1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет97/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

5- тапсырма. Көп нүктенің орнына төмендегі жұрнақтардың тиістісін қойып, туынды сын есім жасаңдар:
Үлгі: жұқпалы.
Жұқ, қап, көтер, тербел, бас, жылт, кіші, ұрыс,от, көйлек, қара, тұса, жала, тас, тұз, жаз, күз, шоқпар.
Жұрнақтар: -палы, -іңкі, -мелі, -палы, -ыңқы, -рек, -ғыш, -дай, -гі, -ғы, -қақ, -шең, -тай, -мыс, -қор, -ды, -ді.
6- тапсырма. Туынды сын есімдердің жұрнағын бір бөлек, түбірін бір бөлке жаз:
Үлгі: Түн-гі.
Көргіш. Айлакер. Жалпақ. Мүйізсіз. Күлкішіл. Ұзынша. Кішкентай. Ашулы. Ұстамды. Тершең. Ақшыл. Сұрғылт. Балалы. Денелі. Көйлекшең.


БАӨЖ: Менің сүйікті тағамым сипаттау
11-апта
Базалық деңгей А2
Азық-түлік атаулары,сапасы,шығу мерзімі
Ілік септігі.Шығыс септігі


Азық-түлік атаулары,сапасы,шығу мерзімі
Тауар сапасы – тұтынушы сұранысын құру және бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыруда шешуші әсер ететін негізгі сипаттамалардың бірі. Сапа нақты немесе болжаулы қажеттіліктерді тағайындалуына сәйкес қанағаттандыру қабілеті бар өнім мен қызметтердің сипаттамасы, қасиеттерінің жиынтығы. Тамақтануда адам қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті мен пайдалылығын анықтайтын азық – түлік тауарлардың негізгі қасиеттері тағамдық құндылық, физикалық және дәмдік қасиеттері, тағамдық қауіпсіздігі, өнімнің қолдануға дайындығын және оның сақталғыштығы болып табылады. Тағамдық құндылық – өнімнің барлық пайдалы қасиеттерін, яғни энергетикалық, биологиялық, физиологиялық, органолептикалық құндылығын, сіңімділігін, сапалылығын сипаттайтын күрделі қасиет.Өнімнің энергетикалық құндылығы оның құрамындағы май, белок, көмірсу мөлшерімен анықталады.Биологиялық құндылық өнімде биологиялық активті заттар мөлшерімен сипатталады: алмастырылмайтын амин қышқылдары, витаминдер, макро және микроэлементтер алмастырылмайтын полиқанықпаған май қышқылдары.


Ілік септігі.Шығыс септігі
Септік орыс. падеж — сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, олардың арасындағы синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге заттық ұғымға қатысты грамматикалық мағына үстейтін қосымша. Септік тікелей өзі немесе басқа Формалармен бірлесіп келіп, зат пен қимыл я зат пен зат арасындағы субъектілік (субъектілік-предикаттық), тұра және жанама объектілік, меншіктік-қатыстык, мекендік, мезгілдік құралдық, көлемдік сияқты қатынастарды білдіреді. Септіктер зат есімге тән түрлену формасы болып табылады. Септіктің мағынасы да қызметі де, формалық ерекшеліктері де заттық ұғыммен байланысты. Сын есім, сан есім, етістіктің кейбір формалары (есімше, тұйық етістік) септелгенде, заттанып зат есім орнына жұмсалады.
Ілік септігі

Ілік септік

Генитив (Genitive)

кімнің? ненің?

кімімнің? кіміңнің? кіміңіздің? кімінің?
немнің? неңнің? неңіздің? несінің?

-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

Шығыс септігі

Шығыс септік

Аблатив (Ablative)

кімнен? неден?

кімімнен? кіміңнен? кіміңізден? кімінен?
немнен? неңнен? неңізден? несінен?

-нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет