«зерттеудің биоиндикациялық Әдістері»



бет7/38
Дата09.09.2022
өлшемі189 Kb.
#460520
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Документ Microsoft Word

Парниктік эффект - Күннің жылу сәулелерін сіңіретін газдар мөлшерінің көбеюі нәтижесінде атмосфера температура-сының жоғарылауы.

Пестицидтер - өсімдіктер, жануарлар, ауыл шаруашылық дақылдарын басқа организмдердің- арам шөптердің (герби-цидтер), насекомдардың (инсектицидтер), саңырауқүлақтардың (фунгицидтер), т.б зиянды әсерінен қорғау үшін қолданылатын химиялық улы химикаттар.

Пирамида (экологиялык) - биоценоздардың қоректік деңгейлері - продуценттер, консументтер және редуценттердің арасындағы сапалық қатынастардың, олардың саны (сандық пирамда), биомассасы (биомасса пирамидасы) немесе энер-гиясы (энергия пирамидасы) бойынша графиктік бейнеленуі.

Поллютанттар - ортаның техногенді ластаушылары: ауада - аэропланктондар, суда- гидропланктондар, топырақта -террополлютанттар.

Популяция - генофондысы ортақ, салыстырмалы бірдей экологиялық жағдайлардағы ортаны мекендеп, бір-бірімен еркін будандасып, ұрпақ бере алатын, бір түрге жататын особьтардың жиынтығы.

Продуценттер - органикалық емес заттардан алғашқы өнім түзетін автотрофты организмдер.

Редуценттер - органикалық заттарды жай минералдық заттар: су, көмірқышқыл газы, күкіртсутек және түрлі түздарға дейін ыдырататын гетротрофты организмдер (бактериялар мен саңырауқүлақтар).

Рекультивация - бүзылған табиғи ландшафтарды қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар комплексі.

Сапрофагтар - өлі органикалық заттармен қоректенетін жануарлар (детритофагтар).

Синэкология - көп түрлі қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы.

Сукцессия - белгілі тіршіілік ортасындағы организмдердің түр қүрамы өзгерістерінің үздіксіз және бағытталған жүйесі.

Терратогендер - организмдерге әсер ету арқылы олардың үрпақтарында аномалиялар туғызатын заттар, не физикалық агенттер.

Техногенез - адамды қоршаған және табиғи ортада өзгерістер туғызатын техника мен материалдық мәдениеттің даму процесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет