Зертханалық жұмыс №5 Тақырыбы



бет2/3
Дата21.12.2023
өлшемі153.5 Kb.
#487390
1   2   3
Зертханалық жұмыс №5


Тапсырма №1:

Берілген мәтінді тер және бірінші сөйлемнің бірінші сөзін жартылай қалыңдатып жаз, екінші сөйлемнің екінші сөзін жантайиып жаз және үшінші сөйлемнің үшінші сөзін астын сыз.
Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылтпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде келеді.

Тапсырма №2:

Мына берілген мәтінді тер және оны көшіріп төрт рет жаз. Туралау әрекеттерін орында (оң, сол, ортасына, екі жақ шеттері бойынша).


Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылтпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде келеді.

Тапсырма №3:

Мына мәтінді теріп, жол аралық интервалын 2,0см. етіп орында.


Алтын емле белбеу – алтын шапқан, әшекейленген белбеу.
Берен белбеу – қымбат металдан жасалған белбеу.
Гауһар кәмәр – гауһармен сәнденген белбеу
Зер белбеу – алтынмен әшекейленген белбеу.
Қамар белбеу – зерлі, әшекейлі белбеу.

Тапсырма №4:
Мына мәтіннің шрифтінің атын және номерін өзгертіп жаз.
Қамаштан көріп қалашты,
Қалашқа Жарас таласты.
Бөлінсін десең қалаш тең,
Таласпа Жарас Қамашпен.

Тапсырма №5:

1. А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жазып, «Абай» атауымен сақтап қойыңыз.


Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.

Тапсырма №6:

1. Мәтіндегі «жаңылтпаш» сөздерін ерекшелеп, Формат–Шрифт сұхбат терезесіндегі Анимация астарлы бетінен «Фейерверг» жанбітірімді таңда.


Жаңылтпаш – қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет