4- тапсырма. Берілген есімдіктерді септе.
Сол Осы Ешкім Біреу Сол Осы Ешкім Біреу
5- тапсырма. Тест тапсырмасы.
1. Жіктеу есімдігін табыңыз:
А) Бұлар
В) қайдан
С) ешкім
Д) олар
Е) кейбіреу
2. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз:
А) Кіміңіз? Несі?
В) Бұнысы, мынауымыз
С) Соның, анаған
Д) өздерің, өзіңіз
Е) Барлығынан, бәрінің
3. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз:
А) Бірнеше
В) Саған
С) Дәнеңе
4. Есімдік сөйлемде қандай жағдайда анықтауыш болады?
А) Зат есім орнына қолданылса
В) сын есім, сан есім орнына қолданылса
С) Мезгіл, мекен мағынасын білдірсе
Д) Сөйлем соңында келсе
Е) Үстеу сөздердің орнына қолданылса
5.Дұрыс септелген есімдікті табыңыз:
А) менге
В) сенмен
С) сода
Д) бұдан
Е) сеннің
6. Болымсыздық есімдігін тап
А) дәнеме
В) бірдеме
С) сода
Д) әлдекім
БАӨЖ:Киіміне қарай қарсы ал,мінезіне қарап шығарып сал ойталқы
11-апта
Ортадан жоғары деңгей В2
Қолөнер-өшпес мұра, көркем әлем
Жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлем. Сын есімнің шырайлары. Құранды етістіктер.
Қолөнер-өшпес мұра, көркем әлем
Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Ғылыми деректер бойынша Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі мұнан екі жарым мың жыл бұрын түрлі тайпалардың творчествасы арқылы байқап, ұрпақтан- ұрпаққа мәдени мұра болып қалып келеді. Өйткені сонау тас ғасырынан қалған таңбалы тастарда ою-өрнектер арқылы адам баласы тым ерте-ақ өз ойын суретпен жеткізуге талпынған көрінеді. Қазақтардың өнері дамыған сайын, тынысы кеңейіп, өнер түрлері Қазақстанның барлық жерлерінде түгелдей өрістеді. Әр өңірдегі өнердің қалыптасып, дамуына көрші халықтардың ықплы зор. Зергерлік – өте ертеден келе жатырған өнер саласы. Әсіресе, оған қазақ халқы көп көңіл аударады. Әртүрлі сәнді бұйымдар асыл тастардан жасалған қымбат заттар әлгі шеберлер қалдырған халықтық мұра болып табылады. Қолөнерінің басты бір саласы киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың ішіндегі ең көрнекті де қымбаттысы – сәукеле. Сымбатты сәукеленің бағасы ХХ ғасырдың бас кезінде 1-2 мың сом күміс ақша немесе жүз мың жылқының құнымен бағаланған. Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылып жабылатын түрі де болады. Әйелдерге арналған әсем бұйымның бірі – жүзік. Оның үстіңгі бетіне әр түрлі тастардан не өңді әйнектерден ою-өрнек жүргізіледі. Ағаш ою- өрнегі адам өмірі үшін ағаштың маңызы өте зор.
Жай сөйлем
Жай сөйлем-бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі -құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. Құрылымы жағынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден де тұрады
Достарыңызбен бөлісу: |