«ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА
НҰСҚАУ
ЕТТ 2216 «Электр тізбектерінің теориясы» пәні
ЕRBK 08 «Электроника, радиокомпоненттер және бағдарламалық құрылғылар» модулі
6B07109 «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы
Энергетика, автоматика және телекоммуникациялар факультеті
«Энергетикалық жүйелер» кафедрасы
Әзірлеуші ___________ Бокижанов Г.И. «___» _________ 20___ ж.
Энергетикалық жүйелер басқармасының отырысында талқыланды
2022 жылғы 29 наурыздағы № 14 хаттама
Кафедра меңгерушісі___________ Нешина Е.Г. «___» _________ 20___ ж.
Қарағанды 2022
Мазмұны
Кіріспе.....……………………………………………………………………… 4
Зертханалық жұмыс № 1
Электрлік тізбек элементімен танысу, бірнеше электр өлшеуіш құрылғыларын және негізгі электрлік шамаларды техникалық өлшеуін үйрену.................…………………...5
Зертханалық жұмыс № 2
Тұрақты тоқтың тізбегін беттестіру әдісімен зерттеу......................………………………………………………………….. 9
Зертханалық жұмыс № 3
Активті екіполюстік әдісімен тізбекті зерттеу....................................................……...........……………..................…19
Зертханалық жұмыс № 4
Бірфазалы айнымалы тоқ тізбегіндегі кедергінің, катушка индуктивтілігінің, конденсатордың параллель жалғануындағы есептік және тәжірибелік жолмен зерттеу …………........................................................... 24
Зертханалық жұмыс № 5
Синусоидалды тоқтың тарамдалған және тарамдалмаған электрлік тізбектерінде резонанстік режим кезінде есептік және тәжірибелік жолмен зерттеу ……………………...............................................…………………….28
Зертханалық жұмыс № 6
Құрамында индуктивті байланысты элементер бар синусоидалдық тоқтың электрлік тізбегіндегі тоқ пен кернеудің қатынасын эксперименталді зерттеу ……………………………………………………………… ........... 36
Әдебиет...... ………………………………………………………………… 42
Кіріспе
Электр тізбектер теориясы курсында электрлік және магниттік құбылыстар және де оларды тәжірибелік мақсаттарда қолданулар зерттелінеді.
«Электротехниканың теориялық негіздері 1» пәнін зерделеу жұмыстарында электротехникалық құралдар мен қондырғыларды пайдаланатын техникалық бакалаврларды дайындаудың негізгі бөлігі болып табылады.
«Электротехниканың теориялық негіздері 1» курсында дәрістерде алынатын теориялық білімдерді тәжірибелік түрде түсіндіріп, дәлелдейтін зертханалық жұмыстарға көп көңіл аударылады.
Ұсынылған зертханалық практикум студенттердің өз бетінше есептеу модельдерін құрып, нәтижесін талдап, ПЭВМ қолдана отырып зертханалық жұмыстарды орындауға арналған. Осыған байланысты студенттер зертханалық жұмыстарды орындай отырып, зерттеу түрінде әрбір сұрақтарды өз бетінше шешуді үйренеді. Программалық қамтамасыздандыру ретінде Electronics Workbench программасы қолданылады.
№ 1 зертханалық жұмыста студенттер Electronics Workbench программасымен берілген электр тізбектерінің элементерін зерттейді, өлшеу құралдарының параметрлерін таңдауды және электр схемаларын құруды үйренеді.
Зертханалық жұмыстарды орындау ережелері
1. Жұмысты орындау алдында оқытушы әрбір студентке жеке сұрақтар қойып, оның дайындығын тексереді. Зертханалық жұмысты орындауға жіберілген студент компьютердің алдына отырып, Electronics Workbench программасын қосып жұмысын бастайды.
2. Зертханалық жұмыстың соңында студент жасаған жұмысының нәтижесін оқытушыға көрсетеді.
3. Студент зерттеу нәтижесімен зертханалық жұмыстың есебін беріп, қорғауы керек. Әрбір студент жеке-жеке қорытынды жасауы қажет. Зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасамаған студент келесі жұмысты орындауға жіберілмейді.
4. Әр жұмыс бойынша есеп беру, әр студентке жеке болады және оның ішінде:
- кафедраның атауы, курсы, жұмыстың атауы, студенттің тегі мен тобы көрсетілген титулдық бет;
- жұмыстың мақсаты мен мазмұны;
- тәжірибелердің электрлік схемалары;
- есептеулердің нәтижелері бар кестелер және берілген элементтер;
- есептеу есептемелері;
- графиктер;
- қорытындылар болу керек.
Есеп беру қолжазба тәжірибе, А4 стандарт форматта орындалады. Электрлік схемаларды сызғанда МЕСТ-термен сәйкестендірілген шартты белгілерді қолдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |