бола отырып, шығармашылық потенциалды, жоғары деңгейлі интеллектуалды жетістікке жету мүмкіндік.

Дарындылықтың теориялық орталық ұсынымына сәйкес келетін және осы мәселе төңірегіндегі тәжірибелер жұмысына бағыт көрсететін ортақ анықтама құру мақсатында біз осы ұғымды интегративті, тұтастай жағынан қарастыруға тырысамыз. Дарындылықты зерттеуге интегративті тұрғыдан қарауға ұмтылу оның маңызды бағытын анықтау мүмкіндіктерін беретін ең негізгі шарт.

«Дарындылықтың» анықтамасын лицей оқушыларына қатысты қолданған кезде, біз әр балаға байланысты әлеует мүмкіндіктердің дамуының белгілі бір деңгейі жөнінде айтылатын «жеке тұлғаның әлеуетін» қарастырамыз. Дарындылық әлеуеттің негізгі сипаты деп, іс-әрекет үрдісі кезеңінде пайда болатын және дамитын мүмкіндіктерді айтамыз. Барлық арнайы қабілеттіліктер іс-тәжірибе барысындағы нақты шарттардың әсерінен дамиды. Осы теориялық қорытындылардан мынадай тұжырым шығады:

«Дарындылық» – бір немесе бірнеше іс-әрекеттерде ерекше жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін тұлға мүмкіндіктерінің өзіндік бірігуі арқылы анықталатын, интеллектуалды және шығармашылық әлеуеттің ең жоғарғы деңгейінен көрінуіне әсер ететін интегралды-тұлғалық білім көрсеткіші.

Сонымен, дарындылықтың сәтті дамуына жас ерекшелігі, арнайы талаптар, әлеуметтік қоршаған орта (оқу, жанұя, тұлғалық қарым-қатынас, әлеуметтік-мәдени орта) да қажет.

Л.М.Нарықбаеваның пікірінше, «дарынды бала» – белгілі бір іс-әрекетті сәтті орындау кезінде өзін көрсете алатын, жас ерекшелігімен салыстырғанда интеллектуалды және шығармашылық әлеуеті мейлінше жоғары дамыған бала.

Дарындылықтың қалыптасуы өте күрделі әлеуметтік-психологиялық құбылыс.



РЕЗЮМЕ
Ярба Айнагул Хабдулкакимовна

Психологические возможности социализации учащихся лицея

на реферат магистерской диссертации на соискание академической степени магистра педагогики и психологии

по специальности 6М010300 – «Педагогика и психология»

Цель и задачи исследования: исследование наиболее важных теоретическо-методологических и психологических проблем возможностей социолизации учащихся лицея, роль адаптации и способностей учащихся в становлении личности.

Достижение поставленной цели предполагает решение следующих исследовательских задач:



  • обосновать социальную значимость социализации учащихся лицея в современном обществе;

  • провести анализ теоретических взглядов на проблему социализации личности в психолого-педагогической литературе;

  • раскрыть сущность понятий «социализация», «адаптация», «способность», «одаренность» и их роль в формировании личности;

  • выявить возможности психологической социализации в условиях лицея-интерната;

  • разработать прогностические технологии для развития психологических возможностей социализации учащихся лицея.

Объект исследования: психологические возможности социализации учащихся лицея в учебно-воспитательном процессе.

Предметом исследования выступает раскрытие психологических возможностей социализации на основе использования способностей и адаптации учащихся лицея.

Научная новизна диссертационного исследования определяется концептуальным подходом к изучению психологических проблем социализации личности, что нашло выражение в следующем:

- проведен анализ учащихся лицея как объекта исследования, который позволил раскрыть и развить интеллектуальные и творческие способности порождающих их одаренность;

-определены факторы социализации личности;

-раскрыто содержание психологических возможностей социализации.



Теоретическая и практическая значимость исследования. Материалы диссертационного исследования могут быть полезны в научно-педагогической деятельности и представлять интерес для психологов- практиков, занимающихся проблемами социализации учащихся в современном обществе. Основные теоретические выводы, полученные в результате проведенного исследования, могут использоваться для расширения поля психологии учащихся и социальной адаптации, дальнейшей разработки теоретико-методологических положений анализа социализации личности.

Основные положения и выводы работы могут использоваться в учебном процессе и служить теоретико-методологической основой при разработке базисных курсов психологии и социологии по проблемам психологической социализации личности.



SUMMARY

Yarba Ainagul Khabdulkakimovna
Psychological possibilities of socialization of pupils of lyceum

is submitted for the academic master’s degree on education

of 6М010300 – Pedagogic and psychology speciality

The purpose and tasks of researching : research of the most important theoretical and methodological and psychological problems of possibilities of socialization of pupils of lyceum, the role of adaptation and abilities of pupils in personality formation.

The achievement of a goal assumes the solution of the following research tasks:

- to prove the social importance of socialization of pupils of lyceum in modern society;

- to carry out the analysis of theoretical views of a problem of socialization of the personality in psychological-pedagogical literature;

- to open essence of the concepts "socialization", "adaptation", "ability", "endowments" and their role in personality formation;

- to reveal possibilities of psychological socialization in the conditions of lyceum boarding school;

- to develop prognostic technologies for development of psychological possibilities of socialization of pupils of lyceum.

Object of research: psychological possibilities of socialization of pupils of lyceum in teaching and educational process.

As object of research disclosure of psychological possibilities of socialization on the basis of use of abilities and adaptation of pupils of lyceum acts.

Scientific novelty of dissertational research is defined by a conceptual approach to studying of psychological problems of socialization of the personality that found expression in the following:

- the analysis of pupils of lyceum as object of research which has allowed to open and develop intellectual and creative abilities generating their endowments is carried out;

- factors of socialization of the personality are defined;

- the maintenance of psychological possibilities of socialization is opened.



The theoretical and practical importance of research:

Materials of dissertational research can be useful in scientific and pedagogical activity and it will interest for psychologist probationer who are taking up the problems of socialization of pupils in modern society. The main theoretical conclusions received as a result of carried-out research, can be used for expansion of the development of psychology of pupils and social adaptation, further development of theoretical-methodological provisions of the analysis of socialization of the personality.



The basic provisions and conclusions of work can be used in educational process and form a theoretical-methodological basis when developing basic courses of psychology and sociology on problems of psychological socialization of the personality.
rectangle 19rectangle 20rectangle 21

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет