1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет77/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

8-апта
Ортадан жоғары деңгей
1.Елімнің тарихы және мәдени мұралар 
2.Атаулы сөйлемдер.Тілек мәнді сөйлемдердің берілуі.Біріккен сөздер


Елімнің тарихы және мәдени мұралар 
Ескерткіш-елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.) қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік (мүсін) өнері ескерткіштері.
Қожа Ахмет Иасауи кесенесі.
Қожа Ахмет- өз өмірінде ақ өлеңмен жазылған көп хикметтерді дүниеге келтірген пәлсапашыл ақын. Біздің қолымызға жеткен екі жүзден асатын хикметі бар. 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында жатып, күн сәулесін көрмей өткізді. Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне жүз мәртебе тағызым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәулім ескерткіш тұрғызуды қолға алды.Қожа Ахмет Иасауи кешені порталды- күмбезді құрылыс. Оның көлемі 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі, кітаптар, шежірелер сақтаулы. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы.


Атаулы сөйлемдер.Тілек мәнді сөйлемдердің берілуі.Біріккен сөздер
Атаулы сөйлемдер -жай сөйлемнің түрі. Ойға қатысты бір ғана атауыш сөзден немесе сөз тіркесінен арнаулы интонациясы арқылы логик. ыңғайда құралып, баяндау мазмұны мәтінге қатысты айқындалатын бір құрамды сөйлем. Атаулы сөйлем терминін қазақ тіл біліміне алғаш С. Аманжолов енгізді. 1940 жылы жарыққа шыққан «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» деп аталатын еңбегінде С. Аманжолов атаулы сөйлемдерді енгізіп, оларға анықтамалар береді, жасалу жолдары мен түрлерін белгілейді. Атаулы сөйлем негізінен зат есімнен болады. Мысалы: Күз. Жаңбырлы түн. Сағым. Боран. Тау іші.Құрамы жағынан атаулы сөйлем бір сөзді немесе бірнеше сөз тіркесінен де болады.Мысалы: Жазық дала.
Ызғырық жел бар.Түн орталаған шақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет