«050205 Филология. Қазақ филологиясы» (мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)



бет34/43
Дата22.02.2022
өлшемі0.8 Mb.
#455637
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43
Айтыс-УМК

Болар едің балалары бірін-бірі


Осындай мақтауменен өсер деген
(Асқар. Дәулеткереймен айтысынан).
Асқар да «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр» дейтін мақалды сол мәтінде қайталамай, сәл жанамалай тартады. Соның өзінде нысанаға дөп тиіп тұр: жаңарған нұсқасын байқаймыз.
Арқаны жер кіндігі деп таныған

Сәтбаев, құрметтейді ел Қанышыңды, –


деген Жібек жолдарында лирикалық әуенге қоса, танымдық жай да көзге түседі.
Әңгіме мынада: туған топырағынан келген Салауатты Жібек келін болып түскен Арқа жерімен таныстырады. Әлбетте, Сарыарқаның көпшілік мақтан тұтатын ұлдары мен қыздарын Салауат көзі ашық азамат ретінде жақсы біледі. Солай болса да, Арқа келіні қазақи дәстүр бойынша екінші Отанын қадірлейтінін өлең жолдарымен баян етеді. Бір қызығы - өзгеден гөрі ұлы Сәтбаевты еске алуының екі түрлі себебі бар: біріншіден, бүкіл халқымыздың алып тұлғалы перзенті атанған атақты ғалым әрі қоғам қайраткері ретінде аталуға тиіс болса; екінші жағынан, сол айтыстың жаңа Астананың орталығында өтіп жатқандықтан, бұрынғы Ақмоланың (басқа ешбір қаланың емес) Қазақстанның орталық қаласы болу керектігін дәлелдеп, Үкімет пен партияның алдына мәселе қойған Қаныш Имантайұлы болатын. Енді айтыскерлеріміз осы Астанада сөз сайыстырып отыр. Данышпан азаматтың 50 жылды алдан болжай алған көрегендігін өлең жолдарына, әрине, қоспаса болмайтын еді. Бұл жағынан алғанда, айтыскерлеріміздің ұлы адамдардың елді елең еткізіп, тамсандырған ұлағатты ой үзіктерін көпшіліктің, әсіресе, жастардың есіне әдемі жолдармен салып отыруы да жарасымды құбылыс. «Жамбылды білген кісінің бәрі байқаған бір ерекше өнері кешегі, бергі күнге шейін өле-өлгенше Жамбыл ақындығының бір зор айқын сипаты болып, үнемі ере келді,– деп жазады академик-жазушы Мұхтар Әуезов. – Ол – шапшаң айтып тастайтын, тез көретін ақпа ақындығына қосымша өзгеше бір өткір әзіл айтқыштық еді». Жамбыл дәстүрін жалғастырушы қазіргі айтыскерлерде де әзіл-қалжың кеңінен орын алған. Мұнда да ақынның шабыт үстінде тауып айтуы, дәл айтуы тыңдармандарды үлкен әсерге бөлейді. Осы ретте Жібек пен Аманжолдың айтысы сөздің толық мағынасындағы қыз бен жігіт айтысы болып шыққан, өйткені ондай айтыстың талаптарына әбден сәйкес келеді. Әсіресе, әдемі әзіл, сұлу сөз, еркін сөйлеу, қыз балаға тән инабаттылық, жігітке тән батылдық пен ашық-жарқындық (әсте де дөрекілік емес), санамалай берсек, осы тәріздес тәтті қылықтар мен сол қылықтардың дәлелі ретінде зердеге тез қонар ой орамдары еріксіз тартып отырады.
«Ертерек тұрмысқа неге шығып кеттің? Талай жігіттер өкініп қалды-ау!» мазмұндас әзіл сұрағына Жібектің жауабы да әдемі әзілмен айтылды:
Көздері жігіттердің көп түскесін
(Сүттің де дәмі кетер көп піскесін).
Оң жақта омалып көп отырмадым,
Қып-қызыл жүрегіме шоқ түскесін.
Демек, айтыстың басынан аяғына дейін Жібек өз бойына серік болған әдептілігінен бір аумайды. Өркөкіректеу қыз болса, өзінің өнерін, көп алдында көрініп жүргенін, «маған қызықпағанда, жігіттер кімге қызықпақ» дегендей ойдың нышанын да сездірмейді. Өмірдің табиғи заңдылығын әсерлі жолдарға түсіреді.
Көбірек мақтағанмен қарындасты,
Бәйгені түрің жоқ қой қия алатын
дегендей наз білдірген Жібекке Аманжол:
Жібек қыз, бір басыңа қияр едім,
Арқаның тең жартысын сұрасаң да, –
деп жауап береді. Әттеген-ай, ақыры, жомарт, дарқан болғаннан кейін, қызға сұратқызбауы керек еді. Десек те, Жібек одан әрі әзіл тастайды:
Шынымен, Сарыарқаның тең жартысын
Қиналмай бір қыз үшін сатамысың?
Шүбә келтіру болсын, сенбестік болсын, тіпті қарсылық көрсетсе де, Жібек сөзі дұрыс көрінеді. Әрине, ол – алғашқы әсер. Әділдікке барар болсақ, адамзат тарихында өз елінің амандығы үшін өзін сатқан әйел-патриот та болған ғой. Мұндай жай ер-азамат тұрғысынан Науаи, Низами өлеңдерінде де ұшырасады. Сондықтан Аманжолдың соңғы жауабына бас шайқаудың қисыны жоқ:
Арқаның құлан жортқан құба белі
Айналсын Жібек қыздың жайлауына.
Дәулеткерей – әзілге жақын ақын. Көп ретте оның қалжың-қақтығыстары жеңіл, намысқа тимейтін көріністерді іліп айтудан туып жатады. Мәселен, Мұхамеджанға:
Қар адамын көргендей мен қарасам,
Өзіңсің ғой мамырда бөрік киген, –
десе, Асқарға:
Бүгінгі күн айтысқа
Галстук тағып келіпсің, –
дейді. Бірақ Асқар оның сөзін жауапсыз қалдырмайды:
Жалыным сені шарпып кетпесін деп,
Әдейі галстукті байлап келгем.
Осылайша бүйрек бүлкілдетер юморға бірсыдырғы әдеттеніп қалған Дәулеткерей кей-кейде жұдырығын дайындап күш те көрсетеді. Мәселен,
Екі аяғың салбырап,
Аспаннан түскен жоқсың ғой, –
деп, Мұхамеджанға айбат шексе,
Аспаның болса таста тіреп тұрған,
Сенен келген кеселді көріп алдым, –
деп, Асқарға көз алартады. Әрине, бұл бетке ұстап жүрген айтыскеріміздің мықтылығынан гөрі әлсіздігінен хабар береді. Тегінде, поэзияны жанындай сүйетін Дәулеткерейдің сол поэзияға ұрыс-керіс сөзін араластырмағаны дұрыс. Жеңге мен қайнының қалжың-қақтығысы Қатимолла мен Әсияның айтысында мол орын алады. Туыстығы мұндай адамдардың арасында шынайы езу тарттырарлық сөздер халық ауыз әдебиеті үлгілерінде де, нақтылы авторлары бар шығармаларда да жетерлік. Соның бәрінде де оқырман мен тыңдарманды елітерлік, кейін талай айта жүрерлік ғибраты мол жолдар мен шумақтар болушы еді. Мүмкін, мына айтыс мәтінінен де қайсыбіреулер іздеген жыр жолдарын табар, бірақ, турасын айту керек болса, бұл айтыстың негізгі тақырыбы – тоқал туралы. Шынында, солай... Әсия болса қайнысын көндіруге барын салады. Әрине, сөзімізге дерек керегін түсінеміз.
Еркіндеп қыдырайық дегеніме
Ағаң көніп, тоқал алмай отыр, –
деп бастайды Әсел тоқал мәселесін. Оған оншалықты көңіл бөле қоймаған Қатимолланы өзіне тура қаратып, тағы былай дейді:
Ағаңды ауылыңа алып келдім,
Айтсаңшы тоқал жайлы ақылыңды.
Ақыл-ойы, құлағы сау Қатимолланың жауап қатпасына амалы қалмайды:
Ағамның ойы болмас алабөтен,
Өзі ойлап ақылына сала ма екен?
Едірейіп алдында сен тұрғанда,
Батылы жетіп қай тоқал барады екен?
Қатимолла жеңгесін тоқтатарлық та сөз айтып байқайды:
Қайынға жеңге жүрер жеңгетай боп,
Інісі ағасына жүрмес болар.
Халықтың дәстүрін жақсы білетін Қатимолланың сөзінің мазмұнына мән беріп жатқан Әсия жоқ. Қайта, өзіне пайдалы ақыл айтылдыға санап, қайнының өзіне тиіседі:
Әуелі келінімді жіберіп ал,
Сонан соң саған тоқал аламыз ғой.
Несіне ол тоқалға билетейін,
Билеп бір қабырғасын күйретейін.
Әдетте айтылатындай, «түсінсек бұйырмасын!» Сонда дейміз-ау, ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында жүретін қандай қыз-келіншектер Әсияның бұйрығымен тоқал болуға таласып жүр? Екінші жағынан, тоқал алғызғандағы мақсаты анадай болса, ондай азапқа кім көнбек? Біреуге «қабырғасын күйретіп» запастағы әйелі болғанша, бойдақ жүргені әлдеқайда жақсы емес пе?
Әрі қарай тыңдасақ, Әсия әлгі райынан қайтады екен:
Қорықпай келе берсін тоқал болса,
Өңім суық болғанмен, жүрегім кең.
Оның мұндай сабасына түскенін де түсіну оңайға соға қоймас. Екі пікірінің арасында көз ілеспес қана уақыт өтті ғой.
«Бір үйде екі әйел болса – ойран» деген халық мақалын жадына сақтап жүретін Қатимолла әлі де болса жеңгесінің тамырын басып көреді:
Ағамның тоқал жүрсе қатарында,
Белгілі ала көзбен атарың да,
Күндіз рұқсат бергенмен, жеңешетай,
Әй, білмеймін, қиналарсың жатарыңда.
Басқа бір айтыскер әйел болса, бетін басып, ең болмағанда, залдағы жүздеген тыңдармандардан қысылыс білдірер деп те қалғандайсыз. Ал Әсия тәжірибе жүргізіп жатқан дәрігердей сөйлейді:
Несіне сол ағаңды қызғанайын,
Төсегін тоқалының салып берем.
Есікке тиегін де қағып қоям,
Сырттан бір ешкім кірмес, бағып қоям.
Әсекең одан әрі тереңдей береді:
Сайыста бұл Әсия келеді ғой,
Төсекке әйел заты көнеді ғой.
Кім білер, пендемін ғой, сығалармын,
Бұл жүрек секемшілдеу келеді ғой.
Төсекті салып, есікті жапқаннан кейін секемшілдіктің пайда болуы еріксіз күлкі туғызады. Ақынның психологиясындағы, сөздеріндегі контраст дегеніңіз осы болар. Логикалық қайшылық пен қателік те көз алдымызда өтіп жатады. Бұл айтылғанға тағы мына жолдар дәлел:
Сығалап, төсегінен қарағанда,
Ләззатын екі жастың көргім келер.
Тағы, өзінің айтқанына өзі қарсы келіп отыр. Қысқасы, Әсия күйеуі мен тоқалының қылықтарынан ләззат алса да, біз оның осы айтыстағы сөздерінен еш ләззат ала алмадық. Біздіңше, халық ақынына бұл – үлкен мін. Бір жақсысы – кейінгі айтыстарда Әсия мұндай интимдік жайларға бара бермейді. Жараның бетін тырнады деп бізді ешкім кінәламаса керек, өйткені тақырыбымызға сай көзге ұрып тұрған кемшілікті байқамау бізге де мін болар еді. Сөздерді, сөз тұлғаларын қолдануда ақындарымыздың жете көңіл бөле бермейтін тұстары ойға кірбің ұялатады. Бір өкініштісі – ондай кемшіліктер ысылған айтыскерлердің сөйлемдерінен табылып отырады. Жатырған деу Жібектің туған топырағында бала жастан айтып, дағдыға айналдырған тұлғасы делік:
Аспанмен құшақтасып жатырғандай.
Бірақ жетеді ме, кетеді ме немесе бергін түріндегі сөздердің, әдеби нормаға жатпаса да, сол ақынның қолдануы тіл тазалығына жағымсыз әсер беретіндей көрінеді:
Менімен айтысуға шыққан жігіт
Аяқ асты ғашық боп кетеді ме.
Ел намысын қорғаймын деп шыққан қыз
Жігіттің кетеді ме жетегіне.
(Жібек. Салауатпен айтысынан).
Сарыарқа, шегіңе көз жетеді ме.
(Жібек. Сол айтыстан).
Жұртым-ау, жұлдыздай боп жайнай бергін
Кеңейіп күннен-күнге өрістерің
(Жібек. Сол айтыстан).
Қуаныш та солай сөйлейді:
Ол әлде дүкендерде өтпейді ме.
(Қуаныш. Серікпен айтысынан).
Ұсаптың орнына құсаптың орынсыз жүруін Ғ.Мүсрепов бұдан жарты ғасырдай бұрын қатты сынға алған болатын. Соған қарамастан, Мұхамеджан сияқты сөз таңдай білетін ақындарымыз қазір де пайдаланып жүр:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет