1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


Жалпы және жалқы зат есімдер, күрделі атаулар



бет47/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Жалпы және жалқы зат есімдер, күрделі атаулар.

Жалпы зат есім – бірыңғай заттардың, нәрселердің жалпылама атауы. (Нарицательные имена – общее название каких-либо предметов). Мысалы: кітап,қалам,қоян,есік,шаш,қол,доп т.б.
Жалқы зат есім - адамның аты-жөні,бірыңғай заттың даралаған жеке атауы. Жалқы есімдер бас әріппен басталып жазылады. Мемлекеттік жоғары қызмет бабы, құрмет тақтарының аттары жалқы есімге жатып,барлық сөзі бас әріппен жазылады. Жалпы қызмет бабының аттары мен жай атақтың алғашқы сөзі ғана бас әріппен жазылады. (Собственные имена-имена людей отдельные названия общих наименований предметов. Собственные имена пишутся с заглавной буквы. Названия высших государственных должностей относятся к собственным именам и все слова в их составе пишутся с заглавной буквы. В названиях общих должностей и в званиях с заглавной буквы пишутся только первые слова) Мысалы: Абай, Құлагер,Еңбек Ері, Оқу министрі, Ғылым академиясы т.б.
Күрделі есім құрамындағы анықтауыш екінші сөз болып келсе,онда ол кіші әріппен жазылады.
(Определение,находящееся в составном имени на втором месте, пишется с маленькой буквы).
Мысалы: Баян сұлу, Ақан сері (бірақ, Ақсақ Темір, Жаяу Муса)


1-тапсырма Өлеңді мәнерлеп оқып, жатта. Өлең ішінен ауыспалы
мағынада тұрған сөздерді тауып, көрсет.

Дарқан дала


О, дала! Мұхит дала, неткен кеңсің!
Ақынның ойынан да сен тереңсің.
Сар дала, сараң едің күні кеше,
Япырмай, бүгін неткен берегенсің!
Барқыт тау, жасыл дала, зеңгір аспан,
Күміс көл, ерке өзен алып қашқан,
Құмартып келем саған бала жастан,
Дариға, жер бар ма екен сенен асқан!
(Қ.Аманжолов)


2-тапсырма Үлгі бойынша берілген сөздердің омонимдік мағыналарын анықтап, түсінік бер.
Үлгі: Асық – 1. Асық ойнау (зат есім).
2. Үйге асық (еті стік).
Асық, ана, айыр, ара, алма, ат, аяқ, асау, бақ, біз, бу, ет, ер, жау, жас, жаз,
жар, көрші, қой, қорық, мақта, мін, саз, сый, сен, тарау, тер, тоқсан, түс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет