1. Бұқар. «Ей, Абылай», «Жар басына қонбаңыз»



бет15/21
Дата10.03.2024
өлшемі54.42 Kb.
#494898
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Шығармалар

Аққулар ұйықтағанда — Мұқағали Мақатаевтың поэмасы, 1973 жылы жазылған.Бұл поэмада бір жанұяның жалғыз баласы ауыр сырқатпен сырқаттанып қалады. Тәуіп шал баланы тек аққудың қанатымен аластаса ғана бала дертінен айрылады деп айтады. Әкесі санаға әбден сіңіп кеткен,қасиетті ұғым-аққуға қарсы шығуға дәті бара алмай, өз перзенті үшін жан ұшыруға да дайын ана мылтығын алып, заңғар таулар арасындағы киелі аққулар мекен еткен Жетімкөлге барады. Көлге келгенде ананың қолындағы мылтығы абайсызда атылып кетеді де, мылтықтың оғы аққуға тиеді. Шуды естіген қарт жылқышы көлге қарай келеді де, аққу өлтірген анаға ақылын айтады. Үйге қайтып оралғанда баласынын қайтыс болғанын түсініп ,есінен айырыла жаздайды.
20. Ж.Нәжімеденов. «Менің елім»
Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі —
Менің елім, менің елім — гүл елі!
Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді —
Шежіреңе ол өлең болып кіреді.
Мендегі өнер сен деп өмір сүреді
Менің елім, менің елім — жыр елі!
21. Ә.Нұрпейісов. «Қан мен тер»
Қан мен тер — Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтың трилогиясы. Роман үш кітаптан тұрады: 1) Ымырт (1961 жылы жарияланды), 2) Сергелдең (1964), 3) Күйреу (1970).Арал теңізі жанында тіршілік еткен қазақ халқының революция кезіндегі тұрмыс салты, күн көрісі,сол уақытта болған қырғындар, орыс басқыншылығы, балық өндірірісінің басшысы Федоровтың балықшыларды өлімге жіберуі, қанауы, бай мен кедей арасындағы тап күресі, әйел теңсіздігі т.с.с. Ең басты кейіпкер орташа шаруадан шыққан Еламанның образы арқылы .Аралдағы барлық балықшылардың тағдырын көрсетуден бастап, Шалқардағы жұмысшылардың сол уақыттағы тағдырлары. Тіпті орыстың кедейі мен қазақ кедейінің ұқсас тағдыры, солардың достығы да бар. Әйел теңсіздігі Еламанның әйелі Ақбала арқылы баяндалады. Ақбала басына түскен уақытша қиыншылыққа төзбей байдың баласы Тәңірберді мырзаға тоқал болып, Еламаннан туған бесіктегі баласын тастап, қашып кетуі,және абысын ажындарыдан көрген қорлығы. Ақ патша тақтан құлап,уақытша үкімет тұсындағы ,патша әскерінің қазақ ауылдарына жасаған озбырлықтары, Еламанның осы әскерді шолдада адастыруы сияқты айта берсе көп шым шытырық оқиғалар. Соңғы кезде осы роман жөнінде кейбіреулер коммунистік режимді насихаттап жазған деген пікірлерді естіп жүрмін., мен бұндай пікірге қарсымын. Бізде коммунистік режимнің болғаны рас,сол үшін әкелеріміз жан пида етіп күрескен және бұл ақиқат. Осы күні кейбір шал шауқандар коммунистік режиммен күрестік деп бөсіп отырады, . Совет үкіметі орнап болған соң ешкім де коммунмистік режиммен күрескен жоқ,Қайта бәрі коммунистік пария қатарына өтуге құштар болды. Негізі осы романдағы кейпкерлердің бәрінің прототиптері болған дейді.
«Қан мен тер» - символдық атау. Қан - өмір үшін күресті бейнелесе, тер - сол күрес жолындағы қиындықтарсимволы. Трилогияда халқымыздың Қазан төңкерісіне дейінгі, кейінгі тыныс-тіршілігі, Азамат соғысының зардаптары, Кеңес үкіметінің орнауы, тарихи бетбұрыстар кезіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынастар кеңінен суреттелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет