«050205 Филология. Қазақ филологиясы» (мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)



бет36/43
Дата22.02.2022
өлшемі0.8 Mb.
#455637
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
Айтыс-УМК

Тұжырымдар
1. Қорыта келгенде айтарымыз, қазіргі айтыстың тақырыбы сан алуан. Мұнда көтерілмейтін мәселе болмайды. Кешегі мен бүгіні, тәрбие мен өнеге, насихат пен сын, қоғамдық-әлеуметтік маңызды мәселелер: жер дауы, жезөкшелік пен көп әйел алушылық, тастанды балалардың тағдыры, жетпей жатқан зейнетақы, жұмыссыздық, имандылыққа бас ұру, қаңырап қалған ауыл мен азайып қалған мал басы, нарықтық экономика... Саясат тақырыбында: егемендік пен тәуелсіздік, жемқорлық пен сыбайластық, сайлаушылар мен сайланушылар, қалғып отырған депутаттар мен “шаш ал десе, бас алатын” - әкімдер жарылып жатқан сынақтар, құлап жатқан бомбалар... Тіпті мұның бәрін былай қойғанда, әлемде болып жатқан саяси оқиғалар да қазіргі айтыстан кеңінен орын алады. Көтеріліп жатқан осындай мәселелерді айтыстан тыңдап-ақ,ғ әлемде не болып жатқанынан хабардар болуға болады. Осындай қоғамдық-әлеуметтік өмірімізде болып жатқан проблеманы көтеру, сол проблемадан шығудың жолдарын қарастыру қазіргі айтыстың міндетіне айналғандай.
2. Қазіргі айтыс тақырыбының алуандығымен қатар, тілінің де өзіне тән ерекшеліктерімен көзге түседі. Қазіргі айтыс тілінде сөзді түрлендірудің неше түрлі жолдары: теңеу, контекстік теңеулер, метафора, архаизм сөздерге жаңа мағына беру, синоним сөздерді кеңінен қолдану, антонимдік және омонимдік қатарлар, табу сөздер мен эвфемизмдер, дисфемиздер, сөздерге жаңа мағына берудің лексикалық және семантикалық түрлері, плеонизм жаргон сөздер мен диалектизмдер, фразеологизмдік оралымдар, мақал-мәтелдер, кірме сөздер, калька және окканализмдерді көре аламыз.
Әр ақынға тән стилистикалық ерекшеліктер мен сөзді қолданудың морфологиялық ерекшеліктері өз алдына бір дүние. Қазіргі айтыс тілін жан-жақты қарастыру, оны бұрынғы айтыс тілімен салыстыра отырып кеңінен зерттеу – айтысты зерттеуші ғалымдарымыздың алдында тұрған үлкен жауапкершілігі бар ғылыми жұмыс.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама
Студент айтыстың көркемдік ерекшелігін, айтыскер ақынның тіл шеберлігін талдай білулері керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. А., 1973.
2. Көкейкесті әдебиеттану. 3-кітап. Ас., «Күлтегін», 2003.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет