1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет102/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Жай сөйлем түрлері
Жақты сөйлем-бастауышы бар,жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем түрі.Мысалы:Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді.Кенет отқа көзі түсіп кеткен т.б.
Жақсыз сөйлем-баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем деп атайды.Мысалы:Менің айтқаным келді.Бір жерде көргенім бар т.б.
Жалаң сөйлем -тұрлайсыз мүше қатыспаған сөйлемді атайды.Мысалы:Ойын қызық.Үй жылы.Қарағың келеді т.б.
Жайылма сөйлем-тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлемді атайды.Мысалы:Едіге ұзақ жол жүрді.Алыстан мұнар тау көрінеді т.б.
Толымды сөйлем-ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатынасқан сөйлемді атайды.Мысалы:Шашубай мерген еді.Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді т.б.
Толымсыз сөйлем-ойға қатысты сөйлем мүшесінің біреуі түсіп қалған сөйлем түрі.Мысалы:Қарлығаштар тағы келді.Қайта-қайта келе берді т.б.
Атаулы сөйлем-кейбір жай сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды,тек заттың,құбылыстың,мезгілдің,мекеннің атауын ғана білдіреді ондай сөйлемдер атаулы сөйлем деп аталады.Мысалы:Дала.Егін даласы рақат құшағында т.б.
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем - екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.
Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем.
Сын есімнің шырайлары
Сын есімнің шырайлары – сын есімнің біртектес сапалық сынның бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын категориясы. Шырай категориясы әр түрлі сапаны емес, керісінше, ұқсас заттардың біркелкі сындық, сандық, сапалық дәрежесін салыстыруға қызмет етеді.
Жай шырай шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Мысалы, ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырусыз білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет