1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


ОСӨЖ: «Менің туған өлкем» тақырыбына эссе жазыңыз. Қарапайым деңгей (А1)



бет37/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

ОСӨЖ: «Менің туған өлкем» тақырыбына эссе жазыңыз.


Қарапайым деңгей (А1)
12-апта
Денсаулық – зор байлық.
Көмектес септігі. Керек, қажет сөздерінің қолданысы
Денсаулық – зор байлық. Адам барында бағалай білмейтін екі құндылық бар екен. Оның бірі уақыт болса, екіншісі – денсаулық. Шыны керек, көбіміз денсаулықтың қадірін біле бермейміз. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, денсаулықты барында бағалай білмеген адамдар басына дерт салмақ салғанда ғана денсаулықтың, өмірдің құнын ұғынады. Сондықтан әуел бастан бардың бағасын білудің маңызы зор.
Денсаулық – адам өмірінің тірегі. Онсыз емін-еркін өмір сүре алмайсың. Денсаулығы сыр берген адамның шаттанып күліп, қуанып өмір сүре алмасы анық. Қарттарымыздың әрдайым өзімізді күтіп жүру керек екенін ескертіп отыруы да олар өткерген өмір тәжірибесінен, келмеске кетіп бара жатқан денсаулықтың баға жетпес құнын білгендіктен, өз басынан өткенді тұшынып, түйсіне білгендіктен болар. Ал жастардың жастықтың отымен жүріп ыстық-суықты елемей, артынан дерт жабыстыратыны да біздің денсалықтың қадірін барынша ұғына алмағанымыздан деп білемін. Сол себепті балаларға бала күнінен денсаулықтың маңызы мен өзін-өзі күтінуді үйрету керек. 


Көмектес септігі. Керек, қажет сөздерінің қолданысы
Көмектес септік іс-әрекеттің орындалу-орыңдалмауының құрал-аспабын, кеңістігі мен уақытын, астасу-ұштасуын білдіреді. Кімнен? немен? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы, Айранды сумен (немен?) араластырып шалап сусынын жасайды. Балам Қайратпен (кіммен?) бірге оқиды. Окушылар мұғалімді ықыласпен (қалай?) тыңдады. Сөйлемде толықтауыш, пысықтауыш қызметін атқарады. Көмектес септіктің формалық көрсеткіші жіңішке буынды болып қана қолданылады -мен, -пен, -бен, -менен, -пенен, -бенен.


1-тапсырма. Өлең шумақтарынан көмектес септік жалғауларын табыңыздар.
Еске алу. (М.Мақатаев.)
Келсең, кел
Ұятыңмен, арыңмен кел.
Бойыңдағы жақсылық
Барыңмен кел.
Биік бол, мендегінің бәрін меңгер,
Жабырқаған жанымды жаныңмен көр.
Бірі ұнатып, біреуі жек көреді.
Мен қойғам адамдарға өкпелеуді.
Басқа жағдай көңілді көп бөледі,
Өкпе, наз дегендерің өткен енді.
Өмірдің заңы бөлек, жөні бөлек,
Несіне өкпелейсің, жөніңе кет.
Бықсып жатар өсектің қоламтасы
Еркінірек наздансаң еліңе кеп.
Келсең, кел, әзілмен кел, назыңмен кел.
Жан жұмсартқан жайдары жазыңмен кел.
Не халде отыр екем, көзіңмен көр,
Аясаң сезіміңді сезіммен бер,
Бәрінен айырылсаң өзіңнен көр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет