1. Бұқар. «Ей, Абылай», «Жар басына қонбаңыз»


Т.Ахтанов. «Шырағың сөнбесін»



бет17/21
Дата10.03.2024
өлшемі54.42 Kb.
#494898
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Шығармалар

23. Т.Ахтанов. «Шырағың сөнбесін»

24. Ә.Кекілбаев. «Ханша дария хикаясы»
Шығарманың негізгі тақырыбы - Шыңғыс хан. Қаламгер өз шығармасында ұлы Шыңғыс ханның да пенде екенін, адам екенін басты идея еткен. Оның да осал тұсы болатындығын жазады. Адамзатқа тән осалдыққа ол да ие. Адам баласы ұлы сезім махаббаттың алдында дәрменсіз. Шыңғыс хан да осы орайдан табылады. Аңдамай басқан бір қадамның өмір бойы ешкім таптай алмаған намысын мен мен жеңе алмаған тәніңді аяқ асты етуі мүмкін. Шыңғыс хан да күтпеген жерден қырсыққа ұрынады. Ешкімнен айласын өзінен асырып көрмеген хан бір-ақ сәтте соқыр сезімнің құлына айналып, нәзік жыныстының қолынан құрбан болады. Бар ғұмыры күреспен, жеңіспен өткен ханның өлімі жайлы сыр шертетін хикаяттың көркемдік шешімі осындай.
идеясы - жауыздықты, қанішерлікті, тойымсыздықты әшкерелеп, адалдықты, пәктікті, адамдықты ардақтау.
25. Сайын Мұратбеков. «Жабайы алма», « Жусан иісі»
Жабайы алма (1972) повесі - соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, ауыр тұрмыс, қажырлы еңбек, адалдық пен адамгершілікті сөз ететін шығарма. Жазушы оқиға барысында Көкінай атты итті образдау арқылы, жазушы соғыс кезіндегі жауға аттанған әр шаңырақтың сағыныш сезімін, төзімін Көкінай образымен адалдық қасиетін қызық та, қатал сюжеттермен сипаттайды. Повестьтің басты кейіпкерлері Қанат, Тоқтар, Нәзира, Әжібектер бейнесінен бір-бірін жеңе алмай келе жатқан махаббат пен зұлымдық, мейірімділік пен жауыздық, адалдық пен надандық cуреттеледі. Екі ғашық Тоқтар мен Нәзираның пәк махаббатын соғыс үзеді. Сүйгені соғысқа аттанған Тоқтардан қара қағаз да келіп үлгереді. Бұл тек сүйгенінен айырылған Нәзираның зары емес, заманның, сұм соғыстың кесірінен екінің бірінің басына түскен қасірет еді. Нәзира қиындықты жеңу арқылы оқуға, артынша соғыстан азат етілген қалаларды қалпына келтіруге көмекке аттанады. Повесте соғыстан жаралы қайтқан Көбегеннің еңбекқорлығы, Петько, Отто, Бәкке, Қанаттардың бір сиырға шөкімдей шөп үшін неге болсын баратыны нанымды бейнеленген.
Сұрапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақтың ауыр тіршілігі қаз қалпында суреттеледі. Повестің түйіні жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге үндейді. Кейіпкерлер қандай қиыншылықтарға, тағдырдың талқысына түссе де, адамдық бейнені, адамгершілік қасиетті жоғалтпауға, өмірге деген үміттен түңілмеуге, тағдыр тауқыметіне мойымауға, адалдық пен әділдікті баян етіп, адал жанын, таза ниетін бойында сақтап қалуға тырысады.
Жусан иісі: Шыгармада Аянның тагдыры аянышты. Онын ата-анасы кайтыс болып, бала жетімдіктін ащы дәмін ерте татты. Жалгыз туысы анасынын ауылдағы шешесінің колына баруына тура келді.
Баланын жалгыз жанашыры мен туысы, эжесі, кайтыс болады. Ауыл балалары онын жалгыз алданышы. Олар Аяннын ертегісін тындау үшін ғана жүрген сиякты. Олардын шанасымен ойнау үшін, күнде бір ертегі ойластырады. Аягын мертіктіріп алуы да ауыртпалық әкелді. Еркін ойнай да алмайды. Әжесi кайтыс болганнан кейiн, Бапай шалдын үйiнде жагдайы жаман болды. Үміттеніп күтіп жүрген агасынан да согыстың кесірінен айырылып қалды. Балалық бакытты шак Аянда болган жок. Егер де Аяннын отбасы аман болганда, онын тагдыры осыншалык ауыр болмас еді. Отбасынын бала өміріндегі орны манызды екенін осы шыгарма дәлелдеп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет