Ўзбекистон республикаси олий ва ўрта махсус таълим вазирлиги низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


I.2.Қазақ тіліндегі етістік және оның зерттелуі



бет2/3
Дата08.07.2016
өлшемі243.5 Kb.
#185816
1   2   3

I.2.Қазақ тіліндегі етістік және оның зерттелуі

Етістік сөз табының ішіндегі мағынаға да, грамматикалық формаға да бай сөз табының бірі болып саналады. Ол тек морфологиялық формаларға ғана бай болып қалмастан, оның синтаксистік қызметінің де көп аумақты екендігін жасыруға болмайды. Сондықтан да грамматика саласында етістікті зерттеу ерекше орын алады. Егер түркі тілдерінің барлығында жазылған грамматикалық оқулықтарды ашып қарайтын болсақ, онда олардың баршасында да етістіктерге арнайы тоқталып өтілетінлдігі сыр емес. Етісітік морфологиялық құрылымы бойынша болымды-болымсыз, рай, жақ, шақ және сан категориялары бар, синтаксистік жағынан сөйлем баяндауышы қызметіне бейім, лексикалық мағынасы – қимыл мен әрекет болатын сөздердің грамматикалық класы ретінде есімдер тобынан айрықшаланып тұрады.

Түркі тілдеріндегі етістіктер сыпаты бірыңғай. Екінші сөзбен, қазақ тіліндегі етістіктердің категориялары, түбір мен туынды түбір қалпы басқа түркі тілдерінде де қайталанып, сол дәрежеде көрінеді. Кейбір айырмашылық жеке тұлғалардың синтаксистік қолданысы мен семантикасында ғана бар.

Етістіктердің дербес грамматикалық топ ретінде жіктелуі түркі негіз тілі дәуірінде басталып, кейбір іздері оның жеке тілдерге ыдырау дәуірінен кейін де жалғасады. Соның бір көрініс – қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде-ақ жақтық қосымшалар етістіктер мен есімдерге бірыңғай жалғанады. Мысалы, қазақ тілінде инженер-мін, бара-мын, инженер-сің, бара-сың. Осымен бірге, жақтық қосымшалардың «қысқарған» варианты да бар: бар-ды-м, бар-ды-ң. Осындай сыпат басқа тілдерде де сақталған: ноғай тілі ала-ман, ала-саң, тува тілі алыр сен, алыр біс, т.б. Етістіктің жедел өткен жақ тұлғасына қосылатын –м жалғауы есімді тіркестер құрамында да қайталанады: (менің) кітаб-ы-м. Қазақ тілінде (басқа да түркі тілдерінде) етістіктің есімше түрленуі бұл айтылғандармен бітпейді. Айталық, қалау рай деп қаралатын (өйткені сондай мән туғызып, сондай қызмет атқарады) –ғы (қимыл есім) + көмекші етістік тіркесі де есімдерше өзгереді: барғым келді, барғың келді.

Тарихи – түркологиялық зерттеулер қазірге тілдердегі етістік тұлғаларының арғы негізі қимыл есімдері деп дәлеледеді4. Қимыл есімі атауы тарихи грамматикада шығу тегі, мерзімі жағынан бүкіл етістіктермен немесе етістік топ деген мәнде қолданылады. Қимыл есімдері есім мен етістік қызметін қоса атқарған синкретикалық түбірлерден жіктеліп шыққан топ, сонда көш, той, ақ тәрізді синкретикалық түбірлердің сөйлем құрамындағы бір қызметінен іс-әрекеттің уақыт-мерзімге қатысын, сөйлеушінің іс-әрекет пен оның орындаушысы арасындағы қатысына көзқарасын білдіретін, екінші сөзбен, шаққа, райға жіктелетін сөздердің грамматикалық класы қалыптасты. Қысқасы, қимыл есімдері шақ пен рай тұлғаларының семантикалық көп түрлілігіне негіз болды. Түркі тілдерінің тарихынан белгілі қимыл есім тұлғалары да есім мен етістік қызметтерінде қатар қолданылады (әрине, олардың бұл ерекшелігі алғашқы синкретикалық түбірлерге қарағанда әлдеқайда бәсең). Жалпытүркілік аяда қолданылатын қимыл есімдерінің негізгі түрлері мынадай: -ғы, -ынч (-ынш), -мақғ –ма, -ыш (-ыс), -ық (ық), -ы (-у), -а, -ыт,-ын, -мыш (-мыс), -ғын, -ған, -дық, -ыр, -ар, -ғыр. Бұлардың қазіргі тілдерде таралу дәрежесі бірдей емес. Қазақ тілінде –мыс, -ынш, -ғын, -дық тұлғалары актив қолданылмайды, сондықтан олардың шақ тұлғаларын жасауы да кездесе қоймайтын құбылыс. Оның үстіне, бұл тұлғалардың шақтық парадигма жасау дәрежесі де бірдей емес: -ған, -ар, -а тұлғалары бұл қызметте актив болса, -ыр, -ғы, -ы, -мақ тұлғалары пассив, кейбір етістіктер құрамында ғана қолданылады. Ал –ыс, -ыт, -ық, -ғын, -дық тәрізді тұлғалар шақ жасауға қатыспайды. Түркі тілдерінің кейінгі дәуірлерінде осы тұлғалардың негізінде екінші дәрежелі қимыл есім тұлғалары қалыптасты: -ығчы (> -ушы), -мақчы (> -мақшы), -ығлы (>-улы), -ғалы, -асы, -ажақ, т.б.

Қимыл есімдерінің кейбір түрлері қолданылу процесінде сбустантивтер мен адъективтерге айналып кетті, біразы вербализацияға ұшырады. Вербализацияға ұшырағандар біздің бүгінгі тілімізде есімше деп ұғынылатын топтар; -ғалы тәрізді бірен-саран тұлғалар ғана көсемшеге айналды. Ал субстантив пен турур (тур етістігінің есімше тұлғасы) етістігінің тіркесі жаңа дәуірде осы процеске ұшыраса, жатыс жалғауы қимыл есімдерінің вербализациясы біздің заманымызда қалыптасқан құбылыс: жеңудеміз, жетудеміз, т.б.

Қимыл есімдерінің семантикалық жіктелісі әрбір тұлғаның бір мәнде тұрақталып, басқа мән-мәнерден ажырау жолымен жүрген. Бұл процестің сыпаты жеке тілдерде бірыңғай болмаған. Сондықтан да рай түрлерінің жеке тілдерде қолданыс мәні мен қызметі де бірдей бола бермейді. Айталық, -асы тұлғасы қазақ тілінде тек қана қимыл есімі, ал якут тілінде рай жасайды, азербайжан тілінде істі істеуге ниеттілікті білдірудің тәсілі болып қолданылады.

Тілдің даму барысында қимыл мен күйдің атауы болған қимыл есімдерінен қосымшасыз түбір тұлғасы етістіктер ІІ жақ бұйрық мәнін беретін семантикалық топ болып жіктеліп шықты. Мұның нәтижесінде тіл құрамында атау тұлғасына негізделген есімдер мен ІІ жақ бұйрық рай тұлғасына негізделген етістіктер жүйелері сараланды, ал етістіктің өз ішінде бұйрық рай мен ашық рай жүйесі жіктелді. Кейінгі даму барысында ІІ жақ бұйрық рай тұлғасы, яғни, қосымшасыз тұлға басқа рай түрлеріне негіз болды.

Қимыл есімдерінің ашық райлы етістік біржолата қалыптасуына екі түрлі құбылыс себеп болды. Ол, біріншіден, сөз қолданудың қатаң орын тәртібі немесе сөздердің позициялық қолданыс заңдылығы. Тілдің әлі балаң дәуірінде тіркестер есімдер негізінде құралды да, компоненттерінің арасындағы қатынас сыпаты сөздердің орналасуы, орын тәртібі және айтылу интонациясы арқылы айқындалды. Қимыл есімдері зат, сын атауларымен салыстырғанда семантикалық жағынан предикативтілікті білдіруге әлдеқайда бейім болды. Ондай сөздерінің семантикалық осы айрықшылығы сөйлем соңында тұрақты қолданылу арқылы предикатив қызметінде бекінуіне себеп болды. Сөйтіп бұл жерде сөздің семантикасы мен оның қолданыс орны тұтасып келіп вербализацияға негіз болды. Қимыл есімдерін предикативтілікте тұрақтандырған екінші құбылыс оларға жіктеу есімдіктерінің тіркесуі. Сөйлемнің жақтық мәні оның соңында айтылған жіктеу есімдіктері арқылы белгіленген. Предикатив қызметіндегі қимыл есімінің грамматикалық көрсеткіші қызметінде айтылған жіктеу есімдіктері айтылу интонациясының әсерімен тұлғалық өзгерістерге түсіп, қимыл есім құрамына еніп, жақ пен санды білдіретін тәсіл болып қалыптасты. Сөйтіп бұл процесс қимыл есімін қимыл мен әрекет мәнінің белгілі бір уақыт пен жаққа қатысын білдіретін сөздердің грамматикалық класына айналдырды, екінші сөзбен, ашық райлы етістік немесе етістіктің жіктелетін тобы қалыптасты.

Тілдің даму барысында есім мен етістіктің ара жігін ашып, таза етістік қасиетін молайта түсетін жаңа категориялар қалыптасты, болымды-болымсыздық категориясы, сабақтылық пен салттық мәннің грамматикалық тәсілдер арқылы жіктелуі, қимыл-әрекеттің объектілік және субъектілік қатынасы, таза етістік жасайтын аффикстер тобы, т.б. категориялар жіктеліп жүйеге айналды. Сонымен қатар, қимыл есімдері де предикатив қызметінде тұрақты да актив қолданылумен қатар, есім мәнін де жайған жоқ. Қазіргі тілдегі есімшелердің басым көпшілігі есімдерше түрленеді, сонымен бірге предикатив қызметін атқарады, етістіктерге тән тұлғалар бойынша өзгереді. Оған орай есімшелердің синтаксистік қызметі де көп түрлі: есімдерге тән қызметте де, етістіктерге тән қызметтерде де қолданыла алады5.

Етістік деп қимыл-әрекетті, қалып пен күйді білдіретін етіс, рай, шақ, жақ, сан, болымсыздық категорияларын арнайы морфологиялық тұлғалар жүйесі арқылы білдіре алатын сөз табы аталады6. Етістік деп аталатын сөз табына тікелей жақ, шақ қосымшаларын қабылдай алатын сөздер жатады. Мұндай ерекшелік олардың синтаксистік қызметі арқылы айқындалады. Сол сияқты синтаксистік қызметі бойынша түркі тілдеріндегі етістіктер жіктелетін формалар жүйесіне және жіктелмейтін, жақ, шақ бойынша өзгермейтін формалар жүйесіне бөлінеді.

Етістіктің есімдерден морфологиялық тұлғалар арқылы бөлектенуі түркі тілдерінде бір сипатта өтеді. Оның себебі: етістіктердің есімдерден негізгі жіктелісі ата тіл, негіз тіл дәуірінде басталған процесс. Дегенмен, бұл процесс (яғни етістіктердің есімдерден жіктелуінің) әлі де түгелдей аяқталып болмаған. Айталық, қазіргі түркі тілдерінде есімдер етістіктерге жақ, шақ жалғаулары бір сипатта жалғанады. Мысалы, ноғай тілінде аламан, тува тілінде: алыр мәл, алыр сән. Ал қазақ тілінде: инженермін, аламын, инженерің, аласың т.б. Көне түркі тілінде: мен батыр мен т.б. Бұл фактілер жаңағы аталған формаларда етістіктер мен есімдердің айқын жіктелгендігін көрсетпейді. Сондай-ақ, кейбір тілдерде –ды тұлғалы жедел өткен шақ ер гелдейді (ер етістігінің продукцияланған түрі). Бұл –ды тұлғасының о баста таза етістік болғандығын дәлелдейді.


II тарау. Орта мектепте қазақ тіліндегі етістікті оқыту мәселелері

II.1. Етістіктің лексика-семантикалық сипаты

Етістік — тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика-семантикалық формаларымен, көсіліңкі синтаксистік қызметімен тығыз байланысты.

Етістіктің лексика-грамматикалық сипатының мейлінше өрісті болатын себебі — ол семантика тек субъектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғат ауқымында, қоғам өмірінде ұшырасатын, адамның абстракты ойы мен санасы арқасында туатын неше алуан амал, әрекет, іс, қимыл, қозғалыс, жай, күй сияқты процестерге қатысты ұғымдарды түгел қамтиды. Етістіктің осы бай семантикасы, оның түр-түрі, қашан да болсын, мезгіл я шақ ұғымымен ұштас болады.

Етістіктің лексика-грамматикалық формаларының бай болатын себебі — ол формалар амал-әрекеттің болу мезгілін, жүзеге асу кезеңін және олардың өту сипатын, яғни бағыты, қарқыны, тынуы, тәрізді жайларды бағдарлатады, демек, етістік формалары осы және олардан өзге әр түрлі құбылыстардың көрсеткіштері есебінде қызмет етеді. Бұлардың үстіне, етістіктен етістік тудыратын, есімнен етістік тудыратын семантикалық, аналитикалық тәсілдердің жүйелерін, олардың нақтылы үлгі-нұсқаларын қоссақ, етісітік деп аталатын сөз табы форма жағынан орасан бай категория екені ашыла түседі. Шынында да, форма байлығы жағынан етістікке өзге бірде-бір сөз табы, солардың ішінде формасы ең бай саналатын зат есімнің өзі бара-бара түсе алмайды.

Етістіктің лексика-семантикалық мағынасы мен формаларының байлығы оның өзіне тән әрі алуан лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық және грамматикалық категорияларынан тіпті айқын көрінеді. Мысалы, етістіктің өзіне лайық сөз тудыру жүйесі, ол жүйенің неше қилы формаларымен қатар, өзіне ғана тән сөз түрлендіретін де формалары бар. Ал шақ, рай, етіс, амалдың жүзеге асу (өту) сипаты сияқты жүйе-жүйе категориялар — етістіктің семантика жағынан ең бай формалары, сондай-ақ, етістіктің өзге семантикалық және морфологиялық формаларынан мазмұнды да, тұрпат-түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп аталатын категорялары бар. Бұлар, бір жағынан, етістікті басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін формалар болса, екіншіден, солармен ұштастыратын айрықша функциялары бар категориялар. Бұл аталған формалармен жарыса өмір сүріп, тіркестегі өзге сөздердің мазмұнына өзінше үлес қосып, қажетіне қарай, олардың формаларына да өзгеріс енгізіліп отыратын болымдылық және болымсыздық, сабақтылық және салттық категориялары да бар. Бұлар етістіктің нағыз категориялық сипаттарының белгілі көрсеткіштері делініп есетелінеді.

Етістіктің осындай әр қилы категорияларының мағыналары да, синтаксистік қызметтері де, әдетте, сол етістіктің өзге формаларымен және өзге сөз таптарына тән сөздермен қарым-қатынасқа түскенде айқындала түседі. Өйткені әр форманың мағынасы да, қызметі де көбінесе сөйлемде, белгілі сөз тіркесінің ауқымында анық ашылады. Мысалы, етістіктің кейбір формаларының тек қана баяндауыш болуы, кейбір формаларының сөйлемнің барлық мүшелері есебінде қолданылуы сияқты грамматикалық құбылыстар тек сөйлем ішінде, сөз тіркесі ауқымында ғана анықталады. Сонымен бірге, етістіктің семантикасы сол сөздің құрамы мен құрылысына астасып жатса, керісінше, қызметі оның семантикасы мен формасына ұштасып отырады. Сол себептен етістік формаларының сыр-сипаттарын бір-біріне байланыстырмай, алды-алдына талдау, қашан да болсын, ағат болмақшы.

Етістіктің лексикалық құрамында қашан да болса, солардың әрқайсысының өзіне тән лексикалық мағынасы болады. Солай бола тұра лексикалық мағыналары қаншалықты басқа-басқа болғандарымен, сол етістіктің бәрі де, ең алдымен, мазмұнындағы барлығына да ортап сипат есебінде танылатын семантикалық ерекшеліктеріне қарай бір сөз табына телінеді. Дегенмен де, лексика-грамматикалық белгілері бірыңғай жеке сөз саналатын етістіктердің өздерін іштей бір-біріне мағына жағынан жарқындықтарына, өзара функция жағынан орайластықтарына қарай топ-топқа бөлуге болады. Мысалы, оларды осы тұрғыдан алып, іштей: амал-әрекет етістіктері (босат, көтер, күрес, ки, сыз, өлше т.б.), қимыл-қозғалыс етістіктері (ауна, аудар, домала, зыт, қаш, секір т.б.), қалып-сапа етістіктері (жат, жантай, тұр, тос, күт, ұлғай т.б.), ойлау-сөйлеу етістіктері (айт, сөйле, де, ескер, жатта т.б.), өсу-өну етістіктері (балала, жапырақта, гүлде, өс, өн т.б.), бағыт-бағдар етістіктері (бар, кел, кет, қайт, әпер, әкет т.б.), көңіл-күй етістіктері (жыла, қайғыр, өкін, күл, қуан т.б.), бейнелеу-еліктеу етістіктері (жарқыра, күркіре, дүркіре, тарсылда, сыртылда, сырқыра т.б.), дыбыс-сес етістіктері, көру-есту етістіктері; мінез-құлық етістіктері деген сияқты әлденеше топқа бөліп, саралуға болады. Сондай-ақ, сыртқы түр-тұрпат ұқсастықтарына немесе мағына-мазмұны жақын, алшақ, қашықтықтарына қарай олар омоним етістіктер, синоним етістіктер, антоним етістіктер деген тәрізді топтарға да жіктеуге болады.

Етістіктер мағынасына қарай топтастыру мәселесі де, басқа сөз таптары сияқты, белгілі бір мақсатқа я нысанаға орайлас құрылуы қажет. Өйткені жоғарыдағы топтаулар лексикология, лексикография, семасиология, стилистика, тіл тарихы ғылымдары үшін қонымды болғандарымен, грамматиканың талап-талғамы үшін, әрине сондайлықты ұғымды бола қоймайды. Ендеше, етістіктің грамматикалық формалары мен қызметтерін дұрыс айқындау үшін, оларды формалардың, туынды синтетикалық және аналитикалық формалардың семантикалық құрылымдарына орай жіктеп, сыр ашу — олардың формалары мен мазмұндарының арақатынастарын анықтауға тиімді де, қонымды да болмақ. Себебі — грамматикалық семантика, қашан да болсын, сөздің құрылысы мен құрамына байланысты болады. Сондықтан жұрнақ арқылы жасалатын туынды етістіктер мен кемі екі сөзден құралатын күрделі етістіктердің семантикалық құрылымы жайында — оларға арналған тиісті тақырыптарда сөз болмақшы да, төменде тек түбір етістіктердің семантикалық жүйесі жөнінде қысқаша түсінік берілмекші. Өйткені, әдетте, есімдерге және басқа сөз таптарына қатысты (байырғы я кірме болуы шарт емес) сөздерден жұрнақ арқылы туған жалаң етістіктер де, кемі екі сөзден құралып жасалған күрделі етістіктер де барлығы тіліміздегі ежелгі түбір етістіктердің семантикалық жүйесіне, морфологиялық формасына және синтаксистік функциясына орай құралып, солардың негізгі заңдарына лайық қалыптасып отырған. Онан қала берді, байырғы түбірлер, қашан да болсын, өзге туынды етістіктерге, әсіресе мағыналық құрылымы мен грамматикалық функциясы жағынан әрі ұйытқы, әрі өрнек есебінде қызмет еткен. Ал сол байырғы түбір етістіктердің грамматикалық семантикасына, соған сәкес қалыптасқан негізгі функциясына қарай төмендегідей үш салаға бөлуге болады:



Бірінші сала. Бұларға өздеріне тән негізгі лексикалық мағыналарын дәйім толық сақтап отыратын, соған орай, дербес, грамматикалық қызметтерін түгелімен атқарып отыратын түбір етістіктер жатады. Бұл етістіктер өздерінің негізгі мағыналарын ұдайы сақтап отырады да, үнемі жетекшілік қызметінде жұмсалады. Түбір етістіктердің негізгі көпшілігі осы топқа жатады. Мысалы: аз, айт, ас, аш, бақ, ем, ек, ер, ес, жар, жаз, жақ, жел, жең, жорт, и, илан, кеш, кір, күл, көн, қада, қала, қама, қыс т.б.

Екінші сала. Бұл топқа өздеріне тән негізгі лексикалық мағыналарын толық сақтап, сөйлемде дербес мүше болумен қатар, басқа бір жетекші (негізгі) етістікпен тіркескенде, лексикалық мағыналарын не жартылай, не бүтіндей жоғалтып, оған (жетекші етісікке) қосымша грамматикалық мағына ғана үстеп, жәрдемші ретінде де қызмет атқаратын түбір етістіктер жатады. Бұл етістіктер, сөйтіп әрі негізгі, әрі жәрдемші (әрі жетекші, әрі көмекші) етістіктер есебінде жұмсалады. Мұндай бірде жетекші, бірде көмекші болатын етістіктердің саны тілімізде отыз шамалы. Оларға, мысалы, мына етістіктер жатады: ал, бар, баста, бақ, бер, бол, бір, біл, де, ет, жат, жүр, жібер, кел, кет, көр, қал, қара, қой, қыл, отыр, сал, таста, тұр, тұс, шық т.б.

Үшінші сала. Бұл топқа енетін етістіктер саны аз. Оларға өздеріне тән әуелгі лексикалық мағыналарын я жартылай, я бүтіндей жоғалтатын, тек қана грамматикалық мағына жамап, грамматикалық формаға лекер болып қызмет ететін, яғни бірыңғай көсемше есебінде ғана жұмсалатын е, еді, екен, жазда етістіктері ғана жатады.

Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер жалаң етістіктер және күрделі етістіктер деп аталатын екі асалаға бөлінеді. Осымен қатар етістіктің аналитик етістіктер деп аталатын түрлері де бар.



Жалаң етістіктерге түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер жатады. Мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын айтқыз т.т.

Жалаң етістіктер, сөйтіп құрылымына қарай, түбір етістіктер және туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі.



Түбір етістіктер деп арнаулы мофологиялық бөлшектер жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады. Мысалы: аз, ал, айт, алда, арба, ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, байла, баста, бақырай, де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз, жүгір, илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай, шаш т.б.

Бірақ, өзге түбір сөздер сияқты, етістік түрі де тарихи дамып отыратындықтан, олардың қатары да бірте-бірте толығып, көбейіп отырған, сол есептен түбір етістіктердің ішінде бұрын ұзақ замандар бойы, туынды сөз есебінде жұмсала-жұмсала келіп, бірте-бірте түбірі мен жұрнағын ажыратуға болмайтындай болып кеткен сөздер бар. Мысалы, жоғарыдағы етістіктердің ішінен: айт (ай+т), алда (ал+да), байла (бай+ла, бау+ла), бақырай (бақ+ырай), жыла (йығ+ла), баста (бас+та) дегендерді, сондай-ақ, тоқта (тоқ+та), тоқыра (тоқ+ыра), болыс (бол+ыс), сөйле (сөз+ле), тула (ту+ла, шегін (шек+ін), шегер (шек+ер) т.т. тәрізді қазіргі шақта түбір саналып жүрген етістіктерді алсақ, жақша ішінде көрсетілгендей, әуелі түбір сөздер мен жұрнақтардан кейбіреулері деформаланбай-ақ, кейбіреулері деформаланып бөлшектенбейтін түбірлерге айналып кеткен. Дәл, сол сияқты, әр алуан өзгерістердің нәтижесінде бұрын бөлшектенетін, қазір бөлшектенбейтін омоним етістіктер пайда болған. Мысалы: су жылы-ды және жылы су; бала тоң-ды және тоң қатты дегендердегі сияқты әрі етістік әрі есім болып түбірлер ғана емес, әрі етістіктің, әрі есімнің жұрнағы болатын қосымшалар да — осындай даму заңдарына лайық қалыптасқан формалар. Ал түрегел (тұра кел), әкел (алып кел), әпер (алып бер), әкет (алып кет), өйт (олай ет), сөйт (солай ет) тәрізді бірігуден құралған түбір етістіктер де, әрине, жоғарыда айтылған қағидалардың бір айғағы екені шексіз. Осыларға орай байырғы түбір етістіктерді түпкі я негізгі түбір және көнеленген түбір деп шартты түрде бөлуге де болады.

Сонымен, қазіргі тіліміздегі етістік түбіріне неше қилы формалар (есімше, көсемше, рай, етіс, шақ т.б.) тудыратын қосымшалардың барлығы алып тасталғанда, сақталатын яғни, әрі қарай тағы да бөлшектеуге болмайтын я келмейтін түпкі бөлшек болады. Мысалы: бер-іл-ген; бер-іл-се, бер-гіз-дір-т-іп-ті, бер-гіз-іп-ті... деген формалардың бәрі де ортақ түпкі бөлшек бер бөлшегі түбір саналады. Сол сияқты, сөйле-ді-м; сөйле-т-тім; сөйле-т-тір-дім; сөйле-с-тір-ді-ң-дер; сөйле-ген... тәрізді формалардың түпкі түбірі — сөйле сөзі болады. Бұл сөздің төркіні — сөй+ле екені аян бола тұрса да, көнеленіп қалыптасқан сөйле түбірін сөй+ле деген бөлшектерге саралау бөлшектерге қисынсыз, өйткені, қазіргі тілімізде сөй деген сөз атымен жоқ. Ендеше, осы сияқтанған, әбден тұтасып бір тұлға болып қалыптасқан формалар (мысалы: ұйықтаұйқы, болыс — бол т.т.) түбір сөз саналады және түбір сөз ретінде қабылдануға тиіс.

Тілімізде осындай түбір етістіктер екінші шақ тапқа тікелей бұйыру я тікелей айту мағынасын (сен оқы; сен сөйле...) білдіріп, бұйрық (императив) я тілек (оптатив) рай формасымен түрлес те, орайлас та болатындықтан, грамматикада бұйрық тілек (императив — оптатив) райының жетекші түрінің екінші жағының формасы саналады. Бірақ бұл түбір лұғат жеке-дара сөз ретінде саналғанымен, сөйлеу тілінде басқа қызметте (функцияда) жұмсалмайды, тек айт-айттап, жүр-жүрлеп, оқы-оқылап... деген тәрізді қайталама түрде ғана (күшейту үшін) қолданылады. Осы ерекшелік түбірден есім түбірлерін басқаша етіп, ерекшелендіріп тұрады, өйткені тіліміздегі есім түбірлері атау түрінде жеке-дара тұрып та қилы-қилы қызмет атақара береді.



Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбір және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. Мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та, іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей.

Туынды етістіктердің семантикалық құрылымы. Жұрнақ арқылы жасалатын (туатын) әрбір туынды етістіктің семантикасы, әдетте, оның құрамына енетін түбір (туынды сөз) мен қосылатын жұрнақтың мағыналарынан құралады. Мысалы, тұзда, үтікте, шегеле, емде, сына, міне деген сияқты туынды етістіктерді алсақ, бұларға тұз, үтік, шеге, ем, сын, мін деген зат есімдердің түпкі мағыналары негіз болған да, оларға қосылған — да (-те, -ла, -де), -а (-е) жұрнақтары бұл зат есімдерді етістікке айналдырған. Мысалы: бүк-ірей, бүк-ши, ұрт-та, көз-де, жол-ық, сау+ық, шұбар+т, оң+ал, оң+ғар, жаңа+р, таза+р, тең+е, жылтыр+а, жоғары+ла, ілгері+ле дегендерде: бүк, ұрт, көз, жол (зат есімдер), сау, шұбар, оң (сын есімдер) жоғары, ілгері (үстеулер) сөздері тиісті жұрнақтар арқылы етістікке айналып тұр.

Жұрнақ арқылы жасалатын туынды етістіктердің мағыналары, негізінен алғанда, жоғарыда айтылғандай, құрамындағы екі компоненттің (түбір мен жұрнақтың) мағыналарынан құралса да, ол екеуінің құрамы бір-бірімен ажыралмайтындай болып бірігеді де, туынды форма бір бүтін тұлға (единица) есебінде тұтасады. Осы есептен кейбір туынды етістіктер (туынды есімдер де) бөлшектенбейтін болып, түбір сөз қалпына көшеді. Мысалы, мықта, алда, бауызда, тула, мұзда, шөлде, тоқта, тоқыра, байызда, байла... тәрізді туынды етістіктердің түбірлерінің (мық, ал, бұғаз, ту, мұз, шөл, тоқ, байыз, бай) негізгі мағыналары әр қилы дәрежеде көмескіленіп, кейбіреулерінде тіпті мүлде жоғалып, түбір етістік қалпына көшкен. Бірақ тұзда, үтікте, шегеле... дегендерден, әрине, олай болмай, тек есімнің етістікке айналған аңғарарлықтай (тұз сал; үтікпен бас я тегісте; шеге қақ я шегемен бекіт) грамматикалық мағына ғана қабылданады. Ал, егер оларға (туынды етістіктерге) негіз болған я болатын есім сөз әуелі өзі етістіктен туған форма болса, онда есім негізі мен туынды етістіктің қатысы бір-біріне жақындай түседі. Мысалы, ұйықта етістігінің ең әуелгі төркіні ұйы деген түбір етістік болған, ол түбірге қы жұрнағы қосылып (ұйы+қы), туынды зат есім (ұйқы) жасалған, осы ұйқы деген негізден жасалатын ұйықта деген етістік ұйқы, ұйықта деген екі сөздің мағыналарынан да гөрі әрі төте, әрі әлдеқайда абстракты мәнді (семантиканы) білдіреді.

Дегенмен, туынды етістіктің семантикалық құрылымына оған негіз болатын есім сөздің мағынасы үлкен әсер етеді. Өйткені есім сөздің қызметі неғұрлым саяз я шағын болса, етістіктің мағынасы да соғұрлым тайыз я тар болады (бұрғы+ла, асфалть+та); керісінше, есім сөздің қызметі кең я өрісті болса, етістік те соншалықты өрелі, көп мағына болады (қолда, көзде). Бірақ, осы айтылғандай, сөздің тайыздығы мен кеңдігінің арасын я шегін белгілі бір өлшеумен (атайық, см, мм, км немесе мг, г, кг, т.т.) немесе межемен айқындау қиын, өйткені кейбір туынды етістіктерді алсақ, олардың есім сөздің мағынасын тек етістікке айналғандығынан ғана аңғаруға болады (ара+ла, бетон+да) да, кейбір туынды етістіктердегі есімнің мағынасы оның негізгі қызметімен мейлінше бірігіп, миласып кететінінен (адам+да, у+ла, шу+ла, қу+ра) көруге болады. Ал бір алауан туынды етістіктердің мағыналарында зат пен әрекет (іс) жарысы жүріп екеуі көрініп отырады (божы+ла, жұдырық+та, кілт+те, қамшы+ла, арқа+ла, тізе+ле). Ендігі бір туынды етістіктердегі туынды сөздер делексикаланып (бастапқы мағынасынан айрылып), туынды етістік сөздің төркінінен (есімнен) біржолата қол үзіп (метафора есебінде қолданылып) кетеді деуге болады. Мысалы: (аң) аула, аңда, байла, баста, бауызда, көзде, қолда, мұзда, сақта, сөйле, шөлде, шөлірке, таста, тула, тыңда секілді туынды етістіктердің мағыналарын бағдарласақ, я деформаланудың нәтижесінде (бұғанда, сөзде, бағла), я ұзақ уақыттар бойы аса жиі қолдану нәтижесінде (мұзда, шөлде, шөлірке, сақта, тула) я қызметтерінің кеңдігі, өрістілігі арқасында (бас+та, қол+да, тас+та, тың+да) немесе басқа да солар сияқты себептердің нәтижесінде өздерінің негіздерінен алшақтап кеткені көрінеді. Мұны, аңысын аңдады, сөз сөйледі, тың тыңдады, той тойлады, ой ойлады дегендердегі толықтауыштар мен баяндауыштардың арақатынастарынан да байқауға болады.

Жұрнақ арқылы жасалатын туынды етістіктердің математикалық құрылымының осы айтылғандай аса күрделі және түрлі-түрлі болу себебі — олардың бұрын я соң жасалуына, сирек я жиі қолданылуына я түбір (есім) сөздің функциясының шағын я өрістілігіне, жалғанатын жұрнақтардың елгезектігіне, семантикасына және басқа да солар сияқты жағдайларда байланысты болса керек.

Түбірлерден немесе негіздерден (туынды сөздерден) жұрнақ арқылы жасалатын туынды сөздердің белгілі (бір жүйе бойынша қалыптасқан) морфологиялық құрылымы болады. Әдетте, сол құрылымның бір компоненті — жаңа форма жасауға негіз болатын дербес мағыналы сөз болса, екінші компоненті — сол бірінші компонентті белгілі бір сөз табына айналдыратын жұрнақ болады. Мысалы: тіс+те, арқан+да, сабын+да, ақ+та, екеу+ле, көлдең+де, ойбай+ла, саба+ла, кел+тір, оқы+т... сияқты туынды етістіктің әрқайсысы екі-екі компоненттен құралған. Бірақ осы мысалдардағы туынды етістіктердің жұрнақтары біреу ғана (-ла,-ле...) да, осы жұрнақ жалғанып тұрған негіздер — әлденешеу және олар басқа-басқа. Солардың ішінен тіс, арқан, сабын деген негіздерді алсақ, олар — зат есімдер: ал, ақ — сын есім; екеу — сан есім; ойбай — одағай, көлбең — бенелеуіш сөз; саба, кел, оқы дегендер — етістіктер. Бұдан туынды етістіктер тіліміздегі негізгі сөз таптарының қасынан болса да жасала беретіні айқын көрінеді. Осыған орай, туынды етістіктер, жасалатын негіздеріне қарай, есімдерден жасалған етістіктер және етістіктерден жасалған етістіктер деген екі салаға бөлінеді және де, алғашқылар есім негізді етістіктер соңғылар етістік негізді етістіктер деп аталады.

Етістіктің жалпы лексика-семантикалық сипаты мен морфологиялық құрылыс жөнінде жоғарыда берілген мәліметтер оның формаларының жүйесіне тән сыр-сипаттарды түгел ашып бере алмайды, бірақ оларды айтуға, қажетті негіз етерлік, таяныш санарлық материал бола алады. Ал етістік формаларының жүйесін айқындау үшін, сол жүйеге енетін негізгі грамматикалық сыр-сипаттарын ашып алу қажет. Өйткені ол жүйе етістіктің арнаулы формаларынан құралады. Формалардың ерекшеліктері олардың семантикалық және морфологиялық сипаттарын анықтау нәтижесінде ашылмақ.

Грамматикалық формалардың көптігі мен мазмұнының байлығы жағынан және қызметтерінің қарымдылығы мен сан-салалығы жағынан етістіктер тіліміздегі сөз таптарының жүйесінде төтенше орын алады. Етістіктің бұл төтенше орны, біріншіден, оның формаларының бәріне де тән, бәріне де ортақ, бәрінде де болатын жалпы сипаттарымен, сол формалардың өзді-өздеріне ғана тән, өзгелерінде жоқ жалқы ерекшеліктерімен ғана байланысты. Өйткені етістік формаларының бәріне тән, бәріне ортақ, жалпы сипаттары оларды (формаларды) етістік деп аталатын үлкен категорияның айналасына шоқтайтын жалпы белгі болса, әр формаға тән жалқы ерекшеліктер оларды (формаларды) алды-алдына саралап, бір-бірінен ажырататын семантикалық және грамматикалық сипаттарының көрсеткіші есебінде қызмет етеді.

Етістік негізінде қашан да болсын, өзіне лайықты, үйреншікті болып, әбден қалыптасқан арнаулы қосымшалары қосылғанда ғана тиісті киімін (жамылышын) киіп, дербес лексика-семантикалық мәніне ие болып, грамматикалық қызметін мүлтіксіз атқаратын формаға айналады. Өйткені етістік қосымшалары әрбір семантика-грамматикалық топтың (форманың өзіндік сипаттарын), ерекшеліктерін ашады. Ендеше, етістік формаларында жалпы қасиет те, жалқы қасиет те болады. Олардың алды-алдына сараланатын жалпы қасиеттерінен бір-бірін толықтырып, бірімен-бірі селбесіп, өз ара ұштасатын жалқы қасиеттерінен бүтін сөз табының — етістікке тән барлық сын сипаттары құралады. Солай болса, етістік формаларының түр-түрін, олардың мағыналары мен қызметтерін анықтау — етістікке қатысты сөз формаларын жан-жақты етіс талдау, білу, баяндау болмақшы. Осы тұрғыдан қарағанда, талданылмақшы етістік формаларының жүйесі төмендегі грамматикалық категорияларға бөлінеді.



  1. Етістік негізгі.

  2. Қимыл атаулы категориясы.

  3. Салттық және сабақтылық категориясы.

  4. Етіс категориясы.

  5. Болымдылық және болымсыздық категориясы.

  6. Амалдың өту сипаты категориясы.

  7. Есімшелер категориясы.

  8. Көсемшелер категориясы.

  9. Рай категориясы.

  10. Шақ категориясы7.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет