З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


біз театрға барып, билет алып үлгердік



Pdf көрінісі
бет156/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

1. ... біз театрға барып, билет алып үлгердік.
а) түскі тамақ
б) түскі үзілісте
с) түскі үзіліс
2. Құстар, әсіресе, ... әдемі ән салады (поют).
а) таң алдында
б) таңмен бірге
с) таңмен
3. ... жылы үйде отырған жақсы.
а) жаңбыр
б) жаңбырмен
с) жаңбырда
4. Өкінішке орай, жастар кітапты аз оқи бастады.
а) интернет ғасырында
б) интернет ғасыры
с) интернет ғасырымен
5. Мына мәтінді ... сөздік пайдалану керек.
а) аудару
б) аударғанда
с) аударумен
243-жаттығу. Мәтінді оқыңыз. 
Сағаттар тарихы
Күн адамдарға алғашқы сағат ретінде қызмет еткен. Күн неғұрлым көтерілген сайын түс 
мезгіліне жақындады. Ал күн көкжиекке жақындаған сайын кешкі мезгілге жақындады. 
Уақытты өлшеудің алғашқы құралы күн сағаты болды. Оны пирамида дәуірінде ойлап 
тапты.  Адамдар  заттардың  көлеңкесі  күндіз  өзгеретінін  байқаған.  Таңертең  көлеңкенің 
ұзын  болатынын,  түске  қарай  қысқаратынын,  ал  кешке  қарай  тағы  да  ұзаратынын  бай-
қаған. Күндіз көлеңкенің де бағыты өзгеріп отырады. Осы құбылысты күн сағатын жасау 
үшін падаланған.


120
 Ерте кезде Египетте, Грецияда, Қытайда және басқа елдерде күн сағатын кең тұрғыда 
пайдаланған. Олар негізінен уақытты дәл көрсеткен, алайда бірқатар кемшіліктері болған: 
оны  күн  батқанда,  түнде,  бұлыңғыр  ауа  райы  кезінде  пайдалана  алмайсыз.  Бұған  қара-
мастан оларды Бірінші Петр кезінде де пайдаланған.
  Біздің эрамызға дейінгі ІІ мыңжылдықта құм сағатын ойлап тапқан. Олар тәуліктің кез-
келген уақытында кезкелген ауа райында жұмыс істей береді. Тіпті біздің кезімізде де құм 
сағаттар медициналық практикада, химиялық лаборатарияда, сабақта қолданыста. 
 Қолайлырақ сағаттардың бірі – от сағаттар болды. Оны шахтада пайдаланды. От сағаты 
– белгілі бір уақыт ішінде жанып бітетін майы бар ыдыс. Май жанып біткенде, адамдар жұ-
мысын тоқтатады. Сонымен қатар от сағаты май шам ретінде де пайдаланылды.
Қытайда, Египетте, Грецияда су сағаты танымал болды. Онымен уақытты бір ыдыстан 
екінші ыдысқа ағу жылдамдығы арқылы білді.
Уақыт өлшеу құралдары техникалық үрдістің даму кезінде жетілді. ХІ ғасыр соңында, 12 
- ғасырдың басында механикалық сағаттар ойлап табылды. Осындай сағаттар ХVІ ғасырға 
дейін сағаттық тілі біреу болса да, дәлдігі төмен болса да оларда қазіргі қабырға сағаттары-
ның барлық детальдары негізінен болды. 
 Одан бері қанша су ақты. ( Много воды утекло с тех пор!) Өзіңіздің қол сағатыңызға қа-
раңызшы, адамзат тарихында олардың қандай жолдардан өткенін есіңізге түсіріңіз. 
( Л. С. Хренов және И. Я. Голубтың « Время и календарь» кітабынан).
Тапсырмалар:
Мәтіннен мезгіл құрылымды сөйлемдерді табыңыз.
Мәтінде айтылған күн сағатын, құм сағатын, су сағатын, от сағатын салыстырыңыз.
Қандай сағат (механикалық па, электронды ма) тағасыз? Неге?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет