\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев


7 - тарау. ХИМИЯ ТіЛШ ТҮС1НУД1 ЖЕТ1ЛД1РУ



бет40/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   162
Нұғманұлы учебник

86

7 - тарау. ХИМИЯ ТіЛШ ТҮС1НУД1 ЖЕТ1ЛД1РУ


ЖОЛДАРЫ


Химия тілін түсінудің семиотикалық негіздері Таңбалар жүйесінің таным мен қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметі аныкталып, уақыт ѳткен сайын қолдану аясы кеңеюде. Таным - объективті шындықтың адам санасында бейнелену процесі. Ол арқылы адам білмегенді білуге, жартылай білімнің толық жэне дэл білімге айналуына негіз алады. Оқушылар элемнің шындық бейнесін белгілі бір ұғымдар жүйесі арқылы игеріп, ойлау нэтижесінде құбылысты бақылап, оның мэн-мағынасына кѳңіл аударады, бір мэннен екінші жэне одан да жоғары деңгейлерге ѳте отырып, біртіндеп әрқайсысының алуан жақтарын жэне бір-бірімен байланысын аша түседі.
Қоршаған ортадағы барлық заттар мен құбылыстар ѳзара байланысты жэне олар адамның ойында түсініктер мен байланыстардың қарым-қатынасы ретінде бейнеленеді.

Бізді қоршаған орта табиғи жэне жасанды денелерден тұрады. Таңбалар жасанды денелерге жатады. Осы таңбалар жүйесін зерттейтін семиотика ілімінің неғізін салған американ ғалымы Чарльз Сандерс Пирс.


Дүние жүзінде қолданылып жүрген тілдердің барлығы таңбаларға жататындықтан, таңба ретінде кез келген затты, шартты белгіні қолдануға болады. Шартты белғілер - материалдық жағынан да, білдіретін хабарының мазмұны, оны білу тэсілі мен таңбаның құрылымдық сипаты жағынан да алуан түрлі. Ол ғылым объектісі болуға эбден жарайтын мейлінше күрделі құбылыс.


Кейбір ғалымдардың кѳзқарасы (А.Ф. Полтарацкий, B.C. Швырев) бойынша таңбаның материалдық дене екендігі, оны сезім мүшелері арқылы байқауға болатындығы жэне оның басқа денелерден айырмасы екі жақты табиғатында екендігі айтылады. Таңбаны екі жақты деп қараудың себебі, біріншіден, таным мен қатынас үрдісінде ѳзінен басқа бір нэрсенің (заттың) немесе құбылыстың орнына жүретіндігінде, екіншіден, ѳзінен табиғаты мүлдем бѳлек нэрсе үшін қолданылатындығы.


Белгілі ғалым Б.В.Безруков осындай бір белгіге таңбаның қызметін қояды. Кең түрде қарастырғанда оның мағынасы - адамдар мен кибер-нетикалық машиналар ара-қатынасының екі жақты хабар





87

алмасу құралы. Бірқатар философтардың еңбектерінде таңбаны зерттеп білуде адамның теориялық жэне практикалық іс- әрекеті ескеріледі.

Философ ғалым Н.С.Нарский "Шығу тегі жагынан таңба дегеніміз - адамның практикалық жэне теориялық іс-эрекеті кезінде ѳзінен басқа бір нэрсені белгілейтінін сезім мүшелері арқылы қабылдауға болатын нэрсе", - деп қарайды.


Л.О.Резниковтың пікірінше, қазіргі семиотикалық таңба таным мен қатынас үрдісіндегі ѳзінен басқа нэрсенің немесе қүбылыстың орнына жүретін, сол нэрсе мен қүбылыс туралы информацияны қабылдайтын, тіркейтін жэне тасымалдайтын сезім мүшелері арқылы қабылдауға болатын нэрсе (қүбылыс немесе қимыл) ретінде анықталады.

Бірқатар зерттеушілер ѳз еңбектерінде таңба ұғымы белгілерінің ішінең мыналарды негізге алады: 1) таңба екі жақты қүбылыс, бір жағынан ѳзіндік пішіні болатын, екінші жағынан идеалды мэні бар; 2) идеалды мэні ѳзінен басқа белгілейтін нәрсесі жонінде информация береді; 3) мэні жоқ таңба болмайды; 4) таңбаның мэнін субъект қабылдайды және пайдаланады; 5) оқыту үрдісінде таңбалар білімнің тасымалдайтын формасы болып табылады.


Осылардың негізінде химиялық білім қалыптастыруда таңбаны негізгі үғым, оқыту үрдісінің ажырамас бѳлігі ретінде түсініп, оны бір нэрсенің немесе қүбылыстың орнына жүретін, сол нэрсе мен қүбылыс жонінде информацияны қабылдайтын жэне оны сақтап, түрлендіру нэтижесінде бір-біріне жеткізу үшін пайдаланатын материалдық зат түрғысынан қараймыз.


Химиялық таңбалардьщ ішіндегі ең маңыздысы - тіл. Басқа таңбалар осы тілдің негізінде жасалады да, тіл арқылы тікелей іске қосылады. Осы түргыдан қарағанда, таңбаның мэні мен магынасы - пікірталас туғызатын мэселелердің бірі. Философтардың пікірлері бойынша, таңбаның мэні - белгілі бір нэрсе не зат туралы беретін информация. Феноменологиялық теория түрғысынан кез келген таңба ой мен нэрсені үштастыру қүралы ретінде қарастырылған. Бихевиористердің козқарасы түрғысынан, таңба - іс-эрекет, басқаша айтқанда реакция (рефлекс). Прагматиктер таңбаның мэнін оның іске жаратылуы немесе ол арқылы іс-әрекеттің реттелуі деп түсіндіреді. Психологияда ассоциация теориясы бойынша нэрсе мен таңба





88

арасында қарапайым түрдегі ассоциациялық байланыс бар деп қарайды.

Таңбалар белгіленген заттың кейбір ерекшеліктерін кѳрсетіп, оларға жалпы сілтеме жасайды. Мұның мэнісі адам таңбалардан заттың озіне ауыса алады немесе таңбадан алған білімі есебінде қарастыра алады. Сондықтан да, адамзаттың жинаған мол білімі таңбалар арқылы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін білім қоры болып есептеледі.


Бүдан шығатын түжырым: таңбаның жасалуы мен пайдаланылуының адамның саналы іс-эрекетімен тығыз байланыстылығы. Таңбаның маңыздылығы нэрсенің ѳзімен тікелей жұмыс жасауға мүмкін болмаған жағдайда ол заттың орнына жүмсалатындығы.


Таңбаның функңиясы ол арқылы бейнеленіп отырған объектіге тэуелді, сондықтан жасалынған таңбаларды қалауымызша біріктіріп жаза беруімізге болмайды.


Оқыту үрдісінде таңба жэне таңбалар жүйесінің мэні мен мағынасы туралы мэселені қарастыру жэне шешудің маңызы зор. Себебі кез келген ғылымдағы білім таңбалар жүйесі арқылы беріледі. Таңба - білімді түйсінуге, қабылдауға кѳмектесетін қүрал, ал таңбаның мэні мен мағынасы - білімнің мазмүны болып табылады. Сондықтан да логикада білімнің қүрылымы: Т° Бо О түрінде ѳрнектеледі.


Мүнда Т“ - таңба, О ~ таңба арқылы берілетін объект, Бо - таңба мен объекті арасындағы байланыс.


Біздің ойымызша, бүл білімнің тасымалдаушысы болып табылатын тіл таңбалары мен объект арасындағы табиғи байланысты тудыра алмайды, ал ондай байланыс омір тэжірибесінде немесе оқыт>' үрдісінде туындайды. Мүндай байланысты тудыру ғылым тілімен айтқанда онтенсивті жэне вербальды жолдар арқылы іске асады. Онтенсивті дегеніміз - нэрсенің озін корсету арқылы таңбасымен байланысын орнықтыру. Мысалы, сары түсті үнтақты корсетіп түрып, күкірт деп аталатынын айтып, оның бірден байқалатын физикалық қасиеттерін соз таңбалары арқылы хабарлаймыз. Керісінше, вербалды анықтау нәтижесі арқылы тудырылатын байланыс заттың ѳзімен емес, сол зат туралы үғымға негізделеді. Мүндай жағдайда, үғымның басты белгілерін атап, күкірт - жай зат, ал күкіртті темірдің күрделі зат екендігін ажыратып айтуға тура келеді.



89

Заттардың бейорганикалық қосылыстардың қай класына жататынын тек вербалды анықтама кѳмегімен түсіндіруге болады. Кез келген таңбадан оның материалдық кескіні (пішіні) жэне езіне тэн мағынасы бар екендігін байқауға болады. Әрбір таңба ѳзінің сыртқы пішіні бойынша ѳзге таңбалардан ерекшеленеді, бірақ оның кескінімен белгілейтін нэрсенің арасында шартты ғана байланысы бар таңбалар жиі кездеседі. Адамзат жасаған таңбалардың бэрі біздің пікірімізше, жасанды денелерге жатады. Таңбалар ѳзінің жасалу жолы, құрылымы, формасы, мазмұны жэне т.б. белгілері арқылы ерскше-леніп, эр түрлі болады.

Семиотикада таңбаларды негізгі таңба жэне кѳмекші таңба деп екіге бѳліп қарастырады. Неғізгі таңба деп тілдік таңбаларды айтады


Сонымен қатар таңбаларды табиғи таңба, жасанды таңба, сигналдық, символдық, тілдік, субституттык (материалдық) таңбалар деп бѳлу де кездеседі. Табиғи таңбаларға нэрселер мен кұбылыстардың белғілері, ѳлшеуіш кѳрсетінділері, таңба ретінде болатын заттар мен құбылыстар жатады. Химия пэніндегі табиғи таңбалар - химиялық реакциялардың сыртқы белгілері.


Жасанды таңбалар тіл таңбалары жэне тілге жатпайтын таңбалар болып, екіғе бѳлінеді. Біріншісіне дүние жүзі ұлттарының тілі, барлық ғылымдар саласының, есептеу машинасының тілдері жатады. Екіншісіне - иконикалық, символикалық жэне сигналдық таңбалар, түрлі ѳнер туындылары, мүсіндер мен суреттер, теледидардағы жэне фильмдегі бейнелер, фотосуреттер енеді. Бұлардың ерекшелігі - материалдық формасы бейнелеп отырған нэрселері мен құбылыстарына сэйкес келуінде, яғни сол заттың бейнелік кѳшірмесі болып табылатындығы. Бірақ, кепшілік жағдайда, таңбалардың пішіндері мен бейнелеп отырған заттың арасында сэйкестік байкалмайды. Мұндай таңбаларға шарггы түрде алынған ұлт тілдерінің, ғылыми тілдердің, эр түрлі машиналар үшін жасалған тілдердің таңбалары жатқызылады. Сондай-ақ, алуан түрлі кѳліктер ережелері, эскери атақтардың айырым белгілері, ауада жэне суда жүзу белгілері -бэрі де шартты таңбаларға жатады.


Семиотикада химиялық тілдің таңбаларын үш жағынан қарастырады. Таңба жеке күйінде қолданылмайды, бір-бірімен бірігіп жүйе түзеді. Осы жүйедегі таңбалардың ѳзара қатынасын синтактика саласы зерттейді. Бірінші жағы синтаксистік, яғни символикалық жүйедегі таңбалардың құрылысын жэне бірігу





90

ережелерін қарастырады. Таңбалардың бір-біріне қатысы символиканың қызметіне байланысты емес. Химиялық тіл синтаксисінің міндеттеріне символиканың алфавитін оқыту, эр алуан химиялық формулалар мен теңдеулерді құру ережелері жүйелік номенклатураның үстанымдарын анықтау жатады. Екінші жағы - прагматика таңбаның таным барысындағы пайдасын зерттейді. Прагматикалық (практикалық) сала, негізінен оқытуда химиялық символиканы пайдалануға бағытталған. Химия ғылымында жинақталған қоғамдық тэжірибелердің үрпақтан-үрпаққа берілуіндегі таңбалар жүйесінің мэнін қарастырады. Оқытуда химиялық символиканың мүндай жағын ашу химия негіздерін меңгеру үшін ѳте тиімді болып, оқушыларға танымдық қабілеттеріне сэйкес символикалық белгілерді түсінуге жэне қабылдауға қолайлы жагдай туғызады. Үшінші жағы - семантика, яғни таңбаның белгілейтін нәрселері мен қүбылыстарға қатынасын зерттейді. Біздің пікірімізше, бүл қатынас, әдетте семантикалық үшбүрыш арқылы корсетіледі:

Таңба

Нэрсе

Нэрселер мен қүбылыстар жэне заттар - материяның нақтылы түрлері мен коріністері ретінде санадан тыс омір сүретін ақиқат шындық. Сонымен, семиотика саласы бойынша символикалық белгілердің мәндік жағын, таңба жэне химиялық қүбылыс арасындағы байланыстарды ашып корсетуге болады. Жоғарыда аталғандар түрғысынан химиялық тілді таңбалар жүйесі жэне олардың иерархиясының ең жоғары сатысы деп қараймыз. Оны 4-сызбанүсқадан байқауға болады.


Химия тілі семиотикасы





91

Тілдік таңбалар ] |

4- Табиғи тіл


4-сызбанүсқа


Бұл сызбанұсқадан таңбалар иерархиясының жүйесін, химияны оқыту үрдісінде қолданылатын қүралдардың жэне әдістердің табиғатын, бір-бірімен байланысын түсінуғе мүмкіндік туады. Химияны оқытудың негізгі қүралы болып саналатын химиялық тіл оқушыларда теориялық білім жүйесін қалыптастырады. Заттардың және химиялық қүбылыстардың сыртқы белгілерін ғана бақылап, қабылдап қоймай, олардың мэнін, кѳзге коріне бермейтін ішкі қүрылысын түсіндіруге жағдай жасайды. Бүл жағдайда табиғи жэне ғылыми тілмен қоса жасанды таңбаларды пайдалануға да болады. Ал жасанды таңбалардан, жасанды тілдер, яғни химия ғылымының тілі пайда болды. Кез келген ғылым саласында алынған ғылыми болжам оның тілі арқылы тіркеліп, сақталады. Жалпы алғанда химия тілі де ғылыми тілдер қатарына қосылады. Сонымен "химиялық тіл" үғымына берілген анықтамаларды салыстыра келіп, И.Нүғыманов оз еңбегінде былай дейді;


"Химический язык - один из искусственных языков, созданных для решения спеңифических задач профессионального общения, научного и учебного познания".


"...при узком понимании химический язык следует определить как спеңиальную знаковую систему, предназначенную для фиксаңии, хранения и передачи химического знания. Эту систему, состоящую из терминологических, номенклатурных и символических знаков, следовало бы назвать собственно химическим языком, т.к. только он является носителем химической информаңии".


Химия ғылымының тілін химиялық терминология, химиялық номенклатура және химиялық символика деп үшке боліп қарастырып келді. Бүлардың эрқайсысының езіндік мағынасы, қүрастыру тэсілдері және танымдық қызметі бар. Химиялық символика мен





92

номенклатураның эры қарай жіктелетінін 5-сызбанұсқа арқылы байқауға болады.
Химиялық тілдің бірінші бѳлігі - терминология, яғни атаулар жүйесінен түратын сѳз таңбалары. Химиялық ғылыми үғымдардың аттары белгілі бір атаулар арқылы беріледі. Дегенмен, тарихи даму барысында химиялық терминдердің формасынан гѳрі мэні мен мағынасы үздіксіз ѳзгеріске үшырайды. Термин арқылы берілетін эр үғымның анықтамасы бар, осы анықтамаға негіз етіп алынатын белгі - ғылымның теориялық деңгейіне тәуелді.

Химиялық тілдің екінші бѳлігі - химиялық номенклатура, заттарды атаудың белгілі негізге сүйенетін арнайы жүйесі. Ол тривиалды (түрмыстық) жэне жүйелік деп екіге бѳлінеді. Жүйелік номенклатура химиялық символикаға негізделеді. Сондықтан химия ғылымында оны формулалар мен зат атауларынан түрады деп есептейді. Түрмыстық (тривиалды) номенклатура - заттарды пайдалану кезінде берілген эр түрлі атаулар. Ол атаулар кездейсоқ қалыптасқан, түрмыста, қүрылыста, медицинада, халық шаруашылы­ ғының алуан түрлі салаларында кеңінен пайдаланылады. Бүл атаулардың кѳпшілігі қысқа, үтымды ауызекі сѳйлеуде, мэтінде пайдалануға қолайлы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет