1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз



бет94/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Қыстырма сөз дегеніміз не?
2.Қыстырма сөздің мағыналық түрлерін атаңыз?
3.Қыстырма сөз қолданғанда қойылатын тыныс белгілері қандай?
4.Қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде келеді?
5.Қыстырма сөзді алып тастаса сөйлемнің мағынасы өзгере ме?


3-тапсырма.Тестпен жұмыс.
1.Қыстырма сөз қолданылған жай сөйлемдерді көрсетіңіз.
А) Ойбай, Жақа, ол Жоламанның дүмпуі ғой.
В) Шынында да, халіміз онша мәз емес.
С) Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.
Д) Толғауы тоқсан қызыл тіл, сайраймын десең өзің біл.
Е) Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!
2.Одағайды табыңыз.
А) Әрине 
В) Сірә
С) Мүмкін
Д) Құрау-құрау
Е) Пырс 
3.Қыстырма сөзді табыңыз.
А) Өзің бір қызық жан екенсің.
В) Жолдас командир.
С) Алдымнан жақсы кездестің-ау.
Д) Ата, немереңіз келді.
Е) Қорыта келгенде, баяндама толық жасалған.
4.Шақыру одағайын табыңыз.
А) Уһіледі
В) Ойпырмай
С) Бәрекелді
Д) Е, тәйірі
Е) Көс-көс
5.Кею мағынасында қолданылған одағайды табыңыз.
А) Па, жігіт-ақ екен!
В) Әй, көзіңе қара!
С) А, мен кешіккен екенмін ғой.
Д) Япырай,-деп ойлады ақырында.
Е) Құр-құр… - десті қора ішінен екі дауыс.

СӨЖ: Мәдени ескерткіштер, мұралар туралы мәліметтер жазыңыз.
ОСӨЖ: «Қазақ халқының мәдени мұралары» тақырыбына эссе жазыңыз.
11-апта
Қарапайым деңгей А1
Тағам,атаулары, түрлері
Сын ,сапа мәнді сөздер
Қазақ халқының ұлттық тағамдары мынадай түрлерге бөлінеді:
1.Сүт тағамдары.2.Ет тағамдары.3.Сорпа тағамдары.4.Ұн тағамдары.5.Дән тағамдары.6.Балық тағамдары.7.Жеміс тағамдары.
Сүт тағамдары:Қазақ халқы сүт тағамдарын төрт түлік малдың сүтінен жасаған. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз ағарған, ақ деп атаған. Сүт тағамдарының мынадай түрлері бар:1.Сүт.2.Қаймақ.3.Айран, қатық.4.Сары май.5.Сүзбе.6.Құрт.7.Ірімшік.8.Қымыз.9.Шұбат, қымыран.
Ет тағамдары:Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Олардың мынадай түрлері бар: Ет (жас ет, сүр ет).Жаубүйрек – жаңа сойылған малдың бүйрегінен, етінен пісірілген тағам.Жөргем– бунақтап өрілген ішек.Жұмыр – ішіне сарымсақ, сәбіз, күріш, майлы ет салып, аузын түйреген қарын.Қуырдақ – майға қуырылып пісірілген ет.Мипалаупісірілген бастың миына құйқа, ішек–қарын араластырып, тұздық құйып жасаған тағам.Нарын – піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғаннан кейін, үстіне тұздық құйып берілетін тағам.Түймеш – туралып, жаншылып, майға қуырылған тағам.Үлпершек – жүрек қабына май, кесек ет т.б. салып жасалған, шұжық тәрізді тағам.Шұжық – шикі еттің майлы жерінен турап, тұз, бұрыш қосып, ішекке тығып жасаған тағам.Бұқтырма -ет,картоп,сәбізді бұқтырып пісіретін тағам


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет