18. Қ.Аманжолов. «Туған жер», «Дариға сол қыз», «Ақын өлімі туралы аңыз» Туған жерге, елге деген құштарлық балалық сезім мұнда аса ыстық сезіммен шынайы бейнеленеді. Бұл – туған жерге кіндігінен байланған адамның жан сөзі. Оның лирикалық кейіпкері – туған даланың о шеті мен бұ шетіне жүгіріп, құмарын қандыра алмай, даланың көркіне көзі тоймай, жас балаша мәз болып жүрген қазақ ұлы. Қасым сол қазақ ұлының ерлік дәстүрін, өрлік мінезін, намысын жырлады.
Уа, дариға, алтын бесік туған жер
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей
Ақын болмай тасың болсам мен егер
Өңімде ме еді, түсімде ме еді,
Көріп ем ғой бір армандай қызды...
Бір нәзік сәуле күлімдеп еді,
Сұрапыл соғыс соқты да бұзды.
Сапырды дауыл, тебіренді теңіз,
Тулады толқын,шайқалды шың-құз...
Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз,
Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!
Ақын өлімі туралы аңыз (кей басылымдарда Абдолла) — Қасым Аманжоловтың поэмасы, майдангер ақын Абдолла Жұмағалиевке арналған.
Ұлы Отан соғысы жылдары жазған бұл поэмасы — қазақ поэзиясындағы осы кезеңдегі елеулі құбылыстың бірі. Майданда қаза тапқан қазақ ақынының Отанға деген сүйіспеншілігі, жарқын тұлғасы отты сезіммен бейнеленеді. Өмірдің мәнін, ез тірліктен ерлік өлімнің қасиеттілігін көркем образ арқылы бейнелеген бұл поэма — нағыз оптимистік трагедия.
19. М.Мақатаев. «Өмір сүрейік алмасып», «Аққулар ұйықтағанда» «Өмір сүрейік алмасып :Қайың тақырыбына арналған өлеңнің тамаша үлгісін ақын М.Мақатаев шығармаларынан да байқаймыз. Сыршыл ақын қайың тақырыбына “Өмір сүрейік алмасып” атты өлеңімен қатар “Ақ қайың әні” атты поэмасын арнаған.
тақырыбы: адам мен табиғаттың үндестігі.
Идеясы: өлең арқылы ақынның ішкі сезіміне үңілдіру, тылсым табиғатпен сырласу.
Жапырақ -жүрек, жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң, Мен қайың бола бастайын.
Келісесің бе, жас қайың?
(Көрінер,мүмкін, кімге ерсі.)
Өміріңді маған бір берші!
Дүрбелең мына дүниені,
Адам көзімен бір көрші.