Зайсан ауданының 2007 жылғы әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі қорытындылары



Дата23.02.2016
өлшемі99.61 Kb.
#3842
Зайсан ауданының 2007 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі қорытындылары

Өнеркәсіп
2007 жылы Зайсан ауданындағы өнеркәсіп орындары қолданыстағы  бағамен алғанда 582,4 млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 69,1 пайызға  артты. Өнеркісіп өндірісінің барлық көлемінің   11,7 пайызы тау кен өндірісіне тиді. ЖШС «Сайхан» мекемесі 2007 жылы қолданыстағы бағамен алғанда – 68,2 млн. теңгенің көмірін өндірді, былтырғы жылмен салыстырғанды 22,1  пайызға артты.
Өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі ең жоғары үлес (78,7%)  өңдеу өнеркәсібіне тиіп отыр. Өңдеу өнеркәсібінің 2007 жылы нақты көлемі – 458,2 млн. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2006 жылмен салыстырғанда 91,3% өсті. Өсудің оң беталысы, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының негізінде 2005 жылы  іске қосылған Қарабұлақ ауылындағы ЖШС «Балық Шығыс» зауыты,  2007 жылы көлемі 381,9 млн. теңгенің балық өнімдерін өндірді, бұл көрсеткіш 2006 жылмен салыстырғанда 2,9 есе артты.
Электр энергиясын, газ бен суды өндіру және таратуда өнеркәсіп өнімінің  нақты көлемі 2007 жылы 55,9 млн. теңге, бұл көрсеткіш 2006 жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға артты.

Ауыл шаруашылығы
2007 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өндірген өнімі қолданыстағы бағамен алғанда 3991,1 млн. теңгені құрап, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға өсті. Мал шаруашылығының 2007 жылы 2681,3 млн. теңгенің өнімін өндіріп, 2006 жылдан 11,5 пайызға артты. Аудан көлемінде 1573,6 млн. теңгенің 9348 тонна  еті, 958,1 млн. теңгенің 35921 тонна  сүті, 28,0 млн. теңгенің 3146 мың дана  жұмыртқасы өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ірі қара 56951 басқа немесе 4,2 пайызға, қой-ешкі 146797 басқа немесе 4,1 пайызға, жылқы 9720 басқа немесе 9,9 пайызға өсті.  Жыл басынан бері 20605 - бас бұзау, 76601 -  бас қозы-лақ, 2524 -  бас құлын алынды.  
Егін шаруашылығында 4385 га дәнді астық орылып, 8400 тонна түсім алынды. Әр гектардан 19,1 центнер астық алынды. 2515 га күнбағыс жиналып, 2895 тонна түсім алынды, немесе әр гектардан 11,5 центнерден айналды. 135 га рапс алқабынан 28 тонна, 250 га соя алқабынан 288 тонна өнім алынды. 2100 га картоп алқабынан 22820 тонна жиналып, әр гектарынан 108,6 центнерден айналды. 307 гектар алқаптан 4330 тонна бақша өнімдері жиналды.

Шағын кәсіпкерлік
Ауданымыздағы шағын кәсіпкерлікті қолдап, дамыту жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың алдына қойған ең маңызды стратегиялық тапсырысы жаңа жұмыс, өнеркәсіп орындарын ашу, халыққа қызымет көрсетудің түрлерін көбейту, бәсекелестікті өрістету.          Осыған байланысты бүгінгі күні қай саланы алып қарасақта жұмыстарында ілгері басушылық айқын байқалады. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің санын өсіру, шығарған өнімдерінің сапасын жақсарту, салық түсімін көбейту.
2007 жылы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 2068-ге жетіп 2006 жылдан 28 пайызға артты.  Кәсіпкерліктің жеке түрлеріне тоқталатын болсақ  ауданда 63 шағын кәсіпорындар тіркелген, оның 39-ы тұрақты жұмыс істемейді.
2007 жылы патенттік жүйемен 634 кәсіпкер жұмыс істеді, 2006 жылдан 20,5 пайызға артып, бюджетке 6,6 млн. теңге салық түсірді.
2007 жылы ықшамдалған декларация бойынша 200 кәсіпкер тіркеліп тұрақты жұмыс істеді, осы саладан 14,6 млн. теңге салық түсіп, 2006 жылдан 16% артты.
2007 жылы шағын кәсіпкерлік субьектілерінен жергілікті бюджетке 62,1 млн. тенге салығы түсіп, 2006 жылдан 116,2% пайызға артты.
Аудан халқына шағын бизнес саласынан 6 базар, 7-сауда үйі, 130-дүкен, 20-қоғамдық тамақтандыру орындары, 9-шаштараз, 4-іс тігу шеберханасы, 5-аяқ киім жөндеу шеберханасы, 8-қонақ үйі, 3-көпшілік монша, 4-фото салон, 2-тіс жөндеу кабинеті, 7-жанар май құю станциялары, 1-тері илеу цехы, 1-пима басу цехы, 21-наубайхана, 8- автокөлік жөндеу шеберханасы  жұмыс атқаруда.
2007 жылы ауданымызда жаңадан 8-сауда дүкені, 1-кафе, 2- наубайхана, 1-жанар-май құйу станциясы, 2-банкет залы, 1-шағын лимонад зауыты, 2-автокөлікке қызымет көрсету шағын шеберханасы іске қосылды.
Ауданымызда 2006-2008 жылдары орта, шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жасалынып, соның негізінде іс-шаралар атқарылуда. Сонымен қатар 2008 жылы ауданымызда төмендегі  кәсіпорындарды іске қосу жоспарлануда:  Дайыр ауылынан таза су шығару зауытын;  Қарабұлақ ауылынан шұжық цехын; «СМУ Шығыс» кәсіпорыны темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытты; Кеңсай ауылынан «Алға Кеңсай» шаруа қожалығының жеміс консервілеу цехын; Көкжыра ауылынан шағын сүт өңдеу цехын; Айнабұлақ ауылында орналасқан кірпіш зауытын қосуды «Клинкер ЛТД» қолға алды.

Негізгі капиталға инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2007 жылы 253,9 млн. теңге болды, 2006 жылдан 19,8 пайызға артты. Бюджет қаржыларының үлесіне 83,9 пайыз, 16,1 пайызы кәсіпорындардың меншікті қаржыларына келеді.
Ауданда тұрғын үй құрлысының қарқыны өрлеуде. Зайсан қаласы, Жангелдин көшесіндегі (ауданы 3725,5 ш.м.) 60-пәтерлі тұрғын үй құрылысына жеке инвестор «Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС-і - 41,0 млн. теңге жұмсап,  пайдалануға берді.
Тұрғын үй мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында  ипотекалық несие арқылы  20 бір пәтерлі үйлерге және осы үйлердің инженерлік құрылымдарына - 68,7 млн. теңге, инженерлік құрылымдарына – 36,9 млн. теңге және жергілікті бюджеттен жобалық сметалық құжатына 787 мың теңге бөліп, бүгінгі күні мердігер «СМУ-Шығыс» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Республикалық бюджеттен 2007 жылы 36,4 млн. теңге бөлініп,  (сметалық құны 134,9 млн. теңге болатын) 170 орынды Тасбастау орта мектебі салынып, 30-шы тамызда пайдалануға берілді.
Кендірлік бөгеуін қайта жаңғырту  жұмыстарына тендер өткізіліп, мердігер «СМУ-Шығыс» ЖШС-і 2007 жылға бөлінген 70,0 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыс жүргізілді.
Зайсан қаласының Жеменей өзені арқылы өтетін көпір салу мақсатында 2007 жылы жобалық сметалық құжатын дайындауға 500 мың теңге бөлінді. Сондай ақ орталық Сайқан стадионын қайта жаңғырту мақсатында 880 мың теңге, балалар - жасөспірімдер спорт мектебін салу жоспарымен 350 мың теңге жобалық сметалық құжаттарына бөлінді.

Инженерлік инфрақұрылымының дамуы
Ауданда 167 км Республикалық, 292 км жергілікті маңызы бар автокөлік жолдары бар. Аудан жолдарының күрделі жөндеу жұмыстарына  2007 жылы 72,560 млн. теңге бөлінген, бұл 2006 жылдан 20,3 пайызға жоғары.
2007 жылы жергілікті бюджеттен Омск-Майқапшағай-Кеңсай-Шілікті автокөлік жолының күрделі жөндеу жұмысына 1,5 млн. теңге бөлінді.
Облыстық бюджеттен  24,3 млн. теңге қаржы «Аққойын-көмір» кені жолын (5км) күрделі жөндеуге бөлініп, толығымен игерілді.
Зайсан қаласындағы орталық Жангелдин, Желтоқсан көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2006-2007 жылдарға 97,9 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. Жол шетіндегі бордюрлер, арықтар жөнделіп,  асфальт төселді және көшелер жарықтандырылды.
Зайсан қаласының Боқажанов атындағы көшені жөндеу, орталық Жангелдин көшесінің күрделі жөндеу жұмысын жалғастыру мақсатында 2,2 млн. теңге жобалық сметалық құжаттарына берілді.
Зайсан қаласында қалаішілік автобус маршруты ашылып, жергілікті бюджеттен 1,8 млн. теңге дотация берілді.
Сумен жабдықтау желілерінің жұмыстарына үлкен назар аударылуда. 2007 жылы «Ауыз су» өңірлік бағдарламасы негізінде су құбырларын күрделі жөндеуге 27,1 млн. теңге қаржы қаралып (оның ішінде Зайсан қаласына – 7,1 млн. теңге, «Сауыр» мөлтек ауданына – 7,0 млн. теңге, Кеңсай ауылдық округіне – 7,0 млн. теңге, Біржан ауылдық округіне – 6,0 млн. теңге)  толығымен игерілді.  

                 


Әлеуметтік инфрақұрылымының дамуы
Орталық  аурухананың психоневрологиялық бөліміне, осы аурухананың ауласын көркейту, күрделі жөндеу жұмыстарына 2007 жылы  7,0 млн. теңге қаралып, толығымен игерілді. Сонымен қатар Туберкулезге қарсы емдеу ауруханасына - 7,5 млн. теңге, №1 жанұялық емханаға - 5,0 млн. теңге, Шілікті жанұялық емханасына - 7,0 млн. теңге, Кеңсай жанұялық емханасына - 4,0 млн. теңге қаржы бөлініп,  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудандық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына сметалық құны 67,2 млн. теңгеге тендер өткізіліп, жеңімпаз «Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС-і биылғы жылға бөлінген 25,0 млн. теңге толығымен игерілді.
Білім беру объектілерін күрделі жөндеуден өткізуге 2007 жылы аудандық бюджеттен 9,158 млн.теңге бөлініп, Амангелді орта мектебінің төбесімен 2-3 ші қабатының еденін жөндеуге және Айнабұлақ орта мектебімен Жамбыл орталау мектептерінің жылу қазандығын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бюджет
Аудан бюджетінің барлық (өз кірісі, трансферттер мен субвенция) кірісінің жоспары 2007 жылы 1261,4 млн.теңгені құрап, жыл аяғында нақты 1270,8 млн. теңге түсіп, 100,7 пайызға орындалды, 2006 жылмен салыстырғанда 44,7 пайызға артты. Ауданның даму бюджетіне 2006 жылы 1,4 млн. теңге берілсе, 2007 жылы 110,4 млн. теңге берілді немесе 7 есе ге артты, оның үлес салмағының 87,4 пайызы «Тұрғын үй» бағдарламасын іске асыруға, 6,6 пайызы адами капиталды дамытуға және «Электрондық әкімдікті» құру бағдарламасының жүзеге асыруға 4,3 пайызын құрады.
Сонымен қатар бюджеттің ағымдағы шығындарына 2007 жылы 220,9 млн. теңге қаралып, 2006 жылдан 75,4 пайызға өсті. Ағымдағы бюджеттің 40,8 пайызы материалдық техникалық базаны нығайтуға, 58,6 пайызы күрделі жөндеу жұмыстары мен жобалық сметалық құжаттарға, және қалған 0,6 пайызы азаматтардың жекелеген топтарына үй сатып алуға берілді.
Ауданға жоғарғы бюджеттен түскен транферттердің көлемі 2007 жылы 342,0 млн.теңгені құрап, 2006 жылдан 2,2 есеге, субвенция көлемі 585,7 млн. теңге немесе 23,1 пайызға артты.
Ауданның өз кірістерінің нақтыланған  жоспары 331,8 млн. теңге салықтар мен төлемдер түсуіне орай жыл аяғында 343,0  млн. теңгеге көтеріліп, жоспар 103,4 пайызға орындалды, бұл 2006-шы жылдан 35,9 пайызға өсті. Салықтық түсімдер 103 пайызға орындалды, оның ішінде төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы жоспардан 7,9 пайызға,2006 жылдан 49,3 пайызға және әлеуметтік салық 165,5 млн. теңгені құрап, 2006 жылдан 22,5 пайызға артты. Салық берешектерінің көлемі 2007 жылы 1,8 млн. теңгені құрап, 2006 жылдан  1,3 млн. теңгеге азайды.

Бөлшек сауда тауар айналымы
Барлық арналар арқылы өткізілген бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 931,8 млн. теңге болып, бұл 2006 жылғыдан 10,2 млн. теңгеге  немесе 101,1 пайызға артты. Тұтыну тауарларының бағалары мен қызметтер тарифтерінің индексі 2006 жылмен салыстырғанда 116,1 болды, оның ішінде азық-түлік тауарлары индексі 122,3 басқа тауарлар индексі 109,9, ақылы қызметтер индексі 113 болды.

Халық саны
2007 жылы Зайсан ауданының халық саны 38594-ке жетіп, экономикалық белсенді халық саны 19895 адамды құрады, оның ішінде 12347 адам ауылдық елді мекендерде тұратындар.
2007 жылы дүниеге келген сәбилердің саны 666 бала, бұл 2006 жылдың  осы мерзімімен салыстырғанда 34 балаға көбейді, аудан бойынша 337 адам қайтыс болып; оның ішінде 9-ы бір жасқа дейінгі балалар. Табиғи өсiм 329-ға жеттi.  Заңды түрде отау тiккендер саны 336 болса, ажырасқандар саны 50 болды.             Ауданға 2007 жылы 1158 адам көшіп келдi, ауданнан басқа жаққа қоныс аударғандар саны – 1109 адам, бұл көрсеткіштер  оң шығып 49 адамға көбейді, оның iшiнде 98-і  16 жасқа дейінгі  балалар.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
Аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуды дамыту бойынша шаралар жүзеге асырылуда. 2007 жылы 201 жаңадан жұмыс орындары ашылды. Жұмыссыздар саны 7,5 пайызға төмендеп, 628 адамды құрады. Экономикалық белсенді тұрғындардың арасынан тіркелген жұмыссыздардың үлесі 3,1 пайызды құрайды.
2007 жылы аудандағы кәсіпорындар мен ұйымдармен келісім шарттарға сәйкес жастар іс тәжірибесінен 7 адам өтті. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 2007 жылы 483 адам жіберілді. Жыл басынан бері тіркеуде тұрған 30 жұмыссыз оқуға жіберілді. Жұмыспен қамту бағдарламасына 2007 жылы жергілікті бюджеттен 9,884 млн. теңге қаржы қаралып 100 пайыз орындалды.
Ауданда тұратын аз қамтылған, кедейшіліктің шегінен төмен тұратын адамдарға атаулы әлеуметтік көмек 2007 жылға жергілікті бюджеттен аудан бойынша 17,6 млн.теңге қаражат қаралып, 433 отбасының 1359 мүшесіне төленді.  18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақысына 2007 жылға 36,8 млн.теңге қаражат қаралып, 1633 отбасының 3934 баласына төленді. Табысы аз 52 отбасына 500 мың теңгенің тұрғын үй көмегі төленді.
Жеке оңалту бағдарламасы бойынша облыстық медициналық әлеуметтік сараптама комиссиясынан биылғы жылы 161 мүгедек адам дәрігерлік тексеруден өтті. Әлеуметтік медициналық сараптау комиссиясының қорытындысы негізінде мүгедектерге 1,477 млн. теңгеге гигиеналық құралдар сатылып алынып, 30 адамға оңалту бағдарламасына сәйкес таратылып берілді, оның 19-ы балалар. 
Үйде оқып, тәрбиеленетін  31 балаға 2,489 млн. теңгенің материалдық қамсыздандыру төлемі берілді.

Байланыс жүйесі
Ауданда 13 автоматты телефон станциясы бар, барлығы халықаралық және қалааралық сөйлесу жүйелеріне қосылған. Аудан бойынша жабдықталған 4274 нөмірдің 99,5 пайызы іске қосылған. Аудан бойынша 11 таксофон аппараттары жұмыс істейді. 2007 жылы 82 телефон нүктесі орнатылды. Негізгі телефондар саны 26 бірлікке ұлғайтылды. Халықаралық, қалааралық сөйлесулер жоспары 100,3 пайызға, кіріс жоспары 100,1 пайызға орындалып, қорытындысында пайда жоспарының орындалуы 100,5 пайыз болды. 2007 жылдың маусым айынан бастап сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында телефон желілерінің сиымдылығын кеңейтуге бағытталған құны 90,0 млн. теңге болатын құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2007 жылы жергілікті бюджеттен 300 мың теңге қаралып Чүршітсу, Жана–Тұрмыс, Сартұмсық, Жаңа-баз, Аққойын, Жіңішке-су, Қосқора, Қабырғатал, Дауал, Сәтпай  ауылдық елді мекендеріне радио телефондар орнатылды.

Білім саласы
Ауданда 30 мектеп, оның 1-і мектеп интернат және 2 мектептен тыс мекеме, 2 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Мектептердің 21 – орта, 5 – орталау, 4 – бастауыш мектеп, 24 мектеп ауылдық жерлерде. Оқу жылын 7521 оқушы бастап, оларға 1111 мұғалім сабақ береді. Аудан бойынша 5-6 жастардағы балалардың саны 982, олардың 981-і мектепке дейінгі мекемелерге, мектепке және мектепалды даярлық сыныптарына тартылған.
Сыныптардың орташа сыйымдылығы нормаға сәйкестендірілген немесе 18 оқушыны құрайды. Аудан мектептері толығымен компютерленіп, интернет жүесіне қосылған.   
12 жылдық білім беру жүесіне көшу мақсатында 292 мұғалім білімін жетілдірсе, ұстаздардың кәсіби деңгейін көтеру үшін жаңа технологияларды пайдалану семинарлары өткізілді.
2006-2007 оқу жылын негізгі мектеп курсын бітірген 816 оқушының 69-ы ерекше үлгідегі куәлікке бітірді. 2007 жылды 7521 оқушының 3146 үздік аяқтап, білім сапасы 42 пайыз болды.
2007 жылы  білім беру мекемелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен 5,6 млн. теңге, өрт сөндіру сигнал беру жабдығына 2,3 млн. теңге,  материалдық-техникалық базасын нығайтуға 83,6 млн. теңге қаралып, 4 мультимедиалық кабинет, 7 физика, 2 биология және химия, технология, медицина кабинеттерімен жасақталды.

Дене шынықтыру және спорт
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спорттың бұқаралық түрі дамуда. Жыл басынан бері 27 аудандық спорттық шаралар ұйымдастырылды. Волейболдан ауданаралық турнирлер, баскетболдан, хоккейден турнирлер, жеңіл атлетикадан, қазақша күрестен, армрестлингтен жарыстар ұйымдастырылды. «Наурыз» мейрамында, 1 мамырда, 9 мамырда мерекелік шаралар аясында спорттық жарыстар өткізілді. 11 тамыз күні орталық алаңда спорт күні, 22 қыркүйекте денсаулық фестивалі аталып өтілді.
Аудандық ХI халық ойындарына  қала, ауыл округтерінен 9 команда қатысып, жүлделі орындарды Қарабұлақ, Қаратал, Шілікті ауыл округтерінің командалары жеңіп алды.
Семей қаласында өткізілген облыстық халық ойындарында ауданның құрама командалары 20 спорт түрлерінің 19-на қатысты. Ойындардан аудан спортшылары 2 алтын, 2 күміс, 17 қола медаль алып 11-орынмен оралды.

Денсаулық саласы
Тұрғындардың денсаулығы-маңызды әлеуметтік көрсеткіштердің бірі. Аудан халқына 2 аурухана, 8 жанұялық емхана, 2 ФАП, 10 ФП және 17 ғимаратсыз қызметкерлер медициналық көмек көрсетеді.
Әлеуметтік саясаттың маңызды буыны азаматтардың денсаулығы болып табылады. Жылдан-жылға денсаулық сақтауға бөлінетін шығындар көбеюде. Бұл кәзіргі заманғы диагностикалық және медициналық құрал –жабдықтар, санитариалық автокөліктер сатып алуға, ауданның ауруханаларына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетулер саласына диагностика мен емдеудің жаңа технологиялары енгізілуде.
Аудандағы барлық емдеу-сауықтыру мекемелерінде 2006 жылы 208252 қабылдау жүргізілсе, 2007 жылы  213485 қабылдау жүргізілді.            Ауруханаларда 5106 науқас емделіп шықты, оның 92-і  туберкүлезге қарсы емханасынан. Күндізгі емдеу стационарында 837 адам емделіп шықты. Жедел жәрдем бөлімінде 11750 шақыртуға медициналық көмек көрсетілді.

Мәдениет
2007 жылы әртүрлі тақырыптармен аудандық мәдениет үйі бойынша 34, аудандық кітапхана бойынша 41, ауылдық клуб үйлерінде 37 мәдени шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Ауданның мәдениет саласына 2007 жылы облыстық бюджет қаржысынан 4,5 млн. теңгеге Бейнемобиль сатып алынды.

Қоғамдық тәртіп
2007 жылы негізгі бағыттар қылмысқа қарсы күрес және құқықтық тәртіпті күшейту бойынша ішкі істер органдарының қызметі елеулі түрде жандандырылды.  Аудан аумағында 2007 жылы тіркелген қылмыстар саны 164, атқарылған нақты алдын-алу шаралары нәтижесінде аудан көлемінде  тіркелген қылмыстардың саны өткен жылмен салыстырғанда 32,8  пайызға төмендеді.  Тіркелген қылмыстардың ашылуы 84,8  пайызды құрады. 2007 жылы жергілікті бюджеттен 760 мың теңге қаржы бөлініп, Зайсан қаласының мөлтек ауданынан полицияның 1тірек пункіті ашылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет