1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма. Төмендегі Н.Ә. Назарбаевтың нақыл сөздерінен модаль сөздерді тауып, мәнін ажыратыңыздар



бет38/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

2-тапсырма. Төмендегі Н.Ә. Назарбаевтың нақыл сөздерінен модаль сөздерді тауып, мәнін ажыратыңыздар.
++++
Азаттық алумен іс бітпейді. Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін заманға сай амалың болуы керек екен.
++++
Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.
++++
Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. 
++++
«Егер біз өмір сапасының әлемдік жоғары үлгі-қалыптарына жетеміз десек, онда соған сәйкес еңбек ету қажет. Сондықтан да тәртіп пен еңбек сапасы айрықша маңызға ие болуда». 


3-тапсырма. Төмендегі сөйлемдердің бастауышын қаратпа сөзге айналдырып, қайта құраңыздар.
Балалар ғарышкерлермен кездесуге мұқият дайындалды. Оқушылар үнемі спортпен шұғылданады. Нұрлан ертең маған қызық кітап әкеледі. Жастар құштарлықпен білім алып жатыр. 
СӨЖ: Денсаулық туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді еске түсіріп жазыңыздар.
ОСӨЖ: «Денсаулық – тазалық кепілі» тақырыбына эссе жазыңыз.


Базалық деңгей (А2)
4-апта
Менің университетім
Сөз құрамы. Қосымшалардың орын тәртібі.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – Қазақстан Республикасындағы беделді әрі ірі оқу ордасы. Ол өзінің материалдық-техникалық базасы мен студенттер саны жағынан оқу орындарының алғашқы үштігіне енеді. Оның құрамында 9 оқу ғимараттары мен бірнеше жатақханалар бар. Университетте тәжірибелі оқытушылар, атап айтқанда ғылым кандидаттары мен докторлары, профессорлар дәріс береді. Оқу орнында студенттердің білім алуына барлық жағдай жасалған, атап айтқанда, көптеген оқу залдары мен кітапханалар, электронды оқулықтар залы, компьютерлік сыныптар қажетті құрал-жабдықтармен жасақталған. Университетте жыл сайын әралуан мерекелік іс-шаралар, концерттер мен конференциялар тұрақты өткізіліп отырады. Мұнда шет елдерден де студенттер келіп білім алады, ал осында оқитын студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша әралуан шет мемлекеттерде өз оқуларын жалғастыру мүмкіндігіне ие.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет