1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет103/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Салыстырмалы шырай аналит. тәсілмен жасалады, заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.
Күшейтпелі шырайды Төлеуов аналитикалық және синтетмкалық жолмен жасалады десе, Ысқақов осы екі тәсілді шырайдың екі түріне бөліп тастайды, яғни күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейткіш үстеулер асырмалы шырайды жасайды деп есептейді. Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.
Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.
Кейде шырайлар аралас қолданылып, бірінің үстіне бірі жалғана береді Мысалы: тым қызылдау, үлкеніректеу. Кейбір зерттеушілер шырай категориясының лексика-грамматмкалық екі түрін ғана (салыстырмалы, күшейтпелі) атайды.


1-тапсырма.Сөйлемнің жалғасын тап

1 топ

2 топ

3 топ

4 топ

Ол бүгін үйге ерте келіп, ...

Лезде аспанды бұлт торлап, ..

Жаз ыстық болса, ...

Күшіңе сенбе, ...

2-тапсырма.Мына сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қой.

  1. Сен ауылға бардың ғой,иә

  2. Сөйлемді жазып шық

  3. Арман атасымен ұзақ әңгімелесті

  4. Кіммен сөйлесіп тұрғанымды білемін

  5. Отаным қандай кең байтақ, Астанам неткен тамаша

3-тапсырма.Салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын сәйкестендіріңдер

1. Не, немесе, не болмаса, я, яки, я болмаса, әлде.
2. Бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал.
3. Сондықтан, сол себепті, өйткені, себебі, неге десеңіз
4. Да, бе, та, те, әрі, мен, және.
5. Кейде, бірде, біресе.

1. Қарсылық мәнді жалғаулық шылаулар.
2. Кезектес мәнді жалғаулық шылаулар.
3. Ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар.
4. Талғау мәнді жалғаулық шылаулар.
5. Себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар.

4- тапсырма: Төмендегі жай шырай сын есімдерді қатыстырып сөйлем құраңдар:
Терең, таяз, әдемі, семіз, ауыр, жеңіл, қара, ұзын, тәуір, қышқыл, тәтті, аласа, биік.

5 тапсырма: Төмендегі сын есімдерден салыстырмалы шырай жасап жазыңдар:
төмен, жуас, әділ, сүйкімді, қошқыл, сылбыр, тентек, тар, боз, сұйық, ыстық, келте, ашық, түзу, қисық, салтақ, саяз, бұжыр, қоңыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет