\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев



бет48/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   162
Нұғманұлы учебник

Бақылау сүрақтары



  1. Химияның ғылыми тілі дегеніміз не, ол қандай боліктерден түрады? Оның үлттық немесе табиғи тілге қатынасы қандай?

  2. Химия тілін түсінудің ғылыми теориялық неғіздері қандай?



119

    1. Оқыту кұралдарының ішінде химия тілінің алатын орны?




    1. Химиялық символика мен номенклатураны игеруде оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптар қандай?

    2. Химиялық номенклатураның түрлері жэне олар оқыту барысында қалай пайдаланылады?




    1. Химиялық тіл туралы білім қалыптасуының қандай теориялық негіздері бар?




    1. Химия тілінің оқу - тэрбиелік маңызы қандай?




    1. Химиялық символика мен химиялық номенклатура арасында қандай байланыс бар?




  1. Қазақша химияның ғылыми тілі қалай қалыптасты?


  1. - тарау. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БіЛіМіН ЖЭНЕ Б1Л1ГШ



ТЕКСЕРУ


Білім мен білікі тексерудің оқу-тэрбиелік маңызы. Оқытудың нэтижесін шығару - оқыту барысындағы аса маңызды бѳлік. Оқыту мақсатының орындалуы, мазмұны, құралдары, эдістері жэне ұйымдастыру формаларының тиімділігі оқушылардың білімі мен білігін тексеру арқылы анықталады. Тұтасынан алғандағы оқытудың барысы тэрізді білім мен білікті тексеру де үйрену, тэрбие беру жэне оқушылардың ақыл-ойын дамыту мақсаггарын кѳздейді.

Оқушылардың білімі мен білігін тексеру арқылы мұғалім ѳз ісіне талдау жасайды, қолы жеткен табыстарын молайтып, жіберғен кемшіліктерінің себебін ашуға ұмтылады. Оқыту мазмұнына, ұйымдастыру формаларына, құралдары мен эдістеріне ѳзгерістер енгізеді, жетілдіреді.


Жүйелі жүргізілген тексеру оқушыларды эр сабаққа эзірленіп келуге машықтандырады, ѳз ісіне деген жауапкершілігін арттырады, жолдастарының алдында есеп беруге, ѳз ойын анық жэне дэл жеткізіп сѳйлей білуге үйретеді.


Білімі мен білігін күнделікті, тоқсандық жылдық жэне қорытынды тексеру арқылы оқушылар сыныптан сыныпқа кѳшіріледі, мектеп бітіру емтихандарында сыналады.


Сонымен оқушылардың білімін, білігін тексеру мен бағалау бақылау, оқыту, тэрбиелеу міндеттерін атқаруды қамтиды жэне дағдысын тексеру дидактикалық жағынан алғанда бақылау, үйрету,





120

бағдарлау жэне тэрбиелеу міндеттерін атқарады. Мүғалім оқытудың эр кезеңінде оқушылардың ѳтілген материалды қалай меңгергенін бақылайды. Бақылау нэтижесін талдау арқылы оқушыға бағыт-бағдар нұсқайды, білім алу жолындағы мақсатын орындауда қажырлы, адал және шыншыл болуга тэрбиелейді.

Тексерудің үйрету міндеті дамылсыз жүзеге асады. Жаңа материалды түсіндіру үшін мүғалім оқушылардың бүрыннан білетіндерін есепке алады. Түсіндіріп болғаннан кейін жаңа материалдың негізгі мэселелерін оқушылардың қалай игергенін қадагалайды. Білімді тексеру кезінде оқушылардың еске сақтауын, қисынды ойлауын, сѳйлеу мэдениетін дамытуға, тірек хабарларын, сызба-нүсқалар сыздыру арқылы ой еңбегінің техникалық тэсілдерін қалыптастыруға, есептер шығару арқылы алған білімді қолдана білуге дағдыландырады.


Бақылау, бағдарлау, үйрету және тэрбие беру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру үшін білім мен білікті тексеруге бірнеше талап қойылады.


Тексеру оқушылардың барлығын толық қамтитын болуы керек. Сонда ѳтілген жеке тақырып бойынша эр оқушының білімі нақтылы анықталады.


Тексеру жүйелі жэне жоспарлы түрде жүзеге асырылуы тиіс. Тексеру үшін қажетті дидактикалық жэне техникалық қүралдар, тексеру эдістері мен түрлері материалдың мазмүнына сәйкес алдын ала эзірленеді.


Тексерудің оқушыларды ынталандыратын, ѳз күшіне сенімін арттыратын сипаты болу керек. Оқушылар тексерудің қажеттігі мен пайдасын мойындайтын дәрежеге дейін кѳтеріліп, ѳзін-езі бақылайтын, ѳз ісіне сын кѳзімен қарайтын күйге келуі тиіс. ізгілік пен демократияландыру түрғысыннан алғанда бүл аса маңызды талаптардың бірі.


Тексерудің түрлері мен эдістері эр мүғалім жүзеге асыра алатындай қарапайым жэне оңтайлы болуы керек. Сонымен бірге білімді тексеру мен бағалау кезінде ақиқаттан алыстамаудың, әділеттік пен парасаттылықтан айнымаудың тәрбиелік маңызы зор екенін айрықша айтпаса болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет