«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы
-
Заң жобасының атауы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистикасны және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы.
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігіне негіздеме
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистикасын және авиатасымалын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалдық реформасын іске асыру бойынша 100 нақты қадам - Ұлт жоспарының № 58, 65, 67, 68 және
73-қадамдарын іске асыру мақсатында әзірленді.
Ұлт жоспарының 58-қадамы жол-көлік инфрақұрылымын күтіп ұстау және дамыту жөніндегі Бірыңғай ұлттық операторды құру үшін стратегиялық (якорлық) инвесторларды тартуды көздейді.
2013 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне автожол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануымен қазақстандық автожол саласын әлемдік автожол жүйесінде ықпалдастырудың негізі қаланды. Реформаның нәтижесінде автожол саласын басқарудың мемлекеттік жүйесі өзгертілді, жаңа субъект – бұрын уәкілетті мемлекеттік органға жүктелген бірқатар функциялар берілген автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық оператор (бұдан әрі – Ұлттық оператор) құрылды.
Осы шаралар мердігер ұйымдар жүргізетін жол-құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін ұйымдастыру және күнделікті мониторинг жүргізу сияқты мемлекеттік органдардың бірқатар функцияларын жартылай алып тастауға мүмкіндік берді және автомобиль жолдары саласындағы бірыңғай мемлекеттік және ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыруды, автомобиль жолдарын дамытуда мемлекеттік жоспарлауды, жол секторының қызмет ету тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді топтастыруға және т.б. мүмкіндік берді. Өз кезегінде, «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңының 30-бабына сәйкес Ұлттық оператордың өкілеттілігіне автомобиль жолдары желісін дамыту бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды ұйымдастыру, мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау сапасын ұйымдастыру және бақылау жүргізу, ақылы автомобиль жолдары бойынша жол жүргені үшін ақы алу қызметтері жатқызылған.
Осы заң жобасының қажеттілігі стратегиялық инвесторларды тарту арқылы Қазақстан Республикасының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жүйесін жетілдіру мақсаттылығына негізделген.
Сонымен қатар, автожол саласын реформалаған және автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық оператор құрылған сәттен бастап ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінде автожол саласын стратегиялық және нормативтік реттеуді жүзеге асыру бойынша уәкілеттіліктер сақталған.
Екі жыл бойы жүргізілген реформаның нәтижесінде және құқықтық мираскерлікті беру тәжірибесі заңнаманы одан әрі жетілдіруді және автожол саласын реформалаудың екінші кезеңін өткізу қажеттілігін көздейді.
Осы заң жобасы Қазақстанның көлік инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру және дамыту бойынша міндеттер мен шараларды, атап айтқанда, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстауға және пайдалануға қатысты қаржы және басқару аспектілерінің барлық кешенін басқаруды жетілдіруді, ақылы автомобиль жолдарының ұзындығын арттыруды, ақы алу жүйесін жетілдіруді және оларды одан әрі автоматтандыруды көздейді.
Осы міндеттер мен шараларды іске асыру мақсатында автожол саласын реформалауды жалғастыру күтіледі, ол үшін мынадай тұжырымдамалық көзқарастар анықталды:
-
Ұлттық оператормен жол-көлік инфрақұрылымын күтіп ұстауды жүргізу;
-
Ұлттық операторға Қазақстан Республикасының халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына ақы алу жүйесін тиімді енгізу және одан әрі қызмет етуі үшін жағдай жасау;
-
автомобиль жолдарын Ұлттық операторға сенімді басқаруға беру арқылы республикалық бюджетке салмақ түсіруді азайту мақсатында Ұлттық операторға салу, қайта жаңарту және ақылы қозғалысты ұйымдастыру жұмыстарын орындауға өздігінен инвесторлардың қаражатын тарту мүмкіндігін ұсыну;
-
Ұлттық оператордың кірісін арттыру және автомобиль жолдары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органға салмақ түсіруді азайту мақсатында Ұлттық операторға жобаны басқару мүмкіндігін беру;
-
Ұлттық оператордың мемлекеттік органдармен ақылы автомобиль жолдарын пайдаланушылардың жауапкершілігін арттыру бөлігінде өзара әрекеттесуін күшейту;
-
Ұлттық операторға өкілеттілік бекіту, сондай-ақ автожол саласын кешенді дамытудың негізі ретінде автомобиль жолдарының бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамыту үшін мүмкіндік беру;
-
ҚР Бюджеттік заңнамасын ескере отырып, ратификацияланған келісімдердің талаптары бойынша толыққанды төлемді жүзеге асыру;
-
кірісті арттыру және жергілікті бюджетке салмақ түсіруді төмендету мақсатында астананың және республикалық маңызы бар қалалардың көшелеріне ақылы жүйені енгізу;
-
жергілікті атқарушы органдарға елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде жұмыс түрлерін сыныптауды бекіту өкілеттіліктерін бекіту.
-
автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық операторына iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуіне арналған арнайы рұқсаттарды беру бойынша өкілеттілікті беру.
Көрсетілген тұжырымдық бағыттарды іске асыру шеңберінде стратегиялық инвесторларды тарту мақсатында автожол саласын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік беретін нормалардың кешенін қабылдау қажет.
1) Ұлттық оператормен жол-көлік инфрақұрылымын күтіп ұстауды жүргізу.
Қазіргі уақытта автожол саласын басқару жүйесінде Ұлттық оператормен қатар жеке-дара қызмет атқаратын және автомобиль жолдарын «Қазақавтожол» РМК тікелей қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, «Қазақавтожол» РМК- ның Ұлттық операторларға қосылуы туралы мәселе 2012-2013 жылдары автомомбиль жолдарын реформалауды жоспарлау кезінде туындады және инвестицияларды тартудың бір жолы ретінде, қазіргі уақытта саланы оңтайландыруды басқару қажеттілігін ескере отырып, баламалы қаржыландыру көздерін іздеу мәселесі қайта туындады.
Біріншіден, барлық жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдары секілді облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау бойынша қорды, технологиялық және қызметтерді топтау қажет;
Екіншіден, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында тиімді және сапалы қызмет көрсету мақсатында автомобиль жолдарының жалпы басқару жүйесін құру қажет.
Одан өзге акционерлеу бұдан әрі қосу нәтежиесінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау және көгалдандыру жұмыстарын орындауға мүмкіндік туады.
Қазіргі уақытта «Қазақавтожол» РМК-мен автожолдарда күтіп-ұстау (14 млрд.тенге) бойынша жұмыстарды орындайтын және ақылы жолдарды енгізуге байланысты жұмыс көлемінің қысқаруы негізінде, осы жұмыстарды барлық қажетті ресурстарды иемдене отырып Ұлттық оператор толық қамтамасыз ете алады. РМК мен Ұлттық оператор құрылымдарында облыстық филиалдары бар, кейәннен жұмыскерлердің саны оңтайланадырылуы мүмкін.
Күтілетін нәтежие:
1)ұқсас жұмыс түрлерін орындайтын, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуымен құрылған кәсіпорындардың санын оңтайландыру бойынша мақсат орындалатын болады. Сондай-ақ, екі шаруашылық субъектінің орнына бір коммерциялық-бағдарлық мекеме болады (Ұлттық оператор, қамтамасыз етуді орындайды). Құрылымды оңтайландыруды басқару әкімшілік-басқару персоналының санын 20%-ға қысқартуға мүмкіндік береді, шығындарды азайту мақсатында еңбек және материалдық ресурстардың тиімділігін арттыру көзделген;
2) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйі мен дамуына бірыңғай жауаптыны анықтау, көліктік инфрақұрылымының дамуы Ұлттық оператормен іске асырылады және бұл бағытта республикалық бюджет қаражаттарын ғана емес, сонымен қатар инвестицияларды тарту, соның ішінде қарыз есебінен іске асырылады.
Осы мақсатқа байланысты ҚР «Автомобиль жолдары туралы» заңының 30-бабына өзгертулер енгізу қажет.
2) Ұлттық операторлар үшін Қазақстан Республикасының халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында төлем алу жүйесін енгізу және одан әрі жұмыс істеуі үшін жағдай жасау.
Бекітілген 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Ұлттық оператор мен автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік органның алдында 6 200 км автомобиль жолында ақы төлеуді енгізу міндеті қойылды. «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңының 30-бабында Ұлттық операторда тиісті өкілеттік бар, атап айтқанда ақылы автомобиль жолдары қызметін ұйымдастыру және ақылы автомобиль жолдары пайдаланушылардан ақы алу. Алайда, ақы алу жүйесін енгізу үшін Ұлттық операторға бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, тиісті жабдықтарды: бақылау аркасын, бекіту камерасын сатып алу және орнату; ақы алу жүйесінің жұмысын реттеу; персоналды аппараттық кешенмен жұмыс істеу үшін оқыту. Бұл ретте бүкіл осы іс-шаралар «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңы 5-1-бабының
1-тармағында көзделген автомобиль жолдарының техникалық санаттарға сәйкес келу шартында өзекті болады.
Бағдарламалық құжаттармен қойылған міндеттерге қарамастан, оларға қол жеткізуге қаражаттар республикалық бюджетте көзделмеген. Тиісінше, инвесторлардың қаражатын тарту кезінде оларды өтеу көздері бойынша мәселе туындайды.
Сонымен бірге, ақылы автомобиль жолдары (учаске) пайдаланушылар үшін қолайлылықтың үлкен деңгейін талап етеді, осыған байланысты Ұлттық операторға қосымша санитарлық тораптарды, ауа райлық датчиктерді және өзге де қосымша конструкцияларды орнату мен күтіп ұстау сияқты пайдаланушыларға қолайлылықты қамтамасыз ету үшін қаражат қажет. Бұдан басқа, Ұлттық оператордың ақылы жолды күтіп стауы дербес жүзеге асыратындығынан да жол-құрылыс техникасын сатып алу үшін қаражат қажет.
Осылайша, жоғарыда аталған іс-шараларды қаржыландыруға қажеттіліктің болуын және осы мақсаттарға республикалық бюджетте қаражаттың болмауын ескере отырып, инвестицияларда қайтару, тиісті күтіп ұстауды қамтамасыз ету және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін ақылы автомобиль жолдарын пайдаланудан түскен қаражатты нысаналы бағыттау тізбесін кеңейту қажет.
Осы мақсатта «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңы 5-бабының
5-тармағына түзетулер, сондай-ақ «ақылы қозғалысты енгізу» ұғымын енгізу қажет.
Сондай-ақ заң жобасы шеңберінде ІІІ техникалық санатты жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары арқылы жүріп өту үшін, бірақ тек жүк көлігі үшін ақы алу мүмкіндігі көзделген. Аталған шара бір жағынан жеңіл автомобиль иелері тарапынан әлеуметтік толқуларды болдырмауға, екінші жағынан ІІІ техникалық санатты автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге республикалық бюджеттен шығындарды едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Түзету жол төсемінің елеулі тозуына дәл осы жүк автокөліктері әкеледі және ақылы жолдарды пайдалану үшін негізгі пайда жүк көлігі иелерінен түсуде.
-
Ұлттық операторға республикалық бюджеттің жүктемесін төмендету мақсатында ұлттық операторға сенімді басқаруға автомобиль жолдарын ұсынумен өздігінен құрылыс, қайта жаңарту, ақылы қозғалысты ұйымдастыру бойынша жұмыстарды орындауға инвестор қаражатын тарту мүмкіндігін ұсыну.
Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашада жарияланған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы Қазақстан Республикасының автожол саласы жобаларын іске асыруға жаңа серпіліс берді. Сонымен бірге бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі жағдайында альтернативті көздерді іздеудің және тартудың объективті қажеттігі туындайды, және тиісінше жобалардың инвестициялық тартымдылығын жоғарылату, займ қаражатын тарту, республикалық бюджет қаражатын орынды шығындау қажеттігі туындайды.
Бұл ретте қаржыландырудың альтернативті көздерін іздеу қарастырылған және оперативтілік шартына жауап бермейтін іс-шараларда негізделмейді, инвестицияларды тартудың одан да икемді механизмі қажет. Бұл механизм Ұлттық оператордың займ келісімдерін жасау арқылы инвестор қаражатын өздігімен тарту көрінеді. Бұл ретте займды алу ақыны алу жүйесін енгізу жобаларына да, автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта жаңарту жобаларына алу жоспарлануда.
Ол үшін «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңына бірқатар түзетулер ұсынылады. Бірінші кезекте, бұл 4-б. 7-т. – Ұлттық операторға сенімді басқаруға автомобиль жолдарын тапсыру мүмкіндігі. Бұл өзгерту Ұлттық оператордың автомобиль жолына қатысты кез келген әрекетін заңды түрде іске асыруы үшін қажет, осы жағдайда бұл құрылыс, қайта жаңарту және ақы алу жүйесін енгізу үшін мердігер ұйымдарды тарту, өйткені сенімді басқарушы ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес нысанның иесі іске асыра алатын кез келген әрекеттерді іске асыруға құқылы. Бұл ретте нысанда орындалуы жоспарланған барлық жұмыстар сенімді басқару келісімінде ескерілетін болады.
Екіншіден, «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңының 29-б. белгіленген заңмен тыйым салынбаған Ұлттық оператордың кез келген қаржыландыру көздерін тарту құқығын нақтылау қажет, түрлі түсіндірмелерді болдырмау үшін бұндай тарту мақсатын нақтылау және ұлттық оператордың одан әрі жауапкершілігін анықтау қажет. Ұқсас түзету Заңның 5-б. 3-т. енгізу қажет, ол тармақ ақылы автожол қандай көздер есебінен құрылатынын анықтайды.
Сонымен бірге «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңының 30-б. қолданыстағы редакциясында Ұлттық оператордың барлық өкілеттігі мемлекеттік тапсырмаға байланысты анықталған, алайда біз республикалық бюджетте қаржаттың болмауы жағдайын және тиісінше мемлекеттік тапсырма шартының болмауы жағдайын қарастырудамыз. Осыған байланысты, аталған бапты Ұлттық операторды инвестициялар есебінен қаржыландырылатын халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрылысын, қайта жаңартуын ұйымдастыру, олардағы ақылы қозғалысты ұйымдастыру бойынша жобаларды іске асыру бойынша өкілеттілікпен толықтыру ұсынылуда.
Алайда, Ұлттық оператордың оған сенімді басқаруға тапсырылған автомобиль жолдарында құрылыс, қайта жаңарту және ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін инвесторлар қаражатын өздігімен тарту құқығының ғана болуы жеткіліксіз. Кез келген қарыз алу кезінде кредитті қамтамасыз ету мәселесі туындайды. Осыған байланысты, Ұлттық оператормен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бойынша қаражатты тарту жоспарлануда.
Алайда, мемлекеттік емес займ бойынша мемлекеттік кепілдікті алу үшін заңды тұлғаға бірқатар талаптар қойылады, оның ішінде Ұлттық оператор тұлғасында қарыз алушыдан мемлекеттік кепілдік сомасынан 0,2 пайыз көлемінде төлем алынады, сондай-ақ контркепілдіктің болуы және 30% жеке капиталының болуы қажет. Сонымен қатар, Ұлттық оператор, жарғылық капиталында мемлекеттік жүзпайыздық қатысуы орын алған акционерлік қоғам бола тұра аталған талаптарға сай бола алмайды. Осыған байланысты, ҚР Бюджет кодексінің 215, 216-баптарына аталған талаптардың автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық операторға таралмауы бөлігіндегі бірқатар түзетулер енгізу қажет. Сонымен қоса, «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы шеңберінде Ұлттық оператор мемлекет кепілдігі бойынша инфрақұрылымдық облигацияларды шығаруды қарастыратын жобаларда мемлекеттік әріптестік ретінде шығуды жоспарлауда. Алайда осы жағдайда да Ұлттық операторға кепілдік бойынша инфрақұрылымдық облигацияларды шығаруға кедергі жасайтын талаптар бар. Ол үшін мемлекеттік кепілдік бөлігіндегі тзетулерге ұқсас ҚР Бюджет кодексінің 228, 229-баптарына түзетулер енгізу қажет, бұл Ұлттық оператордың инвестициялық жобаларда қатысу өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бұл ретте жеңілдікті кредиттің негізгі қарызын қайтару автомобиль жолының берілген учаскесінің өндірістік қайта жаңартуына байланысты автомобиль жолдарының қайта жаңартуына сенімді басқару бойынша капиталдық салымдар бойынша шығындарды сатылай өтеу арқылы жоспарлануда. Осы ұсыныстар «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының
75-бабына және ҚРАК 888-б. сәйкес сенімді басқарушы құқығына негізделген.
Осылайша, осы түзетулерді қабылдау Ұлттық операторға қаржыландырудың альтернативті көздерін табуға, автожол саласының жобаларына тартуға, оның ішінде ақылы қозғалысыт ұйымдастыру үшін инвесторлар қаражатын, тартылатын қаражаттың өтелу мүмкіндігі мен механизмдерін қарастыруға мүмкіндік береді, бұл одан кейін ақылы автожолдар ұзақтығының ұлғаюымен бірге республикалық бюджетке түсетін салмақты едәуір азайтуға мүмкіндік береді.
-
Ұлттық оператордың табыстылығын жоғарылату және автомобиль жолдары бойынша мемлекеттік уәкілетті органға түсетін салмақты азайту мақсатында Ұлттық операторға жобаларды басқару мүмкіндігінің тарауы.
Жоғарыда көрсетілген концептуалды тәсілдердің бірі, сонымен бірге өте перспективті, Ұлттық оператордың жобаларды басқару міндетін атқаруы болып табылады. Ұлттық оператордың жобаларды басқару бойынша міндетін атқарудың қажеттілігінің негізін салатын фактор өзін қаржылландыруға сатылай өтудегі қажеттілік болып табылады, бұл республикалық бюджетке түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ бірге жарғылық капиталында мемлекеттік жүзпайыздық қатысуы бар құрылатын акционерлік қоғамдардың коммерциялық бағытталуына бастау болады.
Сонымен қатар, «жобаны басқару» түсінігі заңмен бекітілмеген, бұл аталған түсінікті қате түсінуге және қолдануға жағдай туғызады. Бұл ретте,
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидалары бекітілді, онда бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен жобаны басқаруды жүзеге асыратын тұлғаның құқықтары мен міндеттері анықталған, ал заңға тәуелді акт, ең алдымен жобаны басқару кезінде құқықтарды іске асыру тәртібін және міндеттерді атқаруды сипаттауы, мерзімдерді және тағы басқаларды анықтауы тиіс, алайда құқықтар мен міндеттердің өздері, сондай-ақ «жобаны басқару» түсінігінің мазмұны заңнама деңгейінде бекітілуі керек. Осы түсініктің «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңында бекітілуі келесіні сипаттайды, бұл заң актісі негізін салушы салалық нормативтік акт болып табылады және құрылыс саласында, оның ішінде автомобиль жолдары саласында барлық қатынастарды реттейді.
Бұдан басқа Ұлттық оператор өзінің бар қызмет ету кезеңінде халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және т.б. бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды тиімді жүзеге асыруда. Негізінде аталған функциялар «жобаларды басқару» түсінігіне келеді, бұл Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) қызметін және міндетін атқаруды ұйымдастыру ережелерінде берілген. Сонымен бірге, Ұлттық оператордың мемлекеттік тапсырманы орындау жекелеген бюджеттік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады, сонда «жобаны басқаруды» төлеу үшін тиісті қаржыландыру нормативтері қарастырылған.
Сонымен бірге бүгінгі күні Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту тек республикалық бюджет қаражаты есебінен ғана емес, Халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен де жүзеге асырылады, оның шеңберінде Жобаны басқару бойынша консультантты тарту қарастырылған. Осы функцияны Ұлттық операторға жүктеу де орынды. Бұның себебі өзін өзі қаржыландыруға өту және жобаларды басқару кезінде қабылданатын шешімдердің жеделдігін жоғарылату болып табылады.
-
Ұлттық оператордың мемлекеттік органдармен ақылы автомобиль жолдарын пайдаланушыларының жауапкершілігін арттыру бөлігінде өзара іс-қимылдарын күшейту.
Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен пайдаланушылардың ақылы автомобиль жолдары арқылы жүріп өтуі үшін жауапершілігі көзделген. Алайда, Қазақстан Республикасы аумағында ақы алу жүйесін енгізу бойынша тәжірибенің болмауын ескере отырып, жауапкершілік шаралары барынша азайтылған. Бүгінгі күні ақы алу пунктін кесіп өту сәтінде немесе ақы төлеу туралы хабарлама келіп түскеннен кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей пайдаланушының ақы төлу құқығы заңды түрде бекітілген. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, жүріп өту үшін ақы төлеуге мерзімді таңдау берілуі пайдаланушылардың берешектері пайда болуына, оларды қайтару тиісті хабарландырулар беру жолымен шешіледі, әкімшілік айыппұл салу, бұл қосымша шығыстарға әкеледі. Осыған байланысты ақылы автомобиль жолдары (учаскесі) бойынша жүруге төлейді қандайда бір жағдайларсыз пайдаланушыға міндет белгілеу қажет.
Сондай-ақ, ақылы автомобиль жолдары пайдаланушыларынан ақы алу бойынша жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органын ақылы автомобиль жолдары (учаскесі) бойынша жүріп өткеніне төлемеген көлік құралдарына, соның ішінде транзиттік көлікке бақылауды жүзеге асыру бойынша өкілеттіктер беру қажет. Осы жағдайда Ұлттық операторда тиісті өкілеттігі және ақылы автомобиль жолдарының (учаскелерінің) пайдаланушылары - берешек болғандар туралы ақпаратты ұсыну бойынша көрсетілген мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл үшін мүмкіндік болуы тиіс.
Бұл үшін көліктік бақылау органдарына және ішкі істер органдарына әкімшілік айыппұлдар салу бойынша өкілеттіктер беру бөлігінде ҚР ӘҚКо 685,
691-баптарына, «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңының 20-бабына тиісті өзгерістер енгізу ұсынылады.
-
Ұлттық операторға өкілеттілікті бекіту, сондай-ақ автожол саласын кешенді дамытудың негізгі құраушысы ретінде автомобиль жолдарындағы белдеу шегіндегі сервисті дамытуға мүмкіндік беру.
Автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық оператордың негізгі әлеуметтік функцияларының бірі ақылы жолдарды пайдаланушылардың талаптарын қанағаттандыру, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық ұзақтығында қолайлы деңгейді арттыру болып табылады. Қазақстан Республикасының жолдарында қозғалыс қарқындылығының ұлғаюы жол бойындағы сервистерді белсенді түрде және уақтылы дамытуды талап етуде. Аталған заң жобасы ақылы автомобиль жолын енгізу саласында бірыңғай саясатты енгізуге, сондай-ақ олардың бір бөлігінің жиынтығы ретінде үйлестіруге және жол бойындағы сервис объектілерін дамытуға мүмкіндік береді. Аталған норманы «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңына 30-тармақты енгізу Ұлттық оператор үшін жол бойындағы сервисті дамыту саласындағы Мемлекеттік бағдарламамен жүктелген міндеттерге жетуге жағдай жасайды, сондай-ақ Ұлттық операторға қосымша кіріс көздерін тартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, аталған заң жобасымен «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңына (13, 23, 30-баптар) бірқатар редакциялық түзетулер енгізу көзделген, түзетулер Ұлттық операторға өкілеттіліктің жалпы пайдаланымдағы барлық маңызы бар автомобиль жолдарына таралуы бөлігіндегі қайшылықтарды алып тастау қажеттілігімен негізделген, өйткені Ұлттық оператордың міндеттері халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына қатысты болғандықтан Ұлттық оператордың жергілікті атқарушы органдардан өкілеттілігін ажыратуды қажет етуде.
-
Қазақстан Республикасының Бюджеттік заңнамасын ескере отырып, ратификацияланған келісімдердің шарттары бойынша толық төлемді жүргізуді жүзеге асыру.
Халықаралық Қаржы институттары (бұдан әрі – ХҚИ) автомобиль жолдарын салуға қарыз туралы келісімге қол қою кезінде келісімшарттарға құнын түзету (эскалация) шартымен халықаралық сауда конкурсы ережесімен өткізуді талап етеді. Түзетудің шарты «Консультант Инженерлердің Халықаралық Федерациясының» (ФИДИК) үлгілік ережелерінде көрсетілген, оның ҚР заңнамасынан айырмашылығы бар.
Түзетуді қолдануға байланысты ХҚИ шарттары бойынша іске асырылатын жобалар бойынша эскалация деңгейі 35-40% өскен, нәтижесінде келісімшарттардың қорытынды құны дәліздің жеке учаскелері бойынша жобалық-сметалық құжаттамасының (бұдан әрі - ЖСҚ) құнынан асып кетті. Негізгі себеп құрылыс, жанар-жағар май материалдарының және еңбекақының күрт өсуіне байланысты болып отыр. Қазіргі кезде мердігер қарыз қаражаттары бойынша төлемді ХҚИ шарттары бойынша, ал бірлесіп қаржыландыруды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы бойынша республикалық бюджеттен жүргізуде.
Келісімшарт сомасы ЖСҚ құнынан асып кетуіне байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Республикалық бюджеттен (жұмыс құнынан 3 %) бірлесіп қаржыландыруды тоқтатып тастады (28 учаске бойынша) және оны түзетуді немесе Бюджет кодексіне өзгеріс енгізуді талап етеді.
ЖСҚ қайта есептеу кезінде эскалация шарты ескерілмейді, өйткені қайта есептеу жүргізіліп жатқан жағдай бойынша қалған жұмыстарға (жасалмаған) АЭК негізінде жүргізіледі, ал төлем жүргізу халықаралық келісімшарттардың талаптарына сәйкес сметалық құжаттаманың орнына мердігермен конкурс кезінде берген келісім шарттық бағаларымен (жұмыс көлемінің ведомосты) жүргізіледі.
Осы жағдайға байланысты, 2013 жылдан бастап қазіргі уақыт бойынша мердігерге 1,300 млрд. теңге шамасында төленбеді, бұның салдары Тапсырыс берушіге айыппұл салуға мердігерлер тарапынан жұмыстың тоқтауына немесе кейіннен төрелік сот арқылы шешілетін, келісімшартты бұзуға алып келді.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Бюджеттік заңнамасын ескере отырып, ратификацияланған келісімдердің шарттары бойынша толық төлемді жүргізуді жүзеге асыру үшін ҚР Бюджетк кодексінің 157-бабының
2, 5-тармақтарына сәйкес ХҚИ қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды алып тастау қажет.
-
Жергілікті бюджетке жүктемені азайту мен кірісті арттыру мақсатында елорданың және республикалық маңызы бар қалалардың көшелерінде ақыны енгізу.
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
13-бабына сәйкес елорданың және республикалық маңызы бар қалалардың көшелері жергілікті атқарушы органдардың иелігінде, осыған байланысты ақылы көшелер бойынша жүріп өткені үшін ақша олардың илігінде болуы қажет.
Аталған ақыны енгізу жергілікті атқарушы органдарға өзін-өзі ақтау есебінен көшелерді күтіп ұстауға мүмкіндік беріп, елорданың және республикалық маңызы бар қалалардың көшелерінде ақыны енгізу арқылы бюджеттен ауыртпалықты алуға мүмкіндік береді.
Ақылы көшелер бойынша жүріп өткені үшін ақы алу қағидасы мен ставканы әзірлеу кезінде жергілікті атқарушы органдар халықаралық тәжірибені ескеру қажет, бұл жүріп өткені үшін ставканың мөлшерін, сондай-ақ ақы алу механизмін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша жергілікті атқарушы органдарды елорданың және республикалық маңызы бар қалалардың көшелердің ақылы жолдары бойынша жүріп өткені үшін қағидалар мен алым ставкаларын әзірлеу мен бекіту өкілеттілігін беру ұсынылуда.
Осыған байланысты «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңының
13-бабы 1-1-тармағының 6-1, 6-3, 6-5 тармақшаларына толықтырулар енгізу қажет.
9) Елді мекендер көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің классификациясын бекіту бойынша өкілеттілікті жергілікті атқарушы органдарға бекіту.
Аталған классификация елді мекендер көшелерін және олардағы құрылғыларды күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерін анықтайды, жол-жөндеу жұмыстарының көлемдері мен оларды орындауға республикалық және жергілікті бюджеттен бөлініп жатқан бюджет қаражаттарының есептерін негіздеу үшін бекітілуде.
Қазіргі уақытта аталған классификация жергілікті атқарушы органдарға бекітілмеген. Осыған байланысты және бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану мақсатында оларды бекіту бойынша өкілеттілікті заңнама тәртібінде жергілікті атқарушы органдарға беру қажет деп пайымдаймыз.
Осыған байланысты «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңы
13-бабының 6-8 тармақшаларына толықтырулар енгізу қажет.
Бұдан басқа аталған заң жобасын «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңының 13-бабы 1-1-тармағының 6-6, 6-7, 6-9-тармақшалары бөлігінде бірқатар редакциялық түзетулер қарастыру қажет, оларды енгізу қайшылықтарды алып тастау қажеттігімен негізделген.
Сондай-ақ, «Жарнама туралы» ҚР Заңының 17-2-бабы «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңының 13-бабы 1-тармағының 6-4) тармақшасымен, атап айтқанда «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңымен жергілікті атқарушы органдарға сыртқы жарнаманы орналастыруды бекіту құқығы берілген, ал «Жарнама туралы» ҚР Заңының 17-2-бабымен жергілікті атқарушы органдарға сыртқы (көзбен шолу) жарнаманы реттеу мәселесі бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға тыйым салу қарастырылған. Осыған байланысты «Жарнама туралы» ҚР Заңы 17-2-бабының екінші азат жолын алып тастау қажет.
10) Автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық оператормен ауыр салмақты және iрi көлемдi автокөлiк құралдарының жүрiп өтуіне арналған арнайы рұқсатарды беру бойынша өкілеттілікті беру.
Жалпы мемлекет саясаты мен автомобиль жолдары бойынша өкілетті органның стратегиялық бағыттарының бірі құрылыс, реконструкция және күрделі жөндеу жүргізу арқылы жақсы және өте жақсы жағдайдағы автомобиль жолдарының километрлерін арттыру болып табылады («Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Мемлекет басшысының Жолдауы, Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы, 2013 жылғы 29 қараша, № 1263).
Осы мақсатқа жыл сайын миллиардтаған соммалар бөлінуде (2013 жыл - 199 949 751 мың теңге, 2014 жыл - 247 998 108 мың теңге, 2015 жыл - 302 182 776 мың теңге).
Сонымен бірге автомобиль жолдарын сақтап қалу ұзақтығы атқарылған жұмыстардың сапасы мен анықталған ақаулықтарды уақтылы жоюға байланысты емес, сондай-ақ, тиісті күтіп-ұстауғада байланысты, алайда қаржыландыру толық көлемде, яғни нормативке сәйкес бөлінбеуде. Жыл сайын автомобиль тасымалдаудың ағыны, оның ішінде ірі габаритті және ауыр салмақты автокөліктер арттыруда. Аталған автокөліктердің жүріп өтуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен арнайы рұқсат болған жағдайда рұқсат етіледі. Бұл ретте аталған рұқсатты алу үшін төлемақы нақты мақсатты бағыты болмай, республикалық бюджеттің кірісі болып табылады.Яғни, тасымалдаушылардың аталған санаттары автомобиль жолдарының жабындысын бұзып, кері әсерін келтіруде. Бұл ретте ауыр салмақты тасымалдаудың анағұрлым бөлігі екі немесе одан да астам құрамалы бөлшектерін бөлу арқылы салмақ бойынша рұқсат етілетін параметрлерді арттырмай жүргізуге болар еді. Осы мақсатта «Автомобиль көлігі туралы» ҚР Заңында ауырсалмақты көлікті бөлмеу шартымен ауырсалмақты жүкті тасымалдауды белгілеу ұсынуда, осылайша бөлінетін жүкті тасымалдайтын ауырсалмақты автокөліктің жүріп өтуіне тыйым салынуда. Осы мақсатта «Автомобиль көлігі туралы» ҚР Заңының 19-11-бабына түзетулер енгізу ұсынылуда.
Сонымен бірге рұқсат беру кезінде негізгі факторлар аталған бағыт бойынша автожолмен жүріп өтуі мен техникалық сипаттамасы болып табылатынын ескеру қажет, осыған байланысты Ұлттық оператордың қызметкері тиісті ақпаратты білгендіктен арнайы рұқсат беруді келісу міндетті болып табылады. Сондықтан аталған рұқсатты Ұлттық оператормен беру мәселесі туындауда. Ол үшін «Автомобиль жолдары туралы»
ҚР Заңының 30-бабына және «Автомобиль көлігі туралы» ҚР Заңының
19-7-бабына түзетулер енгізу ұсынылуда.
Сонымен бірге «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-на «Қазақавтожол» РМК қосу бойынша ұсынысты ескере отырып, сондай-ақ арнайы рұқсаттан алынған қаражатты аудару арқылы өзін өзі қаржыландыруға кезең кезеңмен көшу қажеттілігі Ұлттық оператордың кезеңмен өзін өзі қаржыландыруға көшеуге өз септігін тигізіп, болашақта аталған қаражатты ішінара автожолдарды күтіп ұстауға бағыттауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ҚР Бюджет кодексінің 49-бабының 13) тармақшасына сәйкес республикалық бюджетке түсетін түсімдердің бірі Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым. Бұл ретте ҚР Салық кодексінің 459-бабына сәйкес алымдар iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшiн өндiрiп алынады, аталған төлемді Ұлттық оператордың кірісіне бағыттау ұсынылатынын ескере отырып, Салық кодексінің 459-бабына түзетулер енгізу ұсынылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |