3)Кейбір объектілерді талдаудың ерекшеліктері. Талдаудың кең таралғанәдістері. Аналитикалық химияның маңызы (ғылыми, практикалық және әдістемелік).
Шикізаттың сапасын аналитикалық бақылаудан өткізу арқылы өнімдердің, өндірістің үнемділігін арттыруға болады. Талдаусыз жаңа қосылыстарды синтездеу мүмкін болмас еді. Сол себептен, өндірістің түрлі саласында шикі заттардың және алынатын өнімдердің сапасын анықтайтын аналитикалық бақылау қызмет орындары талдау жүргізеді: техникалық анализ, азық-түлік анализі, биохимиялық анализ (қан, зәр), экологиялық және санитарлы-химиялық анализ (қоршаған ортанын сапасы), дәрі-дәрмек анализі (дайын медициналық препараттар мен дәрі-дәрмек жасалатын шикі заттар), криминалистикалық талдау. Химиялық талдаудың атом энергетикасында,космос технологияларында, археология мен геологияда да маңызы зор. Химиялық талдаусыз жаңа қосылыстарды синтездеу мүмкін емес, таза және өте таза заттарды алу да аналитикалық бақылаусыз жүрмейді.Талдау бірнеше сатылардан тұрады: талданатын үлгіні іріктеп алу (қасиеті біртекті сынама дайындау үшін), алынған үлгіні алдын-ала дайындап, аналитикалық сигнал беретін түрге келтіру, талдауды орындау, тәжірибеден алынған нәтижелерді графикалық өңдеу және есептеу жүргізу, анализ нәтижелерін статистикалық өңдеп, сенімді интервалын анықтау. Үлгіні іріктеп алу және дайындау талданатын объектіге топыраққа, ауаға, суға, биологиялық үлгілерге, өндірістік өнім және т.б. түрлеріне тәуелді. Үлгілерді дайындау талдаудың ең көп уақытын алады. Аналитикалық сигналды алу үшін 2-20 минут қажет болса, ал үлгіні дайындау үшін 3-4 сағат, кейде 20-30 сағатты қажет етеді. Үлгілердің түрлеріне байланысты оларды алдын-ала дайындау келесі әрекеттерден тұрады: еріту, бөгде қоспалардан бөлу, концентрлеу, реагенттер, фондық ерітінді қосып аналитикалық сигнал беретін формаға келтіру. Талдаудың жүйелік және бөлшектеу әдістері.Зерттелетін ерітіндіде бір емес бірнеше катион бірден болуы мүмкін және олардың көпшілігі бір-біріне ұқсас реакцияларға түсіп, анықтауға кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан, иондарды белгілі бір жүйемен топтарға біріктіріп, кедергі келтіретін иондарды бөліп тастап, содан соң анықтауға кіріседі.Иондарды осылай топтар бойынша жіктеп анықтауды жүйелік анықтау дейді.Талдауды бөлшектеу әдісімен жүргізу үшін ерекше немесе таңдалмалы әсер ететін реагенттерді қолдану керек. Бөлшектеп анықтау әдісін А.Тананаев ашқан. Бұл әдіс жүйелік әдіспен салыстырғанда жылдамдығымен, басқа иондарды бөліп жатпай, әсіресе иондар саны көп емес ерітінділерде, бірден анықтауға мумкіндік беретінімен сипатталады.
Аналитикалық химияның көптеген әдістерінде жаратылыстану, техникалық ғылымдардың соңғы жетістіктері қолданылады. Сондықтан аналитикалық химияны пән аралық ғылым ретінде қарастыру әбден заңға сәйкес келеді. Аналитикалық химияның әдістері әртүрлі өндірістерді іске асырады. Мысалы мұнай химиясында, металлургияда, қышқылдарды, сілтілерді, соданы, тыңайтқыштарды, органикалық өнімдер мен бояғыштарды, пластикалық массаларды, жасанды және синтетикалық талшықтарды, құрылыс материалдарын, жарылғыш заттарды, беттік белсенді заттарды, дәрілік препараттарды,парфюмерияны алғанда қолданылады.Мұнай химиясы мен металлургияда бастапқы шикізатқа, өндірістің аралық және соңғы өнімдеріне аналитикалық бақылау қажет.Аса таза заттарды алу, соның ішінде жартылай өткізгіш материалдарды алу 10-% дейінгі деңгейде қоспаларды анықтаусыз мүмкін болмайды.Химиялық талдау пайдалы қазбаларды іздеу және бағалау барысында қажет. Геохимияның көптеген қорытындылары химиялық талдауға негізделеді.Ауыл шаруашылығы және тағам өндірісінің өнімдерін, әсіресе улы химикаттардың (гербицидтердің, дефолианттардың), ауыр металдардың (сынап, қорғасын, кадмий және с.с.) және канцерогендік заттардың (көпоралымды көмірсутектер, диоксиндер) болуына үнемі талдау жүргізу қажет. Ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді жүргізу топырақтарға,жемге, тыңайтқыштарға ұдайы және жүйелі талдауды қажет етеді. Қоршаған ортаның сулардың, атмосфералық ауаның, топырақтың күйін бақылау да әртүрлі ластануларға аналитикалық анықтау жүргізуді қажет етеді. Химиялық талдаудың биологиялық кезең ғылымдары үшін маңызы зор. Мысалы, ақуыздың шығу тегін анықтау негізі аналитикалық тапсырма, себебі ақуыздың құрамына қандай амин қышқылдары кіретінін және олар қандай реттілікте байланысқанын анықтау қажет.Медицинада аналитикалық химияның әдістерін түрлі биологиялық талдауларды жүргізу кезінде кеңінен қолданады.Гуманитарлық ғылымдардың өзі аналитикалық химия әдістерін қолданады. Олардың ішінде бірінші орында археология тұр. Көне заттарға химиялық талдаудың нәтижелері заттардың шығу тегі мен олардың жасы жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік беретін маңызды ақпарат көзі болып табылады.Криминалистиканың дамуы да аналитикалық химияның заманауи әдістерісіз мүмкін емес.Археологиядағыдай, онда зерттелетін үлгіні бұзбайтын әдістер өте маңызды: жергілікті талдау, заттарды сәйкестендіру.
4. Сандық анализ әдістері, талаптары, жіктелуі, қолданылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |