1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз бірнеше сұрақтар түзіңіз, сөздік жұмысын жүргізіңіз.
2-тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіз.
1) Бал ұстаған бармағын жалар
2) Ұстаның бізі сүйкімді,жақсының сөзі сүйкімді
3) Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін
4) Алтын менен күмісті
Зергер үшін жаратқан
Арқар менен құлжаны
Мерген үшін жаратқан
5) Шебердің инесі де алтын,соққан күймесі де алтын
6)Шеберді саусағы асырайды
7) қойшыны таяғы асырайды,қасқырды аяғы асырайды
8) Диқан жерді анасындай сүйеді,жер диқанын баласындай сүйеді
9 )Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды
10) Малды баға білмеген пайданы таба білмейді
11) жұмысы жоқтың ырысы жоқ
12) Ата кәсіп балаға нәсіп
13) тігіншіні инесі асырайды.
3- тапсырма. Мәтінді орысшаға аударыңыз.
Тіл мәдениеті
Тілді қастерлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Жүйесін тауып айтылған сөз жүреке жетіп, жүйкені босатады. Адам мәдениетінің алғы шарты – дұрыс сөйлей білу. Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген – түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантамын деп қуартады, келтіремін деп кетіреді, еміренем деп егілтеді, жұбатам деп жылатады. Біздің қазақ «Аталы сөз – баталы сөз» дегенде, осы дұрыс сөйлей білуді айтқан.
Халық бар жерде тіл де бар. Ендеше тіл проблемасы – халықтық проблема. Біздің қазақ тілі – өсу үстіндегі , адам баласының кез-келген қиын да күрделі ойын бейнелеудегі мүмкіндігі зор, аса бай тіл.Сондықтан оны көздің қарашығындай қастерлеу – азаматтығымыздың ең шынайы түрі.
(Ғ .Мүсірепов).
СӨЖ: «Жұмыссыздық мәселесі мені ойлантады» (Ойтолқы)
ОСӨЖ: «Жаһандану және ұлттық тәрбие» тақырыбына эссе жазыңыз.
Қарапайым деңгей (А1)
4-апта
Менің өлкем.
Жалпы және жалқы есімдер. Зат есімнің көптелуі.
Менің өлкем
Менің туған өлкем – Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.
Біз еркін және өркендеген елде өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің арқасында біз бақытты ұландармыз. Халқымыз басынан қандай қиын-қыстау күндерді өткізген кезде ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді сыртқы жаулардан қорғап қалды. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Ерліктері ешкімнің есінен кетпейді. Осындай еңбекпен жеткен жерімізді сақтап аялау, кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізу бәрімізге үлкен міндет. Әр күнімізді бағалай отырып, еліміздің гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне барымызды салайық!
Достарыңызбен бөлісу: |