Екы түрлы нәрсе гой сыр мен сымбат
Адамның сыртқы пішін сұлулығы бар және ішкі сезім сұлулығы да бар.Адамның ішкі жан сұлулығы туралы айтатын болсақ. Адамның рухани күші, адамгершілігі, инабаттылығы осылардың бәрі ішкі жан сұлулығына жатады.Ал адамның сыртқы пішін сұлулығы ол түрі,бойы,сымбаттылығы болып табылады. Менің ойымша, жан дүниенің маңызы өте зор.
Сырты сұлу болғанмен,ішінде жылуы жоқ адам қауіпті демекші.Сұлулық тек қана адам баласында ғана емес, қоршаған ортадан, табиғаттан байқауға болады. Мысалы, желегі жайқалған жап-жасыл ағаштар, әп-әдемі құлпырған раушан гүлдер, айдын көлдің жағасында жүзіп жүрген қос аққу, еркелеп соққан самал жел, ормандағы әрбір жануардың желмен жарыса жүгіргені де табиғаттың бір сұлулығы, сымбаттылығы болып табылады. Осындай сұлулықтың арасында жүрген әрбір адам бақытты, сұлу деген ұғым оянады.
Сұлулық – бұл ең алдымен адам баласына тән сипат, әйтсе де сұлулықты айнала қоршаған ортадан, табиғат тынысынан да кездестіруге болады. Жазиралы кең дала келбетінің тамашасы тұтас бір сұлулықты көрсетіп, желегі жайқалған жасыл ағаштар мен құлпырған гүлдер сұлулығы жүрегіңді қуанышқа бөлейді. Айдын көлде жүзген сұлу аққудың сыңсып салған сазды әуені жүрек қылын шертеді. Еркелеп соққан самал жел де, сол желге тербетілген қайың жапырақтары да сұлу. Осындай сұлулықтың арасында жүрген әрбір адам сұлу. Сол себебті сұлулықты бағалай, аялай білген жөн. Әсемдікке ,әдемілікке көрікті де көркем нәрсеге ұмтылған адамның ішкі әлемі де сұлу болады. Халықта «жүзінен нұр тұнған, сөзінен бал тамған деп бекер айтылмаған шығар.
Есімдіктер және олардың септелу ерекшеліктері.
Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.
Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:
1.жіктеу есімдіктер;2.сілтеу есімдіктер;3.сұрау есімдіктер;4.өздік есімдіктер;
5.белгісіздік есімдіктер;6.болымсыздық есімдіктер;7.жалпылау есімдіктері;
Жіктеу есімдіктері.Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады. Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен негізінде бір ізді болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы, жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі:
Атау
|
мен
|
сен
|
ол
|
Ілік
|
менің
|
сенің
|
оның
|
Барыс
|
маған
|
саған
|
оған
|
Табыс
|
мені
|
сені
|
оны
|
Жатыс
|
менде
|
сенде
|
онда
|
Шығыс
|
менен
|
сенен
|
онан (одан)
|
Көмектес
|
менімен
|
сенімен
|
онымен
|
Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу есімдіктерінің ерекшелеу септелетіні көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік олардың көпше түрлеріне және сіз деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар (сіз, біз, сендер, сіздер) септеу жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді.
Сілтеу есімдіктері.Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер. Сұрау есімдіктері. Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан? Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар - белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер. Өздік есімдік.Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады. Белгісіздік есімдіктері. Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз. Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Мысалы:
Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме.Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай. Әрине.Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан (алдақашан).
Болымсыздық есімдіктері.Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).
Достарыңызбен бөлісу: |