Зертханалық жұмыс



Дата21.06.2016
өлшемі166.68 Kb.
#152774
Зертханалық жұмыс.

Зертханалық жұмыстың мақсаты:



  • Студенттерді су ресурстарының сапалық құрамын анықтаудың негізгі әдістерімен таныстыру,

  • Студенттерді топырақтың негізгі қасиеттері мен құрамымен таныстыру, топыраққа сипаттама беруге үйрену,

  • Ауаның зиянды химиялық заттармен ластануын зерттеу,

  • Студенттерді негізгі сапалық көрсеткіштерді (биологиялық, химиялық, физикалық және бактериологиялық) анықтауға үйрету.

Су үлгілерінің техникалық қамтамасызадануы. Әр түрлі типті ыдыстар қолданылады. Шыны, полиэтилен, тефлоннан эасалған ыдыстар кең қоданылады.



  • 250-500 мл тығына юар колба,

  • пробиркалар үшін штатив (иісті мойны кең колбада анықтау қолайлы),

  • үлгіні іріктегіш (судың тереңдігін өлшеу үшін),

  • биіктігі 15-20 см шыны пробирка,

  • модельды ерітінділер,

  • химиялық ерітінділер,

  • автоматтық газоанализаторлар,

  • әмбебап газоанализаторлар УГ-2 мен УГ-3.

Қауіпсіздік техникасының ережелері:

  • химикаттарды және ерітінділерді сілеймелі қабаттарға, теріге, киімге тигізбеу,

  • тағам (ішімдік) ретінде пайдаланбау,

  • өткір иісті және ұсақ кристалды (шаң түзетін) химикаттармен де алмау,

  • химикаттардың саңылаусыз оралымына және этикеткалардың дұрыс оқылуына көңіл аудару керек және шыны ыдысты бұйымдармен жұмыс істегенде қауіпсіздікті сақтау қажет.

Судың температурасын анықтау бойынша зертханалық жұмысты өткізудің тәртібі мен әдістемесі. Калибрленген термометр мен үлгіні іріктегіш (судың тереңдігін өлшеу үшін) қажет.

Жұмыс барысы:



  • термометрді үштен бір бөлігіндей ғана етіп, 5 минутқа суға батырыңыз,

  • термометрді судан алмай, көрсеткішін санап шығарыңыз (минималды бөлудің жартысына дейінгі дәлдікпен),

  • жылулық ластануды зерттегенде бір-бірінен 100 м қашықтықта суаттағы бірнеше орындардың су температурасын анықтаңыз. Температураның айырмашылығын есептеңіз.

Тәжірибенің нәтижелерін дәптерге жазып алыңыз.
Зетрханалық (тәжірибелік) жұмыс бойынша сабақтарда келесі тақырыптарды зерттеп, судың, топырақтың, атмосфералық ауаның иісін, температурасын, ластануын анықтай алу керек, және әр сабақтан кейін өтілген тақырыптарға жауап беру және конспектілер болу керек.

Зертханалық (тәжірибелік) курстың мазмұны.
Тақырып №1. Экологиялық құқықтың түсінігі, пәні мен жүйесі.

Экологиялық құқықтың түсінігін мен пәнін білу.


Әдебиет:

Байдельдинов Д.Л. Экологическое право РК. Алматы, 2003 г.

Ахмеджанова Г.Б., ЖумагажиновД.Ж. Экологическое право РК (учебно-методическое пособие). Павлодар, 2008 г.

Кушумбаев А.А. Экологическое право РК. Астана, 2001 г.

Байдельдинов Д.Л. Бекешева С.Д. Экологическое право РК. Алматы, 2004 г.

Стамкұлов Ә.С. Қазакстан Республикасының экология құқығы. Оқу кұралы. - Тараз, 2003, 1-2 бөлімі.


Бақылау сұрақтары:

  1. Экология дегеніміз не?

  2. Экологиялық құқық түсінігі.

  3. Экологиялық құқықтық қатынастар.

  4. Экологиялық құқықтың қағидалары.

  5. Экологиялық құқықтың әдістері.


Тақырып №2. Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері.

Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздерін білу.


Әдебиет:

Кушумбаев А.А. Экологическое право РК. Астана, 2001 г.

Байдельдинов Д.Л. Бекешева С.Д. Экологическое право РК. Алматы, 2004 г.

Стамкұлов Ә.С. Қазакстан Республикасының экология құқығы. Оқу кұралы. - Тараз, 2003, 1-2 бөлімі.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 2007 жылғы 23 қаңтар.

Бринчук М. Экологиеское право. М, 1999 г.


Бақылау сұрақтары:

  1. Экологиялық құқықтың пайда болуы мен дамуы.

  2. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі.

  3. ҚР Конституциясы.

  4. Экологиялық құқықтық актілер.

  5. Экологиялық кодекстер мен заңдар.


Тақырып №3. Табиғат объектілеріне меншік құқығы.

Табиғат объектілеріне меншік құқығын білу.


Әдебиет:

Қазакстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамыз Алматы

Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Алматы, 2003 г.

Кушумбаев А.А. Экологическое право РК. Астана, 2001 г.

Байдельдинов Д.Л. Бекешева С.Д. Экологическое право РК. Алматы, 2004 г.

Стамкұлов Ә.С. Қазакстан Республикасының экология құқығы. Оқу кұралы. - Тараз, 2003, 1-2 бөлімі.

Желудков А.А. Экологическое право России. Москва, 1999 г.
Бақылау сұрақтары:


  1. Табиғи объектілерге меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы.

  2. Табиғи объектілерге меншік құқығының мазмұны мен оны қорғау.

  3. Табиғи объектілерге меншік құқығының субъектілері мен объектілері.

  4. Табиғи объектілерге меншік құқығының пайда болу. өзгеру және тоқтатауының негіздері.

Тапсырмалар:



  1. Азамат Иванов И.И. жеке тұрғын үй құруға арналған жер учаскесінде өзінің су қажеттіліктерін өтеу үшін скважина қазу шешімін қабылдады. Скважина қазуға лицензия керек пе? Заңға сілтеме жасаңыз.

  2. Азамат Попов И.В. хайуанаттар паркінде аққуды ұстап алып, өлтірілген құсты шығару әрекеті кезінде ұсталынды. Осы жағдайдың құқықтық квалификациясын беріңіз.


Тақырып №4. Табиғатты пайдалану құқығы.

Табиғатты пайдалану, табиғатты пайдалану құқығы не екенін білу.


Әдебиет:

Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Алматы, 2003 г.

Кушумбаев А.А. Экологическое право РК. Астана, 2001 г.

Байдельдинов Д.Л. Бекешева С.Д. Экологическое право РК. Алматы, 2004 г.

Стамкұлов Ә.С. Қазакстан Республикасының экология құқығы. Оқу кұралы. - Тараз, 2003, 1-2 бөлімі.

Бринчук М. Экологиеское право. М, 1999 г.

Боголюбов С.А. Экологическое право. Москва, 2008 г.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 2007 жылғы 23 қаңтар.


Бақылау сұрақтары:

  1. Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі.

  2. Табиғатты пайдалану құқығының түрлері.

  3. Табиғатты пайдалану құқығының субъектілері мен объектілері.

  4. Табиғатты пайдалану құқығының пайда болу, тоқтау негіздері.

Тапсырмалар:

  1. Кәсіпорын отқа төзімді балшық кендерін игеру кезінде фосфориттерді, формалық және шынылық құмдарды тасдады. Осындай табиғат ресурстарын пайдалану мүмкін бе? Заңға сілтеме жасаңдар.

  2. Аудандық әкімшіліктің шешімімен құрылыс басқармасына құм өндіру үшін жер учаскесі уақытша пайдалануға берілді. Құрылыс басқармасы топырақтың құнарлы қабатын сақтау бойынша шараларды қолданбады және сондықтан оған айыппұл салынды. Айыппұл дұрыс салынды ма? Құрылыс басқармасы құм өндіруді бастамастан бұрын не жасау керек еді?


Тақырып №5. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқарудың ұйымдық-құкыктық нысандары.

Студент табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқаруды кім және қалай басқаратынын білу керек.


Әдебиет:

Ахмеджанова Г.Б., ЖумагажиновД.Ж. Экологическое право РК (учебно-методическое пособие). Павлодар, 2008 г.

Кушумбаев А.А. Экологическое право РК. Астана, 2001 г.

Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Алматы, 2003 г.

Байдельдинов Д.Л. Бекешева С.Д. Экологическое право РК. Алматы, 2004 г.

Стамкұлов Ә.С. Қазакстан Республикасының экология құқығы. Оқу кұралы. - Тараз, 2003, 1-2 бөлімі.

Дубовик О.Л. Экологическое право. Москва, 2004 г.
Бақылау сұрақтары:


  1. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқарудың түсінігі.

  2. Экологиялық экспертиза.

  3. Экологиялық бақылаудың түрлері мен нысандары.

  4. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқарудың мемлекеттік органдарының жүйесі.

Тапсырмалар:

  1. Жер ресурстары мен жер құрылысы комитетінің қызметкерлері тексеріс кезінде кейбір фермерлер оларға берілген жер учаскелерін тиімсіз пайдаланатынын анықтады. Жер ресурстары мен жер құрылысы бойынша комитет не істеу керек?

  2. Тазарту құрылыстарының жетілмегендігінен цемент зауыты қасындағы тұрғылықты пункттың территориясын ластайды. Қандай шаралар қолданылу керек? Кім экологиялық бақылауды іске асырады? Заңға сілтеме жасаңдар.


Тақырып №6. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмының құқықтық негіздері.

Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмын білу.


Әдебиет:

Байдельдинов Д.Л. Экологическое право РК. Алматы, 2003 г.

Культелеев С.Т. Практикум по экологическому праву Республики Казахстан Алматы 2001 г.

Кушумбаев А.А. Экологическое право РК. Астана, 2001 г.

Байдельдинов Д.Л. Бекешева С.Д. Экологическое право РК. Алматы, 2004 г.

Стамкұлов Ә.С. Қазакстан Республикасының экология құқығы. Оқу кұралы. - Тараз, 2003, 1-2 бөлімі.

Ерофеев Б.В. Экологическое право России. Москва, 2008 г.
Бақылау сұрақтары:


  1. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмының түсінігі.

  2. Экологиялық сақтандыру.

  3. Арнайы табиғатты пайдалану үшін төлем.

  4. Экологиялық аудит.


Тақырып №7. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды шешудегі қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттерін білу.


Әдебиет:

Байдельдинов Д.Л. Экологическое право РК. Алматы, 2003 г.

Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Алматы, 2003 г.

Кушумбаев А.А. Экологическое право РК. Астана, 2001 г.

Байдельдинов Д.Л. Бекешева С.Д. Экологическое право РК. Алматы, 2004 г.

Стамкұлов Ә.С. Қазакстан Республикасының экология құқығы. Оқу кұралы. - Тараз, 2003, 1-2 бөлімі.

Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан Караганда 2002 г.

Дубовик О.Л. Экологическое право. Москва, 2004 г.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың қатысуының түсінігі мен түрлері.

  2. Экологиялық тәрбие мен білім беру.

  3. Экологиялық дауларды шешу.

  4. Экологиялық қоғамдық экспертиза.

  5. Қоғамдық экологиялық бақылау.


Тақырып №8. Қоршаған ортаны қорғау туралы зандарды бұзғаны үшін жауаптылық.

Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауаптылықтың түрлері мен ерекшелітерін білу.


Әдебиет:

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 2007 жылғы 23 қаңтар.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 04.09.1997 ж.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі. 30.01.2001 ж.

Абдраимов Б.Ж. Жарылгасын Е. Возмещение экологического вреда по законодательству РК Алматы 2001 г.

Байдельдинов Д.Л. Бекешева С.Д. Экологическое право РК. Алматы, 2004 г.

Стамкұлов Ә.С. Қазакстан Республикасының экология құқығы. Оқу кұралы. - Тараз, 2003, 1-2 бөлімі.

Дубовик О.Л. Экологическое право. Москва, 2004 г.


Бақылау сұрақтары:

  1. Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауаптылықтың түсінігі, ерекшеліктері мен түрлері.

  2. Әкімшілік жауаптылық..

  3. Қылмыстық жауаптылық..

  4. Тәртіптік және материалдық жауаптылық..

  5. Азаматтық құқықтық жауаптылық.

Тапсырмалар:

  1. Аң аулауға лицензиясы жоқ азамат Петров И.И. орманда бұланды атып, аң аулау инспекторымен ұсталды. Петров И.И. қандай жауаптылыққа тартылады? Өлтірілген бұланның еті мен терісі алына ма? Мылтық алына ма?

  2. Мемлекеттік қорықтың директоры жергілікті тұрғындарға қорық шекараларында шөп дайындауға рұқсат берді. Жерлерді қорғау және пайдалану бойынша инспектор қорық директорына айыппұл салды. Қорық директорының әрекеттері құқыққа қарсы болды ма? Инспектор өз өкілеттілігінің шекараларында әрекет жасады ма?


Тақырып №9. Жерді құқықтық қорғау.

Жер, топырақ не екенін білу.


Әдебиет:

Қазакстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамыз Алматы

Қазакстан Республикасының Жер кодексі. 2003 жылғы 20 маусым, Алматы

Кушумбаев А.А. Экологическое право РК. Астана, 2001 г.

Байдельдинов Д.Л. Бекешева С.Д. Экологическое право РК. Алматы, 2004 г.

Стамкұлов Ә.С. Қазакстан Республикасының экология құқығы. Оқу кұралы. - Тараз, 2003, 1-2 бөлімі.

Бринчук М. Экологическое право Москва 2007 г.

Боголюбов С.А. Экологическое право. Москва, 2008 г.


Бақылау сұрақтары:

  1. Жерлердің жалпы сипаттамасы.

  2. Жер кодексі.

  3. Жерді пайдалану құқығы, оның түрлері,субъектілері, мазмұны,жер учаскелерін бөлу тәртібі.

  4. Сервитуттар.


Зертханалық жұмыс.

Топырақтың экологиялық жағдайын бағалау.

Мақсаты: топырақтың негізгі қасиеттерімен және құрамымен танысу. Өз бетінше топыраққа сипаттама беруді үйрену.

Топырақтың экологиялық жағдайын анықтайтын жалпы қасиеттерге:


  • топырақтың механикалық құрамы,

  • құрылысы,

  • ылғалдылығы,

  • қышқылдылығы жатады.

Топырақтың механикалық құрамы онда балшықтың, ұсақ тастардың, құмдардың, гендік және антропоидтық қосылыстардың болуымен сипатталады.

Оның құрылысы өмір сүру процесстеріне қажетті (тыныс алу) тығыздылық пен ауаны анықтайды.

Топырақтың ылғалдылығы өсімдіктің минералдық көректенуіне себепші болады және барлық топырақ организмдері үшін қажетті қоршаған орта факторы болып табылады. Топырақтағы ылғалдылық ауаның антагонисты болып табылады, сондықтан ылғалдылықтың шектен тыс мөлшері, сондай-ақ оның аздығы зиянды болып келеді.

Топырақтың қышқылдылығы – ең негізгі экологиялық фактор.Ол жоғары сатыдағы өсімдіктердің және топырақ организмдерінің өмір сүру шартын, сондай-ақ топырақ ластаушылардың қозғалысын (ең алдымен металдардың) анықтайды. Жоғары қышқылдылық кезінде ауыл шаруашылық өсімдіктерінің көп түрлерінің өсуі және дамуы баяулайды, микроорганизмдердің өмір сүруі бұзылады.

Тапсырма: ерітіндінің қышқылдығы бойынша топырақтың экологиялық жағдайын анықтау.

Құрал-жабдықтар және реактивтер:



  1. Қасық.

  2. Пинцет, пипетка, капельница.

  3. 2 пробирка.

  4. пробиркаларға арналған штатив.

  5. сақинасы бар ШЛХ штативы.

  6. таразы және салмағы әр түрлу таразы.

  7. Әмбебап индикатор ерітіндісі.

  8. Дайындалған топырақтың тұзды ерітіндісі.

  9. рН индикатор қағазы.

  10. Қағаз фильры.

Жұмыс барысы:

  1. Массасы 20-50 г. келтірілген топырақты өлшеп, ыдысқа енгізу,

  2. 2 г топыраққа мөлшерімен 5 мл калий хлоридерітіндісін қосыңыз, ыдыстағы құрамды 3-5 минут араластырыңыз,

  3. Фильтр арқылы ыдыстағы құрамды фильрлеңіз, ерітіндінің сыртқы түріне көңіл аударыңыз (түс, лайлану). Ерітінді бір түрлі, топырақ бөлшектері болмау керек.

  4. Тұз ерітіндісінің рН көрсеткішін анықтау.

  5. Мәліметтерді кестеге жазыңыз

Кесте тұз ерітіндісінің рН көрсеткіші.



Үлгі №

Сынаның іріктелегн жері

Тұз ерітіндінің сыртқы түрі

Тұз ерітіндінің рН көрсеткіші

Топырақтың қышқылдылық бағасы
































Тақырып №10. Жер қойнауынын құқықтық режимі және оны қорғау.

Пайдалы қазбалар не екенін білу.


Әдебиет:

Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Алматы, 2003 г.

Кушумбаев А.А. Экологическое право РК. Астана, 2001 г.

Стамкұлов Ә.С. Қазакстан Республикасының экология құқығы. Оқу кұралы. - Тараз, 2003, 1-2 бөлімі.

Бринчук М. Экологическое право Москва 2008 г.

Ерофеев Б.В. Экологическое право России. Москва, 2008 г.

«Жер қойнауы және жер пайдалану туралы» Қазакстан Республикасының Заңы, № 2828 1996 жылғы 27 кантар, Алматы
Бақылау сұрақтары:


  1. Жер қойнауларының құқықтық режимінің түсінігі.

  2. Жер қойнауының мемлекеттік қоры.

  3. Жер қойнауларын пайдалану құқығы мен оның түрлері.

  4. Жер қойнаулары туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік.

Тапсырмалар:

«Орленок» акционерлік қоғамының территориясында гравий болыпты. Акционерлік қоғам гравийді пайдалану бойынша бригаданы құрастырды. Өндірілген өнім қоғамның өз қажеттіліктеріне пайдаланды, ал бір бөлігі басқа тұтынушыларға сатылды. Акционерлік қоғамның әрекеттері құқыққа сай ма? Заңға сілтеме жасаңдар.


Тақырып №11. Судың құқықтық режимі және оны қорғау.

Студент судың не екенін білу керек..


Әдебиет:

Кушумбаев А.А. Экологическое право РК. Астана, 2001 г.

Байдельдинов Д.Л. Бекешева С.Д. Экологическое право РК. Алматы, 2004 г.

Стамкұлов Ә.С. Қазакстан Республикасының экология құқығы. Оқу кұралы. - Тараз, 2003, 1-2 бөлімі.

Бринчук М. Экологическое право Москва 2008 г.

Дубовик О.Л. Экологическое право. Москва, 2004 г.

Бақылау сұрақтары:


  1. Сулардың құқықтық режимінің түсінігі және оларды қорғау.

  2. Суға меншік құқығы мен оны іске асыру.

  3. Суларды ластанудан қорғау.

  4. Су заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.


Зертханалық жұмыс.

Су объектілерінің экологиялық жағдайын бағалау.

Мақсаты:


  1. Студенттерді су ресурстарының сапалық құрамын анықтаудың негізгі әдістерімен таныстыру.

  2. Студенттерді негізгі сапалық көрсеткіштерді (биологиялық, химиялық, физикалық және бактериологиялық) анықтауға үйрету.

Су объектілерінің экологиялық жағдайын бағалау.

Табиғи сулардың құрамына тұщы (жер аүсті, жер асты, су түбу және т.б.) және теңіз сулары кіреді. Ауыз сулар алдын ала тазартылған және залалсыздандырылған табиғи (өзен және жер асты) мулардың туындысы болып табылады. Ақаба сулар, өз алдында, адамдардың шаруашылық әрекетінің нәтижесінде лайланған, лас сулар болып келеді. Сөйтіп, әр түрлу құрамды сулардың белгілі бір анализ днеңгейі, табиғи сулардың анализ мәселелерімен тікелей байланысты.

Құрал-жабдықтар және реактивтер:


  1. Калибрленген термометр.

  2. Үлгіні іріктегіш (судың тереңдігін өлшеу үшін).

Жұмыс барысы:

  • термометрді үштен бір бөлігіндей ғана етіп, 5 минутқа суға батырыңыз,

  • термометрді судан алмай, көрсеткішін санап шығарыңыз (минималды бөлудің жартысына дейінгі дәлдікпен),

  • жылулық ластануды зерттегенде бір-бірінен 100 м қашықтықта суаттағы бірнеше орындардың су температурасын анықтаңыз. Температураның айырмашылығын есептеңіз.


Тақырып №12. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау.

Атмосфералық ауаны қорғау дегеніміз не екенін білу.


Әдебиет:

«Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Қазакстан Республикасының Заңы, № 302 2002 жылғы 11, наурыз Алматы

Кушумбаев А.А. Экологическое право РК. Астана, 2001 г.

Байдельдинов Д.Л. Бекешева С.Д. Экологическое право РК. Алматы, 2004 г.

Стамкұлов Ә.С. Қазакстан Республикасының экология құқығы. Оқу кұралы. - Тараз, 2003, 1-2 бөлімі.

Дубовик О.Л. Экологическое право. Москва, 2004 г.

Бринчук М. Экологическое право Москва 2008 г.
Бақылау сұрақтары:


  1. Атмосфералық ауа табиғат объектісі ретінде.

  2. Атмосфералық ауаның қазіргі жағдайы.

  3. Атмосфералық ауаны қорғауға мемлекеттік бақылау.

  4. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік

Тапсырмалар:

Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды орналастыру мен жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау бойынша талаптарды орындамау қандай жауаптылыққа әкеледі?


Зертханалық жұмыс.

Атмосфералық ауаның экологиялық жағдайын бағалау.

Мақсаты: ауаның зиянды химиялық заттармен ластануын зерттеу.

Жер беті күн сәуленуімен бірге біздің планетамыздағы өмірге жарамды климатты ұстап тұрады. Күн жер бетін жылытады. Жер беті өз алдына ауаны жылытады. Жылыған ауа тығыздығы төмендеп, ол жоғары қарай көтеріледі. Ал тығыздығы жоғарырақ және суығырақ ауа төмен қарай түседі. Бұл құбылыс ауаның үздіксіз айналымына жағдай жасайды.

Тапсырма:ауаның аммикапен ластануының өсімдіктерге әсері.

Аммиак «мүсәтір спиртінің» жағымсыз иісі тән түссіз газ. Ол ауадан жеңіл және суда жақсы ериді. Ауада аммиак концентрациясы жоғары (көлемнің 0,5 пайыз) болса, ол сілемейлі қабықшаны тітіркендіреді, көздің және тыныс алу жолдарының зақымдануына әкеліп соқтырады. Өсу ұлпаларының айтарлықтай өзгеруіне әкеле отырып, ауаның аммиакпен ластануы өсімдікке жағымсыз әсерін тигізеді. Бірақ осыған қарамастан химиялық байланысқан және топырақ ерітіндісі түрінде топыраққа енгізсе, ол тыңайтқыш болып табылады.

Құрал-жабдықтар және реактивтер:



  1. Тығыны бар 500 мл колба.

  2. 30 мл арналған флакон.

  3. Аммиакты су.

  4. Қағаз фильтр.

  5. Полиэтилен (скотч).

  6. Традескация немесе басқа өсімдіктің жапырақтары не болмаса өскіндері.

Жұмыс барысы:

  1. колбаға флаконды салғанда колба сынбайтындай оның түбіне қағаз фильтрды орналастыру.

  2. Флаконға жапырақты немесе өскінде бекіту. Конус тәрізді колбаға жіп көмегімен немесе қабырға бойымен ақырындап түсіру.

  3. Колбаға 3-4 тамшы аммиакты су тамызып, оны тез арада тығынмен мықтап жабу.

  4. Тәжірибені сабақ басында бастап, сабақ соңында нәтижені белгілеу (жапырақ немесе өскіннің қараюы байқалады).


Тақырып №13. Ормандардың құқықтық режимі және оларды қорғау.

Орман және өсімдік әлемі не екенін білу.


Әдебиет:

Қазакстан Республикасының Орман кодекс! № 477 2003 жылғы 8 шілде, Алматы

Кушумбаев А.А. Экологическое право РК. Астана, 2001 г.

Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Алматы, 2003 г.

Стамкұлов Ә.С. Қазакстан Республикасының экология құқығы. Оқу кұралы. - Тараз, 2003, 1-2 бөлімі.

Бринчук М. Экологическое право Москва 2008 г.

Дубовик О.Л. Экологическое право. Москва, 2004 г.
Бақылау сұрақтары:


  1. Ормандардың құқықтық режимінің түсінігі мен оларды қорғау.

  2. Орманды пайдалану құқығы мен оның түрлері.

  3. Орман қорын топқа және қорғаныс категорияларына бөлу.

  4. Орман заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.

Тапсырмалар:



  1. Басты мемлекеттік санитарлық дәрігер обылыс прокурорынан обылыс әкімшілігінің бау-бақша серіктестігіне үлкен су қорғау маңызы бар бірінші категориялы орман орналасқан 10га жер бөліп шы,ару туралы шешіміне наразылық білдіруді сұрады. Обылыс әкімшілігінің шешімі құқыққа сәйкес пе? Обылыс прокуроры не жасау керек?

  2. Азамат Петров заңсыз ағаш шабуды ұйымдастырды. Ағаш шабу ірі мөлшерде жасалған деп квалификацияланды. Ірі мөлшерде ағаш шабу үшін қандай жауаптылық көзделген?


Тақырып №14. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі.

Студент жануарлар дүниесі қалай пайдаланатынын және қорғалытынын білу керек.


Әдебиет:

«Жануарлар әлемін қорғау, қайта өндіріс және колдану туралы» Қазакстан Республикасының Заңы, № 593 2004 жылғы 9 шілде, Алматы

Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Алматы, 2003 г.

Кушумбаев А.А. Экологическое право РК. Астана, 2001 г.

Байдельдинов Д.Л. Бекешева С.Д. Экологическое право РК. Алматы, 2004 г.

Стамкұлов Ә.С. Қазакстан Республикасының экология құқығы. Оқу кұралы. - Тараз, 2003, 1-2 бөлімі.

Бринчук М. Экологическое право Москва 2008 г.

Дубовик О.Л. Экологическое право. Москва, 2004 г.

Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан Караганда 2002 г.
Бақылау сұрақтары:


  1. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимінің түсінігі.

  2. Аң аулау және аң аулау шаруашылығын жүргізуді құқықтық реттеу.

  3. Жануарлар дүниесін пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау.

  4. Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық.

Тапсырмалар:

Азамат Ивановты үйде қасқырды ұстағаны үшін заңды жауаптылыққа тартуға бола ма?
Тақырып №15. Ерекше қорғалатын табиги объектілердің құқықтық режимі.

Ерекше қорғалатын табиги объектілеріне не жататынын білу.


Әдебиет:

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазакстан Республикасының Заңы, 1997 жылғы 15 шілде, Алматы

Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан Караганда 2002 г.

Кушумбаев А.А. Экологическое право РК. Астана, 2001 г.

Стамкұлов Ә.С. Қазакстан Республикасының экология құқығы. Оқу кұралы. - Тараз, 2003, 1-2 бөлімі.

Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Алматы, 2003 г.

Бринчук М. Экологическое право Москва 2008 г.

Боголюбов С.А. Экологическое право. Москва, 1999 г.


Бақылау сұрақтары:

  1. Ерекше қорғалатын табиғи объектілерінің түсінігі.

  2. Рекреациялық табиғатты пайдалану құқығы және рекреациялық аймақтарды қорғау.

  3. Заказниктердің құқықтық режимі.

  4. Табиғи ұлттық парктердің құқықтық режимі.

  5. Курортттардың және басқа емдеу-сауықтыру аймақтарды қорғау және пайдалану.

Тапсырмалар:



Отынды абайсыз қолданудың нәтижесінде ерекше қорғалатын табиғат объектінде 15 га орман жойылды. 15 га орманды жою үшін қандай жауаптылық көзделген?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет