Ю. А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстарының сараптамасы



бет52/99
Дата13.04.2024
өлшемі1.63 Mb.
#498561
түріҚұрамы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   99
Мақсаты: Салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы ортаны қалыптастыру, оқушылардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дамыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру.
Мектебіміздің бірінші қабатында «Денің сау болса, бәрін аласы», «Мектебіміздің спорт мақтаныштары» тақырыбында стенд ұйымдастырылды.Ақпан айының 15-інші жұлдызында мектебіміздің бірінші қабатында ашылу салтанаты өз деңгейінде өтті.
«Денің сау болса, бәрін аласың» салауатты өмір салты кафедра апталығында атқарылған іс-шаралар:

  • «Денің сау болса, бәрін аласың» салауатты өмір салты апталығының аясында инклюзивті білім беру мамандарының ұйымдастыруымен "Қыс қызығы" атты отбасылық сайыс өтті.

Мақсаты: Ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балалармен бірге қысқы ойын-сауық атауларын бекіту, қимыл-қозғалыстарын дамыту, спорттық ойындарға қатысуға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын ояту, слауаттылыққа тәрбиелеу. Өткізгендер: Дефектолог: Б.Айнабекова, Логопед: С.Мукыжанова, Психолог: Қ.Батыкова.

  • “Менің баламның физикалық дамуы” тақырыбында ата-аналарға арналған сауалнама алынды. «Дене шынықтырудан Олипиадалық шыңдарға дейін» Олимпиада алауын жағу туралы қысқаша әңгіме.

  • “Денешынықтыру сауаттылығы-теориялық және практикалық” тақырыбында 8-9 сынып оқушыларынан тест алынды. «Баскетбол мергені» сайысы өтті. І орын- 11 «А», ІІ орын - 11 «Б», ІІІ орын - 9 «Б» сыныптары қатысып жеңіске жетті. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:Р.Қ.Қосыбаев.

  • Өнегелі өмір» жобасы аясындасамбодан Әлем Чемпионатының жеңімпазы Жананиет Рахат Берікұлымен онлайн кездесу. 10 «Б», 10 «А», 10 «В» сынып оқушылары. Өткен күні: 15.02.2022жыл. Мақсаты: Өскелең жас ұрпаққа ауданымыздың намысын қорғап, абыройын асқақтатқан Жананиет Рахаттың үлгісінде салауатты өмір салтын ұстануға, өз туған еліне қызмет көрсетуге тәрбиелеу.Жауапты мұғалімдер: Г.Бимакаева , А.Қоянбаев.

  • Тәлімгерлік/Наставничество мастер класс. Тақырыбы: Спорттық ойын волейбол. Мұғалім: Ж.Махмутов

  • 1-4 сынып аралығында «Олимпиадалық қозғалыс. Өткені мен бүгіні» спорттық танымдық сабақ өтті

  • 2-3 сыныптар аралығында "Отбасы денсаулығы-басты құндылық" сауалнамасы алынды.

  • «Дені сау болу – cәнді!» флешмоб өткізілді. Флешмоб жоғары сыныптың жасұландықтарының әзірлеуімен 5-сыныптар аралығында өткізілді. Оқушылар спорттық флешмоб биі арқылы салауатты өмір салтын сақтаудың маңыздылығын, спорттың адам өмірінде алатын орнын ұғынып, шығармашылықтарын арттырды. Жауапты: Н.Жеңісов, Г.Жумабекова.

  • 6-сыныптар аралығында «Спорт әлемі!» атты интеллектуалды викторина өтті. Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу. Өткізгендер: денешынықтыру пәнінің мұғалімі Қасым Б., математика пәнінің мұғалімі Сулейменова Б.К., «Жасұлан» ұйымының тәлімгері Жумабекова Г.К. 

  • 7-ші сыныптармен "Ойын әлемі!" әлем елінің ойындары туралы танымдық сағаты өтті. Мақсаты: Әлем еліндерінің үстел ойындарының түрлерімен танысу, үстел ойындарының артықшылықтарын айқындау.

  • «Күш, сұлулық және денсаулық!” фитнес биі
    Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Балалардың спорттқа деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа, батылдыққа баулу. Өткізген Коянбаев А.К.

  • «Таң, жаттығулардан басталады!” Таңертеңгілік жаттығу 11 сыныптар арасында. Мақсаты: таңертеңгі жаттығу денсаулықты нығайтуға, орагнизімді жетілдіру мен шынықтыруға, жұмыс қабілетін арттыруға әсер етеді. Жауапты ұстаздар: А.Есжанов, А.Нокин.

  • 1-4 сыныптар мен ата-аналар аралығында «Дені сау отбасы-дені сау балалар» спорттық сауықтыру челленджі өткізілді.

  • «Салауатты өмір салты» апталығы аясында 1-4 сыныптармен сабақта және үзіліс кезінде қозғалмалы жаттығулар жасалды.

  • 5-11 сыныптар аралығында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру " тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

  • 11 «А» сыныбында тәлімгерлік сабақ: Баскетбол допты торға лақтыру техникаларын және шабуылда, қорғаныста ойнау әдістерін үйрету. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Б.А.Қасым.

  • 5-сыныптар аралығында “Мини-футбол” турнирі өтті, жауапты ұстаздар: Ж.Махмутов, Р.Қосыбаев. І орын- 5 "Д", ІІ орын -5 "В", ІІІ орын - 5 "Б" сыныптары жеңіске жетті. 

  • Неделя физической культуры "Здоровым будешь, все добудешь"
    «Сила, красота и здоровье» 9 "Д" класс 2021г. провела В. И. Сайко.

  • «Мен спортты сүйемін» сайысының «Жерден жатып кеудені көтеру», «АК-74 макетін шашып-жинау» «Ақсауыт» ӘСК мүшелері арасындағы жарыс. Осындай іс – шаралардың өтуі оқушылардың намыстарын оятып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыра түседі. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Жеңісов Нұрбол Жеңісұлы.

  • 9,11 сыныптар аралығында “Волейбол” сайысынан мини-турнир өтті. І орын- 11 “А”, ІІ орын - 9 “Б”, ІІІ орын - 11 “Б” сыныптары жеңіске жетті.

  • 8-сынып оқушыларымен "Менің отбасым және дене тәрбиесі" отбасылық спорт әулетімен кездесу өтті. Оспанов Дәрібай Қараманұлы және Дәрібайұлы Абдулкәрім. Дәрібайұлы Абдулкәрім Пауэрлифтингтен үш дүркін әлем чемпионы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері». Дәрібай Оспанов «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спортымызды өркендетуге үлес қосып жүрген азамат,білікті маман,тәжірибелі жаттықтырушы,спорт шебері,талай жарыстарда жүлделі орындарды қанжығасына байлаған,қазақтың талай баласын спортқа баулыған спортшыларымызбен өте қызықты,мағыналы өтті. Жауаптымұғалімдер: МахмутовЖ.Д., Ишмагамбетова Р.О.

  • 1-4сыныптар арасында "Қысқы спорт түрлері" тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды қысқы ойын түрлерімен таныстырып, салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Жауапты мұғалім: М.Т.Токбалина.

  • “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында «Денің сау болса, бәрін аласың» атты салауатты өмір салты кафедрасының апталығында 6-7 сынып оқушыларының боксшы Ақселеуов Асхат Тажібайұлымен кездесу өтті.

  • 5 "Г" сыныбымен өткізілген "Көңілді қоңыраулар "флешмобы. Флешмоб мақсаты:би арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, оқышыларды шығармашылыққа бейімдей отыра, спортқа деген қызығушылықтарын, салауаттарын арттыру. Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі: Н.Жәкен.

  • Ю.А.Гагарин атындағы мекте-лицейінде ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Денің сау болса, бәрін аласың» атты салауатты өмір салты кафедрасының апталығында 8- сынып оқушыларымен тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионы Қожанасіп Асылхан Азаматұлымен кездесу өтті.
    Мақсаты: Спорт жолының қызықты да қиын сәттерімен ой бөлісіп, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
    Жауапты мұғалімдер: А.Есжанов

  • Шет ауданы, Ақадыр кенті, Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейі «Жас ұлан» ұйымының «Денің саудың – жаны сау» салауатты өмір салты кафедрасының апталығы аясында өткізген «Дұрыс тамақтану әдебі» танымдық сабағы.
    Мақсаты: Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Дұрыс тамақтана білу мәдениетіне тәрбиелеу. Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға үйрету. Сабақ тақырып бойынша бейнероликтер көрсетумен қатар, танымдық сайыс түрінде өтті. Оқушылар дұрыс тамақтану әдебі, салауатты өмір салтын сақтау туралы ойларымен бөлісті. Бар білімдерін ортаға салды. Тәлімгер жасұландықтарды дұрыс тамақтану әдебімен таныстырып қана қоймай, ондай әдептің адам өміріндегі маңыздылығын көрсетті. Соңында оқушылар кері байланыс жасап, алған әсерлерімен бөлісті. Өткізген: "Жас Ұлан" ұйымының тәлімгері Жумабекова Г.К.

  • Мен Чемпион эстафетасы 9 сыныптараралығындаөтті. 1-ші орын 9 В, 2-ші орын11 А, 3-ші орын 9 Г.

  • 5-7сыныптар арасында «Мен және спорт» аттысуреттербайқауыөтті. Байқау мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, олардың жалпы спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылық қиялын дамыту. 1орын — 6 «Г» сынып оқушысы Қанат Наурыз; 2 орын — 7 «А» сынып оқушысы Аманғали Еркеназ; 3 орын — 5 «Б» сынып оқушысы Қойқатов Асылжан.
    Сурет байқауына жауаптылар: Кокжалова Г.К, Кашанов Н. Т. 

  • Шет ауданы, Ақадыр кенті «Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейі» КММ 21-26 ақпан аралығында «Денің саудың – жаны сау» атты тақырыпта сауықтыру апталығы аясында салауатты өмір салтын ұстануға байланысты 4 «Б» сыныбында «Таңғы жаттығудың пайдасы» атты тақырыпта видеролик түсірілді. Мақсаты: Таңғы жаттығулар жасай отырып, оның пайдасын білу. Салаутты өмір салтын ұстану әр оқушының міндеті. Денің сау болсын десең, таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдыру керектігіне тәрбиелеу.

  • 7 сынып оқушылары арасында "Менің сау болғым келеді,себебі" тақырыбында эссе байқауы өтті. Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету, денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екендігін түсіндіру.

  • Zoom платформасында «Әкем, анам және спорттық отбасымын!» ата-аналармен спорттық ойын. Мақсаты: дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға уәждемені қалыптастыру.

  • 9 сыныптар аралығында “Скиппинг” арқанмен секіру сайысы өтті.
    Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау; мектептің арқан тартысындағы үздік секірушілерді анықтау; балаларды спортпен айналысуға тарату; жауапты: дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері: А.З.Тусупов, А.Қ.Қоянбаев.

«Денің сау болса, бәрін аласың» салауатты өмір салты кафедра апталығы өз деңгейінде жақсы өтті.

Салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы ортаны қалыптастыру, оқушылардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дамыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатында жоспарланған іс-шараларға оқушылар,ата-аналар және ұстаздар белсене қатысты. Спорттық сайыстарға, эстафеталарға, ойындарға, әскери спорттық жарыстарға, ашық тәрбие сағаттарына белсене қатысқан оқушылар мадақтамалармен марапатталды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет