1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


Қазақ халқының табақ тарту дәстүрі



бет95/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Қазақ халқының табақ тарту дәстүрі :
Бас табақ – бас, жамбас салынып, қонақтың ең жасы үлкеніне қойылады.
Сый табақ – жамбас салынып, сыйлы қонақтың алдына қойылады.
Орта табақ – асықты жілік салынады.
Күйеу табақ – бір сан жілік пен төс салынады.
Келін табақ – ұлтабар және жүрек салынады.
Құдағилар табағы – жамбас немесе асықты жілік салынады.

Ұн тағамдары:Нан. Бауырсақ (тоқаш).Бөкпен – қуырылған ұнды сүтке бөктіріп пісірген тағам.Салма – пісірілген қамырды сүтке қайнатып жасайтын тағам.Атала – суға ұн салып жасаған сұйық көже.Быламық – ұннан пісірілетін қоюлау тамақ.Жайма (шелпек, қаттама және т.б.).


Сын, сапа мәнді сөздер
Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.
Сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді. Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық (мақал). Сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек . Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы .Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Жақсы студент жақсы оқиды. Сын есімге күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т.б.) тіркесе алады. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор. Егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады. Мысалы: Ермeк оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет