31. Қазіргі жас ақындар поэзиясы
Жазира Төлеуова: Не болды екен көңілім тыншымайды,
Ететін адам бар ма көңілімді гүл шырайлы,
Сенімен мен әрдайым болғым келед,
Қарсы алғым да келеді бірге күн мен айды.
Егер де екеуміз мәңгі бірге болсақ,
Құйып беріп отырар ем тәтті шайды,
Егер қиын сәттер туып қалса,
Алаңдамай жеуші едік нан мен майды.
32. Ә.Кекілбаев «Абылай хан» драмасы
Жалпы, «Абылай» драмасы – тарихи оқиғаларға негізделіп жазылған туынды. Автор бұл жерде қазақ пен қалмақ арасындағы қайшылықты дәуірді екі ханның бейнесі арқылы көрсетеді. Сондай-ақ ежелден келе жатқан ақ пен қараның айқасы да бар. Ерлік, қайсарлық сияқты қасиеттерді ашуымен қоса, жағымпаздық, жылпостық, сатқындық сияқты әрекеттерді де сынайды. Мәселен, Қалдан Сереннің шабарманы Әмірсана Абылайға басынғысы келген рай танытып сөйлейді. Әмірсананың әрекетінен ұлыққа жағыну сияқты келеңсіз мінезді байқауға болады.
1) қара өлең ұйқасы ( а а б а )
2)шұбыртпалы ұйқас ( а а а а )
3)ерікті ұйқас ( а б в г б)
4)кезекті ұйқас ( а б в б )
5)шалыс ұйқас ( а б а б )
6)егіз ұйқас ( а а б б)
7)аралас ұйқас ( а а б в б в б б б)
8)осы күнгі ерікті ұйқастар ( а б а б в г д)
Достарыңызбен бөлісу: |