17. М.Әуезов. «Жетім», «Қараш-қараш оқиғасы», «Көксерек» Қараш-қараш оқиғасы — повесть. Авторы - Мұхтар Әуезов. Бұл повесть 1927 жылы жазылған.
Бақтығұлдың інісі Тектіғұл Сәлмен деген байдың кесірінен қайтыс болады. Бақтығұл кек алмақ болып, Сәлменнің жылқысын ұрлайды. Сәлмен осы жағдайды біліп, Бақтығұлды сабайды. Кейін ол үміт етіп Жарасбайға көмек сұрап барады. Бірақ Жарасбай оны сатып кетеді. Оған шыдай алмай кегінің орнына Жарасбайды мерт қылады.
Бақтығұл -Еркіндікті аңсаған намысшыл қазақ. Інісі үшін кек алғысы келді. Бақтығұлдың үш баласы бар: үлкені Сейіт - он жаста, бес жасар Жұматай, ең кішісі - екі жасар, емшектен әлі шықпаған қара қыз - Бәтимә.
Тектіғұл - Бақтығұлдың інісі. Сәлменнің қолында жұмыс істегенде, оны сабап тастайды.
Қатша - Бақтығұлдың әйелі. Сәлмен - Қозыбақ ауылында тұрған бай. Қоқай - Бойы еңгезердей Сәлменнің қорқақ жылқышысы. Жамантай - Басты жылқышы. Жарасбай - Бақтығұл үміт етіп көмек сұраған адам. Соңында Бақтығұлды сатып кетеді.
Көксерек-Оқиғаның басталуы - Қараадыр қасқырлардың мекені
Оқиғаның байланысы- адамдардың шабуылы, қасқырлардың тағдыры
Оқиғаның шарықтау шегі- Құрмаш пен Көксерек, Құрмаштың мейірімділігі
Шиеленісуі - Көксеректің ауылдан кетуі
Оқиғаның шешімі- Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын алуы. Құрмаштың әжесінің қайғысы
Әңгімеде қасқыр, табиғат, адам мәселесі сөз болады, жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесі көрсетіледі. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті. Бірақ қасқыр есейген сайын бостандықты сағынады. Ауыл тұрғындары Көксеректі жақтамайтұғын.
Құрмаштың нағашысы қасқырды, оның көзін ашқан екі күшігін өлтіріп, ең кішісін ауылға алып келеді. Құрмаш қасқырдың бөлтірігін асырап алады. Қасқырдың бөлтірігін ауыл төбеттері күнде талайды. Бір жыл өтеді. Көксерек өседі. Барлық төбеттерді талауға шамасы жетеді. Сол кезде ол өзіне күшік кезінде тиісіп, тамағын тартып алатын итті талайды. Көксерек тамаққа тоймай талай қазандағы еттерді жеп кететін. Ары қарай Көксерек көкжал болады. Ол далаға кетеді. Ауылға қайтып оралмайды. Ол бір ұрғашы қасқыр кездестіреді. Содан кейін екеуі бірге азық тауып өмір сүреді. Қатты боранда ол 7 аш қасқырды кездестіреді. Көксерек солармен бірге бір күнде ауылдың бір үйір жылқысын жеп кетеді. Қарындары ашқанда жылқыға, қойға шабуылдайды. Ауыл адамдары қатты ашуланады. Бір күні Құрмаш атасы ауырып қалғанда боранда қой бағуға шығады. Сол кезде Көксерек пен жанындағы 8 қасқыр сол қойларға шабуыл жасайды. Атпен жүрген Құрмаш оларға қарсы шығамын деп, аттан құлайды. Құрмашқа Көксерек шабады. Ол көксеректі оның бір құлағының астындағы еннен таниды. "Көксерек" деп шақырады.
Ауылда бір аңшы бір төбет итті асырайды. Ол ит қасқыр алатын ит екенін ауыл адамдары мойындайды. Ол бір қасқыр ұстайды. Өзі көкжалдай болады. Ол Көксеректі іздеуге бірнеше адам болып шығады. Жаңағы тайыншадай итті бірге алып шығады. Олар Көксеректі бір сайдың жотасынан кездестіреді. Сол мезетте үлкен төбет көксерекке арыстандай атылып, жолбарыстай бақырып тұра ұмтылады. Екеуі біраз арпалысады. Екеуінің күші тепе-тең болады. Екеуі бір-бірімен тістесіп, екеуінін ауыздары қарысып қалады. Сол кезде ит иесі мен ауыл тұрғыны келіп Көксеректі бауыздап жібереді. Төбет ит сол кезде зорға демалады. Олар ауылға Құрмаштың апасына Көксеректі алып келеді. Сол кезде апасы "Менің баламның жазығы не?" деп айтады. Апасы қайғыдан құса болады.