Сандық анализ – заттардың құрамына кіретін компонеттердің сандық мөлшерін немесе олардың бір-біріне қатынасын анықтау болып келеді. Сандық талдау заттар құрамындағы элементтердің, иондардың сандық мөлшерін анықтайды.
Сандық талдаудың мақсаты – сынама (заттардың) құрамына кіретін компонеттердің сандық мөлшерін немесе олардың бір-біріне қатынасын анықтау. Сандық талдау заттар құрамындағы элементтердің, иондардың сандық мөлшерін анықтайды.
Сандық анализде есептеулерді және өлшеуді мұқият жүргізу керек. Химиялық анализ жасағанда есептеулер дәлдігі ГОСТ-пен немесе ТЖ- мен (техникалық жағдайлар) анықталады. Мысалы, концентрация есептегенде және гравиметриялық анализде аналитикалық таразыда заттың массасы төрт ондық белгілері бар санға дейін (0,1322 моль/л және 74,5744г) өлшейді. Титриметриялық анализде ерітіндінің көлемін бюреткамен өлшегенде екі ондық санға дейін (0,22 мл).
Сапалық және сандық анализде анықтайтын заттың құрамындағы жеке элементті анықтау – элементті анализ; функционалдық топтарды анықтау – функционалдық анализ; белгілі бір молекулалық массы арқылы сипаттауға болатын химиялық қосылыстардың анализін – молекулалық анализ деп аталады.
Сандық анализ әдістері
Химиялық әдіс заттар арасында айрықша қосылыс түзе жүретін химиялық реакцияларға негізделген. Бұл реакция кезінде әр затқа (элементке, ионға) тән ерекше қасиеттері арқылы, яғни сыртқы эффектілерімен: түсінің өзгеруі, тұнбаның түзілуі, газдың бөлінуімен анықталады, яғни көзбен көріп байқауға болады.
Химиялық әдісте анықталатын заттың массалық үлесіне (салмағына, көлеміне) қарай:
- гравиметриялық (салмақтық),
- титриметриялық (мөлшерлік),
- газоволюметриялық деп бөлінеді.
Гравиметриялық әдіс – химиялық талдау барысында анықталуға тиісті заттың массасын дәл өлшеуге негізделген әдіс.
Титриметриялық әдіс – концентрациясы белгілі ерітінді арқылы белгісіз заттың мөлшерін дәл анықтауға негізделген әдіс.