З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет170/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

Салдардың берілуі
(выражение следствие)
280-жаттығу. Сөйлемдерді сондықтан жалғаулығын пайдалана отырып, жазыңыздар.
Ағаш судан жеңіл, ол суға батпайды, қалқиды, жүзеді. Алюминий (Al) және қорғасынның 
(Pb) салмағы әр түрлі, әр түрлі температурада ериді, бұл металдардан құйма жасау мүмкін 
емес. Кез келген химиялық реакция кезінде атомдардың орны алмасады, олардың арасын-
дағы ескі байланыстар жоғалып, жаңасы пайда болады.
281-жаттығу.  Өзіңіздің  мамандықтарыңыздың  материалы  негізінде  жалғаулықтарды 
(сондықтан,  нәтижесінде,  салдарында  т.б.)  пайдалана  отырып,  салдар  мәнді  сөйлемдер  
жазыңыздар.
282-жаттығу. Екі жай сөйлемнің мазмұнын бір сөйлеммен жазыңыз.
1. Сынап (Н2) 70° С нөлден төмен температура кезінде қатады. Сынапты термометр төмен 
температураны өлшеу үшін жарамсыз.
2. Натрий (Na) – жылуды жақсы өткізеді. Натрий кейде 450-600° мөлшерінде бір қалып-
ты жылыту қажет болған кезде пайдаланылады.
3. Голографиялық әдіс әлемде кең қолданыс тапты. Ол ғарышты, есептеу техникасын, 
медицинаны және ғылым мен техниканың басқа салаларын зерттеу үшін өте маңызды.
283-жаттығу.  Өз  еліңіздің,  ауданыңыздың  қызықты  маңызды  жерлері  туралы  әңгіме-
леңіздер. Әңгімеде ол не үшін маңызды, қызықты көрсетіңіз. Себеп-салдарлық қатынасты 
білдіру үшін әр түрлі тілдік құралдарды пайдаланыңыз. Әңгімеңізді жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет