АҚ"Бәйтерек-А"ның қаржылық коэффициентерін талдау*
Аты
|
01.01.03 ж.
|
01.01.04 ж.
|
01.04.04 ж.
|
Өтімділік коэффициенттері:
|
Жалпы өтеу коэффициенті
|
112%
|
250%
|
300%
|
Ағымдағы өтімділік коэффициенті
|
15%
|
20%
|
1%
|
Левераж:
|
Міндеттемелердің активтерге қатынасы
|
0,85
|
0,38
|
0,32
|
Мендеттемелердің меншікті капиталға қатынасы
|
5,52
|
0,62
|
0,46
|
Қызмет коэффицименттері:
|
Дебиторлардың айналым коэффициенті, күн
|
20
|
4
|
1
|
Кредиторлардың айналым коэффициенті, күн
|
157
|
22
|
73
|
ТМЗ айналым коэффициенті, күн
|
153
|
60
|
320
|
Пайдалылық коэффициенттері:
|
Жалпы пайда маржасы
|
16%
|
17%
|
32%
|
Таза пайда маржасы
|
-0,98%
|
3,43%
|
3,72%
|
* Көзі: АҚ"Бәйтерек-А"ның 01.01.2003, 01.01.2004, 01.04.2004 жылғы қаржылық есеп берулер мәліметтері негізінде есептелген
Бұл жерде біріншіден кәсіпорының өтімділік коэффициенттері талданады: Жалпы өтеу коэффициенті және ағымдағы өтімділік коэффициенті. АҚ"Бәйтерек-А"ның қаржылық мәліметтеріне байланысты жалпы өтеу коэффициенті 2003 жылы 112%-ды, ал 01.01.2004 ж. – 250%-ды, 01.04.2004 ж. – 300% -ды құрады. Ал оның нормативті мөлшері 100%-дан кем болмау керек. Ендеше кәсіпорында өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға қажетті өтімді қаражаттары толықтай жеткілікті. Келесі өтімділік коэффициенті – ағымдағы өтімділік коэффициенті. АҚ"Бәйтерек-А"ның мәліметтері бойынша бұл көрсеткіш 01.01.2003 ж. – 15%, 01.01.2004 ж. – 20%, ал 01.04.2004 ж. – 1% құрады. Бұл көрсеткіш нормативті шамасынан төмен болып тұр. Яғни АҚ"Бәйтерек-А"ның қысқа мерзімді міндеттемелерін орындау үшін айналым қаражаттарының көлемі жеткіліксіз.
АҚ"Бәйтерек-А"ның левераж коэффициенттері, яғни міндеттемелердің активтерге қатынасы және міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы сияқты көрсеткіштер де есептелген. Бұлар біріншіден, кәсіпорының жалпы активтернің қандай бөлігі міндеттемелермен қамтамасыз етілгенін, ал екіншіден, міндеттемелер мен меншікті капиталдың арақытнасын көрсетеді.
АҚ"Бәйтерек-А"ның кызметін сипаттайтын көрсеткіштер 2003 жылмен салыстырғанда жақсы өзгерді. Дебиторлық, кредиторлық және ТМЗ айланым мерзімі 01.01.2004 ж. сәйкесінше тек 4, 22, 60 күнді құрады. Пайдалылық коэффициенттері де 2003 жылмен салыстырғанда біршама артты. 2003 жылы жалпы пайда маржасы 16 %-ды құраса, 2004 жылы ол 17% болды. Ал таза пайда маржасы 2003 жылы -0,98% болса, 2004 жылдың 1 сәуіріне бұл көрсеткіш 3,72%-ды құрады.
АҚ"Бәйтерек-А"ның жобасына қысқаша сипаттама берейік.
-
Өскеменнiң«Цемент» зауыты өндіретін цементтiң үлкен ассортиментін алу;
-
Сатып алынатын өнімді өткізу есебінен қосымша пайда алу арқылы кәсіпорынның табыстылығын арттыру;
-
Өткізу орындарының санын арттыру;
-
Өскемен зауытымен ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды кеңейту.
-
Жобаның жалпы құны 15 000 000 теңгені құрайды
-
Жобаны қаржыландыру көздері және олардың мақсаты:
8-кесте
АҚ"Бәйтерек-А"ның жобасын қаржыландыру көздері*
Қаржыландыру көздері
|
Сомасы, теңге
|
Мақсаты
|
АҚ "Туран Әлем Банк" несиелік қаражаттары
|
15 000 000
|
Айналым қорларын толытыру
|
Басқа тартылған қаражаттар
|
Жоқ
|
|
Меншікті қаражаттар
|
|
|
Қаржыландыру көздерінің жалпы сомасы
|
15 000 000
|
|
*Көзі: АҚ"Бәйтерек-А"ның бизнес-жоспары
-
Қражаттардың қайтарылуын қамтамасыз ету 9-кестеде көрсетілген.
9-кесте
Несие бойынша қамтамасыз ету мүлкі*
Қамтамасыз етудің аты
|
Орналасқан жері
|
Нарықтық құны
|
Төмендету коэффициенті
|
Кепілдік құны
|
Айналыстағы тауарлар
|
Алматы қаласы, Сейфуллин., 312
|
15 532 454 теңге
|
50%
|
7 766 324 теңге
|
Кеңселік үй
|
Алматы қаласы, Наурызбай батыр көш., 115/2
|
16 096 841 теңге
|
30%
|
11 267 844 теңге
|
БАРЛЫҒЫ
|
|
31 629 295 теңге
|
|
19 034 168 теңге
|
* Көзі: АҚ"Бәйтерек-А"ның бизнес-жоспары
-
Жобаның жалпы өзектілігі және мәні.
Теріс жақтары:
-
Кепілдің 40%-ы тауарлы-материалды құндылықтардан тұрады
-
Бір жабдықтаушыдан тәуелділігі
Оң жақтары:
-
Болашағы бар бизнес
-
Жабдықтаушымен жөнге салынған серіктестік қатынастары
-
Тұрақты қызмет ететін, нарықта өз орнын алған субъект
-
Жұмыс тәжірибесі
-
Өткізу орындарының болуы
-
Ағымдағы активтер ағымдағы міндеттемелерден 3 есе артық.
Жоғарыдағы талдаудың нәтижесінде АҚ"Бәйтерек-А"ның төлем қабілеті және несиелік қабілеті жеткілікті, жоба табысты болып шықты. Ендеше карыз алушыға несиені беру туралы шешім қабылдауға болады.
3. Заңды тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары.
-
Заңды тұлғаларды несиелеудің даму перспективасы.
Қазіргі кезде елімізде заңды тұлғаларды несиелеуге байланысты жақсы шарттар бар. Атап айтсақ, біріншіден, бұл – инфляцияның төмен деңгейімен, тенге курсының тұрақтылығымен, нақты ЖІӨ-нің өсуімен және мемлекеттік бюджеттің кішігірім тапшылығымен байланысты макроэкономикалық шарттардың елеулі жақсаруы. Екіншіден, ел тұрғындарының жеке бизнес дағдыларын үйреніп, менталитеттің тұтынушыдан кәсіпкерлікке өзгеруі болып табылады.
Қазақстанда нарықтық экономиканы білетін және басқару тәжірибесі бар менеджерлердің қалыптасуы да өзіндік ықпал етті. Сонымен қатар, ішкі сұраныс қазіргі жағдай үшін жақсы болып отыр. Елімізде төлем жүйесі дамып, халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін қаржылық жүйе қызмет етуде.
Сол уақытта ҚР-сы экономикасының әрі қарайғы тұрақты дамуы ЕДБ-де несиелік ресурстардың болуымен анықталады. Бұл қазіргі даму кезеңіндегі қаржылық жүйе құрылымының ерекшеліктерімен түсіндіріледі: банктер несиелік қызмет нарығында монополистер болып табылады. Қаржылық жүйенің басқа элементтерінің озып келе жатқан даму перспективасына қарамастан, банк жүйесінің ролі мен мәні ерекше болып отыр. Қазіргі кезде ҚР-сы ЕДБ-рі активтерінің шамамен 60%-ын банктік емес заңды тұлғаларға берілген несиелер құрайды. Осы көрсеткіш бойынша олар АҚШ және Жапонияның банк жүйелерімен бір деңгейде. Алайда, несие көлемінің ЖІӨ-ге қатынасы жағынан Қазақстан жоғарыдағы елдерден артта қалған. Біздің ойымызша, активтердегі несиелердің үлес салмағын 80%-ға дейін көтеру керек. Қазір, біздің ойымызша, бұл көрсеткішті 83%-ға жеткізуге болады. Алайда, ҚР-сы ЕДБ-нің ресурстық базасының ерекшеліктері, сондай-ақ сапалы жобалардың болмауы осы мәселені шешуге мүмкіндік бермей отыр.
ҚР-сы ЕДБ-нің ресурстық базасының қазіргі жағдайын сипаттай келе, банктерде «қысқа мерзімді ақшалар» жинақталып қалғанын атап өту керек. Ал, экономиканың нақты секторына 3 жыл және одан да ұзақ мерзімге несие қажет. Сонымен қатар, ҚР-ның коммерциялық банктері беретін несиелерінің валюталық құрылымы мен мұнай бағалары арасындағы байланыстылықты көруге болады. Мұнай бағасы төмендегенде шетел валютасындағы несиелердің үлес салмағы өседі.
Осылайша, нақты секторды ұзақ мерзімді несиелеу перспективасы коммерциялық банктерде ұзақ мерзімді несиелік ресурстардың болуына тікелей тәуелді. Сондықтан, орта және ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағының тұрақты өсуіне қарамастан, ҚР-сы ЕДБ-нің ресурстық базасы экономиканың нақты секторының сұранысын толық қанағатандыра алмайтынын атап өту керек.
Банктердің нақты секторды несиелеудегі қаупін түсіндіруге болады. Әрине,
макроэкономикалық тұрақтылық, экономикалық өсудің жоғары қарқыны банктерде ұзақ мерзімді ресурстардың қалыптасуына әсер етті.
Алайда, бұл ресурстар әлі де жеткіліксіз болып отыр. Себебі, банктердің меншікті капиталының үлесі дамыған нарықтық экономикада жұмыс істейтін банктердің меншікті капиталының мөлшеріне жетпейді.
Жаңа несиелердің берілуі жағдайында несиелік портфельдің сапасы жақсаруы тиіс. Себебі, жаңа несиелер қандай-да бір қарыздардан бос. Алайда, банктердегі несиелік портфель сапасының бірден жақсармауы бұрын берілген несиелер сапасының елеулі төмендегенін көрсетеді. Оған бірқатар тежеуші факторлар өз ықпалын тигізеді. Нақты айтсақ, бұл, біріншіден, ел бойынша және аймақтарда долларизация деңгейінің жоғарылығы және валюта түрлері бойынша несиелік және депозиттік портфельдердің балансталмағандығы. Мысалы, бай индустриалды аймақтарға несиенің 93,5%-ы және 59,6% депозит келсе, кедей аграрлық аймақтарға – 40,4% депозит пен тек 6,5% несие келеді.
Ақшалай ресурстардың донорлары ретінде, негізінен, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай және Қызылорда облыстары сияқты аймақтар шыққан. Әсіресе, Ақтөбе облысы, оған барлық банктік депозиттердің 34%-ы және несиелердің тек 1,6%-ы келген.
Несиелік және депозиттік портфель балансталмауын мерзім бойынша қарастырсақ, ол да несиелеудің дамуына кері әсерін тигізеді. Мысалы, Маңғыстау облысында несиелік портфельдегі орта және ұзақ мерзімді несиелердің үлесі 74%, ал депозиттік портфельде – 15,4%, Оңтүстік Қазақстан облысында – сәйкесінше 41,2% және 18,4% /7. 68-72бет/.
Несиелер бойынша банк маржасы жоғары болып отыр (8-20% жылдық). Несиелер бойынша неғұрлым төмен банк маржасы индустриалды аймақтарда байқалады (8-9%). Елдің аграрлық аймақтарында банк маржасының деңгейі одан жоғары және орташа алғанда 12-14% құрайды. Осы екі маржа арасындағы айырма ауыл шаруашылық өндірісін несиелеудегі жоғары тәуекелмен байланысты шығындарды білдіреді (15-кесте):
15-кесте
Аймақтардағы берілген несиелерге банк маржасы*
|
Қ. Р.
|
Алматы қаласы
|
Астана қаласы
|
Шығыс Қаз-н обл.
|
Қарағанды
|
Маңғыстау
|
Павлодар
|
Солт. Қаз-н обл.
|
Оңт. Қаз-н обл.
|
Ақмола
|
Ақтөбе
|
Атырау
|
Жамбыл
|
Батыс Қаз. обл.
|
Қостанай
|
Қызылорда
|
2002ж. 1-тоқсан
|
9,1
|
9,0
|
9,8
|
10,8
|
8,6
|
10,0
|
8,4
|
11,9
|
11,7
|
13,6
|
12,0
|
16,9
|
13,3
|
11,8
|
13,3
|
15,7
|
2002ж. 2-тоқсан
|
9,2
|
8,9
|
8,9
|
10,5
|
10,5
|
10,3
|
8,4
|
11,8
|
10,2
|
13,5
|
20,7
|
15,1
|
12,2
|
10,7
|
13,9
|
9,1
|
2002ж. 3-тоқсан
|
8,8
|
8,6
|
10,1
|
10,6
|
9,7
|
10,5
|
8,8
|
11,8
|
9,0
|
14,3
|
10,8
|
11,7
|
12,2
|
11,2
|
14,3
|
13,8
|
*көзі: ҚР Ұлттық банктің облыстық филиалдарының тоқсандық есеп беруі.
Қазіргі кезде клиент менеджментін талдау үлкен мәнге ие, себебі несиені қайтармау клиент банкроттылығынан болып отыр. Бұл, өз кезегінде, нашар менеджменттің нәтижесі болып табылады. Көп жағдайларда кәсіпорындар өсіп келе жатқан басқару талаптарын орындай алмағандығынан сәтсіздікке ұшырайды. Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдауды, егер бізде клиенттердің несие қабілеттілігі туралы, сондай-ақ олардың алған және қайтармаған несиелері туралы ақпараттар жинау жүйесі бар болса, жақсартуға болар еді. Себебі, осындай ақпаратты табу қиынға соғады. Мысалы, Францияда Орталық тәуекелдер қызметі құрылған. Несиелеу жүйесін жетілдіру мен несиелік тәуекелді төмендету үшін бізде де айтылып жүрген Несиелік бюроны құрған жөн.
Әлемнің көптеген елдерінде несие берушілер несиелік бюролар арқылы тұрақты негізде қарыз алушылардың төлем қабілеттілігі жайлы хабар алысып тұрады. Мұның қажеттілігі көптеген экономистермен қаржылық-делдалдық қызмет аясындағы ақпараттардың ассиметриясы мәселесін зерттегенде дәлелденген болатын. Экономикалық әдебиеттерде ақпараттың ассиметриясы ретінде несиелік ресурстарды бөлуде тиімсіздікке әкелетін мәміле жасалған кезде серіктесі жайлы мәліметтердің жеткіліксіздігі танылады. Бұл жағдайда несие беруші қарыз алушы ссуда алған инвестициялық жобамен байланысты алдағы табыс пен тәуекелді болжай алмайды.
Сонымен қатар, несие берушілер ссуда алғаннан кейін қарыз алушылардың іс-әрекеттерін бақылай алмауы мүмкін. Қарыз алушы төлем қабілетсіздік тәуекелін арттыратын қызмет түрлерімен айналысуы мүмкін немесе қарыздары бойынша төлемеу үшін өзінің инвестицияларынан алатын табысын жасыруы мүмкін. Осының нәтижесінде несиелердің көлемі азайып, жоғары пайыздық мөлшерлемелер қойылады. Бұл құбылыс ғылыми әдебиеттерде «жаман қылық» атауын алды.
Қаржылық емес секторда жалпы жағдайдың төмендеуі кезінде тәуекелді бағалау және қарыз алушыларды таңдау қиынға түседі, пайыздық мөлшерлемелер көтеріледі, бұл сенімді қарыз алушыларды нарықтан кетуге мәжбүр етеді. Сонымен қатар, қаржылық жағдайына байланысты сенімсіз қарыз алушылар жоғары пайыз мөлшерін төлеуге келіседі, себебі ссуданы қайтара алмауы мүмкін екенін біледі. Мұның нәтижесінде тәуекелдің несиелік саясат жүргізе отырып, несие берушінің өзінің қаржылық жағдайына қауіп төнеді немесе нарықта сенімді қарыз алушылар бар екендігіне қарамастан, берілетін несиелер көлемі шектеледі. Бұл қаржы нарығының да, нақты сектордың да жағдайына кері әсерін тигізеді / 14. 454-455бет/.
Әлемдік тәжірибенің көрсетуі бойынша бұл мәселені тек несие берушілер арасында қарыз алушылар туралы ақпарат алмасу үшін құрылған несиелік бюролар көмегімен шешуге болады. Бұл жағдайда үш түрлі нәтиже байқалады.
Біріншіден, несиелік бюролар банктердің нарықтағы қарыз алушылар жайлы мәліметтердің деңгейін жоғарылатып, ссудалардың қайтарылуын нақты болжауға мүмкіндік береді. Бұл несие берушілерге ссуданың мақсаты мен бағасын тиімді анықтауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, несиелік бюролар банктерге өздерінің клиенттері туралы ақпаратты іздеу бағасын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл несиелік нарық ішіндегі ақпараттарды теңестіруге және осы арқылы несие берушілермен несиелік ресурстар үшін бәсекелік бағаларды қоюға әкеледі. Төмен пайыздық мөлшерлемелер қарыз алушылардың таза табысын арттырып, олардың қызметін ынталандырады.
Үшіншіден, несиелік бюролар қарыз алушылар үшін тәртіптілік механизмін құрады. Қарыз алушылар өздерінің міндеттемесін нақты орындамаса, оның несие берушілер алдындағы беделі түсіп, несиелік ресурстарға жолын жабатындығын және несиелік ресурстар ол үшін қымбаттайтындығын біледі. Сонымен қатар, бұл механизм қарыз алушыны несиені уақытында қайтаруға ынталандырады / 15. 8-бет/.
Алайда, осының бәрі үлкен қиындыққа тірелді: кәсіпорындар мен ұйымдар – коммерциялық банк клиенттері өздері туралы мәлімет бергісі келмейді. Батыста мұндай ақпаратты беруден бас тарту берілген компанияны теріс жағынан көрсететін маңызды көрсеткіш болып табылады. Яғни, Қазақстанда жалпы ақпараттық желі болмайынша, несиелік тәуекелдер әлі жоғары болып табылады.
Отандық банк жүйесінде несиелік келісім-шарттардың жетілмегендігі мәселесін атап өту керек. Осы орайда несиелік келісім-шарттар негізгі қарыз және пайызды өтемеудің алдын алу шараларын қамтымайды. Ал, құқықтық жағынан келісім-шарттар берілген ссудалардың қайтарылуын қамтамасыздандырмайды. Көптеген келісім-шарттар заңи дұрыс құрылмаған, кейде оларға құзыреті жоқ адамдар қол қояды. Батыста несиелік келісім-шарт маңызды құжат болып саналады. Осыған байланысты несиелік келісім-шартты құрған кезде несиеленетін мәмілені терең зерттеп қана қоймай, сонымен қатар барлық мүмкін болатын тәуекелдерді есепке алып, оларды келісім-шартта көрсете білу керек.
Несиелеу мәселесінде кепіл механизмінің жетілмегендігін атап өту керек. Кепіл шартына сәйкес несие берушінің талаптары кепілге қойылған мүлік құнынан орындалады. Кепілді сатудан түскен сома банк алдындағы қарызды жабуға жетпесе, банк жетіспеген соманы қарыз алушының басқа мүлкінен алуға құқылы. Алайда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен келесідей кезектілік қарастырылған. Ең алдымен, банкрот болған кәсіпорын мүлкі арбитражды соттың шығындарын жабуға кетеді. Содан кейін әлеуметтік орта: алимент, мүгедектік жәрдемақы, жұмысшыларға берілмеген жалақы т.б. төленеді. Осыдан кейін бюджет алдындағы міндеттемелер: салықтар бойынша қарыздар өтеледі. Соңында ғана несие берушілерге кезек беріледі. Көп жағдайларда банкрот кәсіпорынның бұған дейін мүлкінен түк қалмайды. Басқаша айтқанда банктер түксіз қалады. Айтылғандардың бәрі кепіл құқының негізгі қағидаларының біріне қайшы келеді – кепілдік талаптардың басқа несие берушілер алдында бірінші кезекте қамтамасыздандырылуы. Яғни, несиелік тәуекелдердің болу мүмкіндігін төмендету үшін, ең алдымен, кепіл механизмін жетілдіру қажет / 16. 28-29бет/.
Осы орайда заңды тұлғалардың ішінде, әсіресе, кіші және орта бизнес субъектілерінің несие алуға кепілі жетіспейтінін де айтып кету қажет. Яғни, дұрыс кепілінің жоқтығынан оларға несие алу қиынға соғады. Ал, әрбір елдің тәжірибесі көрсеткендей, нарық өздігінен кіші және орта бизнесті қаржыландыру мәселесін шеше алмайды.
Кепілмен қамтамасыз ету шағын және орта кәсіпорындар үшін айрықша проблема болып отыр. Кепілге несие мөлшерінен 2 есе қымбат мүлік алынады. Ал, «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуде кепілді қамтамасыз ету ретінде коммуналды меншік объектілерін қолдану сұрақтары туралы» №1028 2000-жылғы 7-сәуірдегі Үкімет Қаулысы тек ұсынымды сипатқа ие.
Банктер шағын бизнесті тек жоғары мөлшерлемелермен және қамтамасыз етудің қатаң шарттары негізінде несиелеуге дайын. Алайда шағын кәсіпкерлердің көбісі үшін бұл қолайсыз, әсіресе, өз бизнесін жаңадан бастағандар үшін. Сондықтан, нарықтық экономикада шағын және орта бизнестің несиелерге сұранысы түрлі қаржыландыру көздері мен сызбаларын пайдалану арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру мен қолдаудың арнайы механизмін құрусыз елдің қаржы институттары тарапынан қанағаттандырыла алмайды /17. 52бет/.
Бір жағынан қандай-да болмасын жобалардың құны әр түрлі болғанымен, оған кететін банк шығындары бірдей болып табылады. Яғни, жобаның құны қаншалықты көп болса, банктің оны қаржыландыруға кететін шығынының үлес салмағы соншалықты аз болады. Және, керісінше, жобаның бағасы қаншалықты аз болса, соншалықты оны қаржыландыруға кететін шығынның үлесі көп болады. Бұл ірі жобаларға несиелеу мөлшерлемесінің төмен болып, кіші жобаларға жоғары болатынына әсер етеді. Екінші жағынан, кіші және орта бизнестің тұрақсыздығына байланысты ірі жобаларға қарағанда кіші жобаларда банктердің тәуекелі де жоғары болады. Бұл банктердің кепілге байланысты кіші және орта бизнеске қоятын талаптарының қатаң болуына әкеледі.
Банктердің кепіл механизмін жетілдіруі несиелік тәуекелді төмендетуге мүмкіндік береді. Несиелік тәуекел банк қызметінің барлық спектрі бойынша бағаланады. Банктердің тұрақты дамуы шартындабәсекелестердің алдында болу үшін тәуекелді үздіксіз бағалап отыру маңызды мәнге ие болып отыр. Сондықтан, жылдан-жылға тәуекелді басқару жүйесі жетілдірілуде. Оның негізгі мақсаты – диверсификация және тәуекел, яғни география, қамтамасыздандырылуы, мерзімі, салалық секторы және қарыз алушының түрлері сияқты аспектілерін зерттеу арқылы банктің несиелік портфелі талданады. Бұл жерде тәуекел жинақталуы неғұрлым маңыздыфактор болып табылады. Яғни, банк барлық несие түрлерімен айналысатыны немесе белгілі-бір түріне мамандануы есепке алынады.Егер банк активтерінің елеулі бөлігі белгілі-бір экономика сегментіне салынса, осы сектор бойынша қосымша ақпараттар зерттеледі /18. 16-бет/.
Нақты секторды банктердің несиелеуі бойынша мүмкіндіктердің өсуі жүйелік тәуекелдің көбеюіне әкеледі. Қазіргі кезде несиелік тәуекелдер қазақстандық банктер үшін тұрақсыздықтың маңызды факторы болып қалуда және банктердің оларды қаншалықты минимизациялай алуынан банктік сектордың әрі қарайғы дамуы көрінеді. Осыған байланысты несиелеу жүйесін жетілдіруге мемлекеттің араласуы қажет. Берілген жағдайда бұл құрылымдық (өнеркәсіптік) саясат негізінде отандық инвестицияларды тікелей ынталандыруды білдіреді. Оның негізгі элементтері үкіметтің маңызды салалар мен жобаларды жариялауы, осы жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттің үлестік қатысуы, оларды мемлекеттік банктер арқылы жеңілдетіліп қаржыландыру, салықтық ынталандыру (мысалы, салықтық несие, каникул т.б.) болып табылады.
Ауыл шаруашылық, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларын несиелеуде мемлекеттің қызметін жандандыру керек. Осындай мәселелерді шешу бәсекеге қабілетті өнім шығару мүмкіндігін кеңейтеді, экспорттың тиімділігі аз құрылымын өзгертеді, өндіріс рентабельділігін көбейтеді /19. 73-бет/.
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінде, банктік қадағалауда және нарықтық тәртіптің дамуына шарттар қалыптастыруда ссудаларды сыныптау мен олар бойынша провизиялар құру маңызды роль ойнайды. Қазақстан Республикасында несиелер бойынша провизиялар құрудың Ұлттық банк бекіткен арнайы Ережесі бар екені белгілі. Ол бойынша күмәнді категориясына жатқызылған несиеге – 5%, 10%, 20%, 50% провизия құрылса, үмітсіз несиеге 100% провизия құрылады. Ал, егер 10-кестеге (2.1 бөлім) көңіл аударсақ, 2004-жылдың 1-қаңтарына банктер берген несиелердің 38,9%-на провизия құрылған. Бұл банк активтерінің біршама бөлігі пайда табуға бағытталмай, қозғалыссыз жататынын білдіреді. Жалпы, ЕДБ-дің құрған провизияларының көлемін келесі кестеден көруге болады:
16-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |