Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:
|
Атақты тұлғалар
|
Педагогтың Т.А.Ә.
|
Алиева Н.Б.
|
Күні: 03.03.2023
|
|
Сынып: 3 «Г»
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Кел, балалар, оқылық!
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
3.1.3.1 тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру, кесте толтыру
|
Сабақ мақсаттары
|
тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастырады, кесте толтырады.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Педагогтың іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
Ой қозғау.
– Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын оқыған кезде ойларыңызға қандай ассоциация келді?
– Сабақ кім немесе не туралы деп ойлайсыңдар?
Оқушылар өздерінің ассоциацияларының негізінде сабақ тақырыбы туралы кестені толтырады. Сабақтың мазмұны қандай болатынын және қандай сөздік қор қолданылатынын болжау үшін алдыңғы сабақтағы тақырып, автор туралы бұған дейінгі білімдер пайдаланылады. Шығатын қорытынды:
1.Ыбырай Алтынсарин қай облыста дүниеге келді?
2.Ыбырай Алтынсарин кім?
3.Ол кімдерге арнап көп әңгіме жазған?
4.Ол қазақ даласына не ашты?
5.Ол кімдермен дос болған?
6.Мұражайы қай қалада орналасқан?
|
Оқушының сәлемдеседі.
Сабақтың тақырыбын болжайды.
|
Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!
|
«Болжау» әдісі
|
|
Ыбырай Алтынсарин – қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан ұстаз.
«Кел, балалар, оқылық!» – Ыбырай Алтынсариннің балаларға жазған өлеңі.
Тыңдалым мәтіні:
1-тапсырма. Мәтінді тыңда. Сұраққа жауап бер.
Тұңғыш мектеп ашқан ұлы ұстаз – Ыбырай Алтынсаринның музейі киіз үй тәріздес екі қабатты ғимарат. Музейге Ыбырай Алтынсаринның кітаптары, жеке заттары, фотосуреттер жинақталған. Музейде ең құнды заттардың бірі Ыбырай Алтынсаринның отбасы қолданған төсекқап. Музейде ақындармен кездесу ұйымдастырылады.
Ыбырай Алтынсарин музейі неге ұқсайды?
Музейде қандай заттар бар?
Ыбырай Алтынсариннің қайда орналасқан?
|