Қазақстан картасының қасында
Қазақстан Орталық Азияда. Солтүстікте Ресеймен, Шығыста Қытаймен, Оңтүстікте Қыр-
ғызстанмен, Өзбекстанмен, Түркменстанмен шектеседі, Батысында Каспий теңізі бар, Қа-
зақстанның жер аумағы – 2 717300 шаршы км. Астанасы – Астана. Басты қалалары: Алматы,
Қарағанды, Шымкент, Семей, Павлодар.
154-жаттығу.
Асты сызылған сөздерді төрт құбыланың атымен атаңыз (мысалы
оңтүстік, оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс). (Замените выделенные словосочетания назва-
ниями стран света и их частей. Например: юг, юго-запад, юго-восток).
Әлемдегі ірі арал Гренландия Атлант мұхитының солтүстік бөлігінде орналасқан. Ко-
лумбия Оңтүстік Американың солтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Ертең Қазақстанның
шығыс бөлігінде күн ашық болады, Балтық жағалауының солтүстік бөлігінде күн бұлтты
болады, мүмкін жауын-шашын болады, ал Белоруссияның оңтүстік бөлігінде жаңбыр жа-
ууы ықтимал.
155-жаттығу.
Картаны пайдаланып, континентті атаңыздар. Әрбір континенттен бірне-
ше мемлекетті атаңыздар. Олар континенттің қай бөлігінде орналасқан, осы мемлекеттің
қай бөлігінде олардың астанасы және басқа ірі қалалары, көл, өзен-теңіздері орналасқан?
Достарыңызбен бөлісу: |