Зат есімнің септелуі. Септіктердің негізгі мағыналары
Септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді. Қазақ тілінде 7 септік түрі бар:
Зат есім көптік, тәуелдік жалғауда тұрып та септеле береді.
Көптік жалғаулы зат есімнің септелуі оның жекеше түрде септелуімен бірдей.
Сондай –ақ олардың сұрақтары мен жалғаулары біркелкі емес . Кейінгі кезде септіктер екі топқа бөлініп жүр: грамматикалық септіктер және көлемдік септіктер.
Грамматикалық септіктерге атау,ілік,табыс септіктері,көлемдік септіктерге барыс, жатыс,шығыс,көмектес септіктері жатады. Септік жалғауларын бұлай бөлудің басты негізі олардың мағыналары мен қызметтеріне байланысты. Грамматикалық септіктер (атау,ілік,табыс) негізінен тек заттық мәнмен байланысты, қимылды атқарушы (бастауыш), не заттың меншіктік, қатынастық (анықтауыш) мәнін білдіреді. Сондықтан да заттық мәнге (адамға байланысты және адамнан басқа затқа) байланысты әрқайсысы әрқайсысы екі сұраққа ғана жауап береді: кім? және не? кімнің? және ненің? кімді? және нені?
1-тапсырма
Негізгі зат есімдерді бір қатарға,туынды зат есімдерді екінші қатарға жаз.
Суретші, сый, сыйлық, қалам, сызғыш, ағаш, өнер, қапшық, сусын, су, балық, үйшік, мұз, сиыр, құлыншақ, асхана, көл, коньки, сазгер.
2-тапсырма
Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып,туынды зат есім жаса.
1-топ
Кітап,дос,егін,орын,
ші,-лық,-лік,шы
таза,мал,шебер
-хана,-дық ,-тық
2-топ
Балық,заң,өнер,ұш,
-паз,-қыш,-гер,-шы
Тату,дәрі,ақын
-хана,-дық,-лық
3-тапсырма
Негізгі зат есімдерге көп нүктенің орнына жұрнақтар жалғап,сөйлемдерді жаз.
Ақжанның ағасы-теңіз..... Алманың әпкесі тігін.... Мамандығы бойынша жұмыс істейді. Теміржол....-құрметті мамандық. Димаштың әкесі күй.....
Достарыңызбен бөлісу: |