міндеттері Орта мектепте органикалық заттар немесе кѳміртегі қосылыстарының химиясы арнайы курс ретінде ѳтіліп, бірқатар оқу-тәрбиелік міндеттерді шешеді.
Органикалық химияда заттардың сан алуандығы және оның себептері жѳнінде үғым қалыптасады, органиқалық және бейорганикалық қосылыстардың бірлігі мен айырмашылығы ашып кѳрсетіледі. Органикалық заттар саны жағынан қѳп, қазіргі кезде белгілі қосылыстардың тѳрттен үші органикалық заттарға жатады. Органикалық заттардың құрамына негізінен кѳміртегі, сутегі, оттегі, азот, қүкірт жэне фосфор элементтері, яғни санаулы ғана элементтер кіреді. Кейінгі кезде металорганикалық және электроорганикалық қосылыстар кептеп алынуда, бірақ олар орта мектепте оқытылмайды.
293
Органикалық қосылыстардың құрамына оқушыларға таныс элементтер гана кіргенімен эр алуан болуы кѳміртегі атомдарының ѳзара бір жэне еселенген химиялық байланыстар түзуге бейімділігімен түсіндіріледі.
Органикалық химияда заттардың құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті нақтылауға кѳбірек назар аударылады. Бұл салада бейорганикалық химиядан алған білім тереңдеп, одан әрі дам ытылады.
Заттардың жіктелуі жѳніндегі білім кеңейеді. Оқушылар органикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы жаңа ұғым алады, олардың құрамының қүрделіленуімең жэне генетикалық байланысымен танысады.
Химияның халық шаруашылыгында қолданылуы, ғылым мен ѳндірістің ѳзара шарттастығы жѳніндегі білім дамытылады. Пластмасса, жасанды торқалар, былғары, каучук, ауыл шаруашылыгында, медицинада қолданылатын заттар ѳндірудегі органикалық синтездің жетістіктері баяндалады. Бұл салада жэне экологиялық жағдайды жақсартуда елімізде жүзеге асырылатын шаралармен таныстырады.
Органикалық химияның теориялық кѳзқарастарын дамытуда жэне ғылыми жаңалықтарын ашуда галымдардың қосқан үлесіне баса назар аударылып, интернационалдық жэне патриоттық тэрбие беру жүзеге асырылады. Оқушылардың теориялық білімі жаңа сатыға кѳтеріледі. А.М. Бутлеровтың органикалық заттардың қүрылыс теориясы, В.В. Марковниковтың атомдардың ѳзара эсері жѳніндегі ережесі, Н.Н. Зининнің анилин алу реакциясы, М.Т. Кучеровтың ацетиленді гидраттау реакцияларының маңызы түсіндіріледі.
Органикалық химияда гылымаралық жэне пэнаралық байланыстарды жүзеге асыруға зор мүмкіндік туады. Органикалық химия тірі организмдердің қүрамына кіретін, олардың денесін қүрайтын, биохимиялық бағыттарға қатысатын заттарды зерттейді, тіршілік барысын молекулалық деңгейде түсінуге жэрдемдеседі. Биологиялық аса маңызды заттар; кѳмірсулардың, майлардың жэне ақуыздың химиялық құрамы жэне олардың қасиеттерімен таныстыру арқылы органикалық химия оқушыларды жалпы биологияның оқу материалын жете игеруге эзірлейді.
294
Органикалық химияны ѳткенде оқушылардың зертханалық-сарамандық біліктері дамиды. Едэуір күрделі сапа және сан тәжірибелерін жасауды, эксперимент есептерін шыгаруды үйренеді.
Органикалық химияны игеру барысында оқушыларда дүниенің материядан түратыны, бірлігі, үздіксіз дамуы, сан ѳзгерістерінің сапа ѳзгерістеріне ауысуы, оларды танып-білуге болатыны жѳнінде ғылыми кѳзқарас қалыптасады. Ѳлі табиғат пен тірі табиғаттың, бейорганикалық заттар мен органикалық заттардың арасын бѳліп түрган шекара жоқ екені жѳнінде пікір туады.
Органикалық химия оқушылардың ақыл-ойының дамуына зор әсерін тигізеді. Қисынды ойлаудың дедукция, анализ және синтез, салыстыру және жалпылау тэсілдері жиі пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |