2-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
1.«Демократия» грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?
2.Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды?
3.ҚР басқару нысаны қандай?
4.Халықпен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар?
5.ҚР «Мемлекеттік нышандары туралы» заң қай жылы қабылданды?
6.ҚР «Баланың құқығы» туралы заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады
7.1998 жыл қандай жыл болып аталып өтті?
8.17-желтоқсан қандай күн?
9.«Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім?
10.Балалар құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды?
3-тапсырма. Төмендегі сын есімдерге жақша ішіндегі зат есімдердің лайықтысын тіркеп жазыңыз.
Өнерпаз.............(сөйлем)
Әуесқой...............(ой)
Түйінді................(шопан)
Таңдаулы............(адам)
Жасанды...........(бала)
Сөзшең................(торқа)
Басыңқы............(суретші)
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды жазып, олардың қандай жұрнақтар екенін табыңыздар.
а)Көкірегі сезім...., тілі орам....,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
ә)Ерін.... адамның ертеңі бітпес.
б)Қаб.... иттің тұмсығына тор кигізген.
СӨЖ: Тәрбие туралы мақал-мәтел (10) жазу.
ОСӨЖ: «Заңды білмеу салдарлары» тақырыбына эссе жазыңыз.
Қарапайым деңгей А1
5-апта
Қоғамдық орындар: Кітапхана
Зат есімнің септелуі. Септіктердің негізгі мағыналары
Кітапхана — мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді: а) көпшілік; ә) ғылыми және арнаулы. Көпшілік кітапхана — оқырманға қоғамдық-саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін басылымдарды ұсынады.Ғылыми және арнаулы кітапханалар ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді. Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырдың ортасында Ассирия патшасы Ашурбанипалдың сарайында қыш тақталарға жазылған жазбалар жинағы сақталған. Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі. 9 — 11-ғасырларда Бұхара, Самарқанд, Отырар, Үргеніш, Мерв қалалары ғылыми және әдеби кітап қорларымен аты шықты. Ұлы ғұлама әл-Фарабидің туған қаласы Отырарда Александриядан кейінгі әлемдегі екінші ең ірі кітапхана болған деп есептеледі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында барлығы 11300 кітапхана жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |