1. Бұқар. «Ей, Абылай», «Жар басына қонбаңыз»


Шортанбай. «Зар заман» толғау



бет2/21
Дата10.03.2024
өлшемі54.42 Kb.
#494898
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Шығармалар

4. Шортанбай. «Зар заман» толғау
Зар заман, зар заман,
Зарлап өткен бір заман.
Сөздің басы — бисмілла,
Біз айталық, сіз тыңда
Мұсылманның тарихын:
Төрт аяқты хайуан —
Бұ дүниенің жарығы.
жалпы идеясы сол замандағы қазақ құндылықтарының бұзылуы мәселесін көтеру. "Бір-бірлерін күндеген, Жай-жайына жүрмеген..."- Адамдардың өзара қарым-қатынастарының бұзылуы. Атаға бала араз боп.'- Қазақ құңдылықтарының бұзылуын көре аламыз. Метафора:сөздің басы, дүниенің жарығы, Эпитет:зәр заман,төрт аяқты хайуан,
5. Мұрат «Үш қиян» толғау
Мұрат ақының «Үш қиян» шығармасында халықтың қара шаңырағы шайқалып, босағасы тари түскендігі қара өлеңде айқара көрсетіліп баяндалған. Адам пиғылының төмендеп, заманның азғандығын ашына сөз етеді. қыстаудан айырылып, тығырыққа тірелгендігін, тұрмыс жағдайының күрт нашарлап, өмірге көлденең соққан жел ата-бабадан келе жатқан асыл мұрадан айыра жаздағанын жазған.
Заманнан заман оралған,
Дүние шіркін соны алған –
Адыра қалғыр бұ қоныс
Қайырсыз екен озалдан.
Қайырсыз неге десеніз,
Асанқайғы, Қазтуған,
Орақ, Мамай, Телағыс —
Қалған екен солардан.
Біз де бір сондай болармыз,
Артық па едік олардан?!
6. Ыбырай. «Өзен», «Таза бұлақ». «Бай баласы мен жарлы баласы», «Бақша ағаштары»
«Өзен» идеясы: өзенді сипаттау яғни өзеннін құнарлылығын, шипасын айтып тұр .
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертінді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.
Таза бұлақ- Үш жолаушы бір бұлақтын басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақтын суы мұздай,таза екен. Бұлақтың басындағы үлкен тасқа біреу жазу жазыпты:"Әй,жолаушы,болсаң осы бұлақтай бол,-деп Әлгі үш жолаушы бұлақтан су ішіп қанған соң, жазуды оқиды. Біреуі айтты: -Бұл жазылған ақыл сөз екен. Бұлақ күні-түні тынбай ағады,алыс жерлерге барады. Ол бара-бара кеңейіп,үлкейеді. Бұған басқа бұлақтар құйып,үлкен өзен болып кетеді. Оның мәнісін мен былай ұғамын: «Сен де, адам, тынбай еңбек ет, еш уақытта жалқауланып тоқтап қалма,сонда сен де зорайып мұратыңа жетесің».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет