хроматографиялық, кулонометрлік т.б. әдістер) Физикалық әдістерде анықталатын заттың концентрациясымен байланысты физикалық шамалар өлшенеді (спектрлік, рентген-фазалық). Титриметрлік талдау Титриметрлік талдау анықталатын компонентті анықтауға қажетті реактивтің мөлшерін (көлемін, массасын) өлшеуге негізделген. Анализ орындау үшін концентрациясы белгілі ерітінділер дайындалады. Титриметрлік талдауда жиі пайдаланатын концентрация түрлері: проценттік, мольдік концентрация, эквиваленттің мольдік концентрациясы және титр. Проценттік концентрация не заттың массалық үлесі төмендегі қатынастан Анықталады. 12) Титрлік талдау, титриметрлік талдау, титриметрлік әдіс (франц. tіtre – сапа, сипат) – сандық талдау әдістерінің жиынтығы. Титрлік талдауда зерттелетін құраушының мөлшері онымен әрекеттесуге жұмсалатын реактив (титрант) көлеміне сәйкестендіріліп есептелінеді. Титрлік талдауда химиялық реакцияны жүзеге асыру – талдаудың соңғы сатысы болып табылады. Титрлік талдау кезінде реактивті сыналатын ерітіндіге біртіндеп қосады. Реактив ретінде концентрациясы нақты арнайы ерітінділер және стандартты титрленген ерітінділер (СТЕ) пайдаланылады. Титрлік талдау орындау әдісі бойынша тура, кері, жанама, ал химиялық реакциялардың түрлеріне қарай қышқыл-негіздік, тотығу-тотықсыздану, кешенді, т.б. титрлеу әдістері болып бөлінеді. Титрлік талдаудың соңғы нәтижесін білу үшін индикаторлық және аспаптық әдістер қолданылады. Бұл әдістердің барлығында да нәтижелерді есептеу титрлеуді эквивалентті нүктеге дейін жүргізуге негізделген13) Титрлеу қателіктері. Индикаторлық қателіктер. Индикаторлық қателік-қолданылған индикаторға байланысты болатын жүйелі немесе кездейсоқ қателік.
Титрлеудің индикаторлық қателіктерінің бірнеше түрі бар. Сутектік қателік немесе Н+-қателік- күшті қышқылмен титрлегенде титрленбей қалған Н+-иондарының концентрациясы.