18. Оқиға, іс-әрекеттің әр түрлі фазаларының берілуі (Обозначение различных фаз действия, события) • Іс - әрекеттің әр түрлі фазаларының берілуі. 384-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Іс-әрекеттердің әртүрлі фазада (басталуы, жалға- суы, аяқталуы) берілуін білдіретін сөз тіркестерін көрсетіңіз. Осы мектепте шет тілін оқыту екінші сыныптан басталады. Ол мені мұқият тыңдады да,
менің адамдармен жанжалдасу себептерімді түсіндіре бастады. Мен оған ескерту бердім,
158
бірақ ол сөйлеуін жалғастыра берді. Мен кешке таман хатымды аяқтадым. Ол өзінен ақын
шықпасын білген соң, өлең жазуын тоқтатты. Айдын бірнеше рет темекіні тастады.