1. Басқару құрылымы бұл өзара тұрақты қарым-қатынаста болатын және қызмет етумен қамтамасыз ететін өзара байланысқан элементтердің жиынтығы



бет9/14
Дата01.07.2016
өлшемі0.92 Mb.
#169874
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Тәртіп мемлекеттік орган қызметкерлерінің тиісті басқарушыға бағынатындығын, басқарушылық шешімдерді орындайтындығын, өздерінің лауазымдық функциялары мен өкілетікгеріне жауапкершілікпен қарайтындығын білдіретін орындаушылық мазмұнға не болады. Орындау тұлғаның өзіне, оның ұятына, сонымен бірге сыртқы жағдайларға: басқарушылық қызмет шамасы мен нұсқауларының сапасына, басқарушылық ақпараттың толықтығына, қызмет орнының техникалық қамтамасыз етілуіне, ұйымдық құрылымның тиімділігіне, кадрларды дайындаудың жалпы және кәсіби деңгейіне, мемлекеттік қызметті моральдық және материалдық ынталандыруды ойластыруға, ұжымдағы моральдық-психологиялық климатқа байланысты.

Мемлекеттік басқарудағы тәртіп түрлері бағытталуы мен мазмұнына қарай: 1) жалпы жоспарлы; 2) келісімді; 3) қаржылық (бюджеттік, ақша айналымы, банк қызметі, салық, несие, инвестициямен байланысты); 4) қызмет тәртібі; 5) есептік-статистикалық; 6) еңбек тәртібі; 7) штаттық тәртіп; 8) оку тәртібі болып бөлінеді.

Мемлекеттік басқару қанда да бір формациялық қоғамда жүзеге асса да ол жоспарлылықтан және оны қамтамасыз ететін жоспарлы тәртіптен тыс бола алмайды. Бұл жерде сөз алға негізделген мақсаттарды қоюдың қалыпты процесі мен оларға қол жеткізу үшін келісілген іс-әрекеттерді жүзеге асыру туралы болып отыр. Мемлекет қоғаммен тарихи уақыт шеңберінде өзара іс-әрекет жасайды және оның сенімді болжаусыз, бағдарламасыз және жоспарсыз, қандай да бір шешім қабылдауға құқығы жоқ. Ал бұл жоспарлар мен жеке жоспарлы тапсырмаларды құру мен оларды орындаушыларға жеткізуде белгіленген тәртіпті сақтау қажеттігін, жоспарлы көрсеткіштердің, тапсырмалар мен нормативтердің орындалуын ресурстық қамтамасыз етілуін, әр түрлі басқарушы субъектілер мен басқарылатын объектілердің арасындағы қызметтің мерзімі мен тәртібін келісуді білдіреді.

Қызмет тәртібмемлекеттік қызмет бойынша міндеттер мен құқықтарды, атқаратын мемлекеттік лауазым бойынша функциялар мен өкілеттіктерді жауапкершілікпен әрі адал орындау.

Штат тәртібі - тиісті органдарды ұйымдастыруда белгілі типтік модельдерді ұстануды білдіреді. Басқарушы өзінің аппаратының құрылымын қалыптастыруда кейбір бостандықтарға ие болғанымен де, іс жүзінде тексерілген ұсыныстар, тәжірибелерді елемеу, ескермеу мақсатқа сай емес.

Еңбек тәртібі - еңбек келісімі мен еңбек заңдарының шарттарына сәйкес мінез-құлықты, жүріс-тұрысты анықтайды.

Оқу тәртібі - мемлекеттік басқару қызметкерлерін оқытуда ұйымдастырушылық және әдістемелік ережелерді сақтауды көздейді.

Сонымен мемлекеттік басқарудағы зандылық әлеуметтік -құқықтық құбылыс ретінде құқықтық реттеу, ұйымдық жағынан қамтамасыз ету, басқару мамандарын даярлау, олардың біліктілігін арттыру, халықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының белсенділігі арқылы қамтамасыз етіледі.

Дәріс №7.Студенттердің өзін өзі тексеру сұрақтары



1. Құқықтық реттеу тәсілдерін көрсетіңіз:

A. өкімгерлік, рүқсат ету, нормативтік;

B. бастапқы тәсіл, туынды тәсіл;

C. мәжбүр ету, сендіру;

D. мемлекеттік-биліктік нұсқама, бұйрықтар, жарлықтар, өкімдер;

E. позитивтік міндеттеу, тыйым салу, рұқсат ету.

2.Құкықтық реттеу нысандарына қандай талаптар қойылады?

A. көкейтестілігі, шындыққа жанасуы, жеткілікті болуы, ашық, айқын болуы;

B. өзектілігі, икемдіпігі, жеделдігі;

C. мемлекеттік органдар туралы ережеге сәйкес болуы;

D. олардың дер кезінде қабылдануы, түрақтылығы, кешенділігі және өзара байланыстылығы;

E. ірілену және үсақтану қасиетіне ие болуы, салыстырмалы болуы.

3.Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің құрылымы:

А. қаржыльқ реттеу, мемлекеттік кәсіпкерлік, әлеуметтік реттеу;

B. заңдық реттеу, нормативтік айқындау, ішкі жүйе ішіндегі нормативтік реттеу, өзін-өзі басқару арқылы;

C. әкімшілік реттеу, нарықтық реттеу, нормативтік реттеу;

D. бөлімшелер жиынтығын, оның ішінде қызметтерді, функциялар мен өкілеттіктерді бөлу үлгісін;

E. инвестициялық реттеу, кредиттік реттеу, амортизацияльқ реттеу.

4.Заңдылықтың маңызды белгілерін атаңыз.

A. бірыңғайлық, жаппай қамту, тұрақтылық, кепілдік беру;

B. жүйелілік, ұтымдылық, тиімділік;

C. тұрақтылық, бәрін қамтушылық;

D. сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерге икемді бейімделу;

E. нормативтілік, мемлекетпен қамтамасыз етілуі, анықтылық.

5.Мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету құралдарына бақылау механизмдері жатады.Олар:

A. сыртқы бақылау, жалпы бақылау, мамандандырылған сыртқы бақылау, ішкі бақылау;

B. кедендік бақылау, радиациялық бақылау, экологиялық бақылау;

C. радиациялық бақылау, ішкі бақылау, жол қозгалысын бақылау;

D. санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, жалпы бақылау;

E. экспорттық бақылау, импорттық бақылау, сауда бақылауы.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007

2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007

3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2008


Дәріс №8. Мемлекеттік басқаруды аумақтық ұйымдастыру


  1. Мемлекеттік аймақтық саясатының мәні, мақсаты, міндеті, принциптері

  2. Аймақтық саясатты басқарудың ерекшеліктері

  3. Аймақтық саясаттың әлемдік тәжірбиесінің ерекшеліктері

1 Мемлекеттік аймақтық саясатының мәні, мақсаты, міндеті, принциптері


Аймақтық саясат елдің әлеуметтік - экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерің шешу үшін мемлекеттің өмір сүру және шаруашылық жүргізудің аумақтық факторларын тиімді пайдалануға бағыттылған мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.

ҚР аймақтық саясатының мақсаты - халықтың өмір сүруіне тен мүмкіндік жасау және ұтымды аумақтық еңбек бөлігін және аумақтың өзін-өзі басқаруды дамыту принциптерін қалыптастыру негізінде әр аймақтың ресурс - өндірістік қуатың пайдалану.



Аймақтық саясаттың мақсатына жету мына міндеттерді біртіндеп шешуді талап етеді:

  • аймақтардың шаруашылық дербестігін қамтамасыз ететін саяси, экономикалық, экологиялық және құқықтық сипаты бар шаралар кешенін әзірлеу:

  • аумақтық приоритет мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық қағидаларына сәйкес белгілеу;

  • мемлекеттің жеке аудандарды іріктеп қолдауын экономикалық белсендікті мемлекеттік ынталандырумен үйлестіру;

  • аймақтық және жалпы республикалық тауар еңбек және капитал нарықтарының, институционалды және нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту;

  • шағын және орта шаруашылықтардың экономикасын дағдарыстан шығару және әлеуметтік - экономикалық дамуын жетелдету мақсатымен қолдау және қайта құру;

  • артта қалған ауылдар мен селоларды жаңарту үшін материалдық негіз әзірлеу;

  • экономиканың ұтымды құрылымын қалыптастыру, өндірістің аумақтың ұйымдастыруын жетілдіру;

  • өндірістік кешеннің ресурс мақсаты сәйкестігін қамтамасыз ету, аумақтардың экологиялық-экономикалық ғылыми - техникалық табиғи ресурстарың қалпына келтіру;

  • аймақтар бойынша халық өмірінің деңгейі мен сапасындағы айырмашылықтарды тенестіру, аймақтарды экономика мен әлеуметтік сападағы тоқырауды жою, әсіресе, аз дамыған аймақтарда[4].

Аймақтық саясатты іс жүзіне асыру мына прициптерге суйенеді:

  • мемлекет пен оның жеке аймақтары мүддерінің ұтымды үйлесуі;

  • аймақтардағы іс-әрекеттің мемлекеттің сыртқы саясаты және сыртқы экономикалық қызметінің негізгі принциптері үйлесімдігі;

  • шаруашылық жүргізетін субъектілердің тиімді аймақ аралық еңбек бөлісі мен өндірістің интеграция негізінде әрекет жасау;

  • аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы міндеттерін шешудегі аймақтардың экономикалық дербестігі, экономиканы реформалардың әлеуметтің нәтижелерін жұмсарту және осы мақсатқа қажет қаржы және өндірістік ресурстарды жұмылдыру;

  • аймақтарда тұратын халықты әлеуметтік нормативтер және кепілдіктермен қамтамасыз ету;

  • аймақтық органдардың тұрғын халық өмірінің деңгейі мен сапасы, минерал - шикізат, жер, су және басқа ресурстарды ұтымды пайдалану, өсімдік және жануарлар әлемін будандару үшін жауапкершілігін күшейту.

Осындай аймақтың саясаты мынадай талаптардан құрылуы қажет:

  1. Бірыңғай жалпы республикалық рыноктың Қазақстанның аймақтық нарықтарының шоғырланған жүйесі ретінде қызмет етуін қамтамасыз ету.

  2. Аса маңызды аумақтық приоритеттердің /артықшылық алатын салаларды/ негізін дәлелдеу, өндіргіш күштерді орналастырудың мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық жағдайларын ескере отырып ұтымды ету.

  3. Жалпы мемлекеттік және аймақ аралық байланыстар жүйесін құру барысында жалпы республикалық мүдделердің басым болуын қамтамасыз ету.

  4. Аймақтырдың алуан түрлі экономикалық мүмкіндіктерін, аумақтың еңбек бөлігі және аймақтардың экономикалық кооперациялардың объективті артықшылықтарын тиімді пайдалану.

  5. Аймақтық дамудың меншіктің ресурстары мен артықшылыққа ие болатын, артта қалған және қолайсыз аймақтардың мемлекет тарапынаң қолдау жүйесі толықтырған резервтерді тиімді пайдалану.

  6. Артта қалған және тоқырауға ұшыраған аудандарды қолдау арқылы әлеуметтік жағдайлардағы тектен тыс аймақтың қарама - қарсылықтарды жою. Әр аймақта молшылықты қамтамасыз ету, тұрған жүйіне қарамастан барлық азаматтар үшін тең мүмкіндік беру.

  7. Республикалық мәні бар аса маңызды аймақтық проблемаларды мемлекет тарапынаң шешу қажеттілігі. Арал өңірін қайта жаңғырту, бұрынғы Семей ядролық сынау полигонына жақын орналасқан аудандарды экономикалық және әлеуметтік сауықтыру және т.б.

  8. Көп ерекшеліктері бар аймақтарда нарықтық өзгертулерді жүзеге асыру барысында әлеуметтік әділдіктің аймақтық принципің жүзеге асыру үшін мемлекеттік ықпал ету шараларын қамтамасыз ету.

Аймақтық саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты оның мынадай негізгі бағыттарын атап көрсетеді:

  • өндірісті қолдау және ішкі және сыртқы рыноктарда сұранысқа ие болған өнім шығаруды арттыру, аймақтардың экспортық потенциалын арттыру;

  • экономикалық тұрғыда келешегі жоқ өндірісті экологиялық бақылауды күшейтумен қоса біртіндеп азайту;

  • өнеркәсіптің іргелі салалық ірі кәсіпорындарында технологиясы бойынша өзара тығыз байланысты өндірістерді, жәңе /аймақ аралық/ ұйымдастыру құрылымдарын капиталды шоғырландыру және өндіріс қызметін жандандыру мақсатымен қалыптастыру;

  • жергілікті кәсіпкерлікті, әсіресе халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатымен шағын және орта бизнесті қолдау;

  • инвестицияларды, оның ішінде тікелей шетелдік инвестицияларды ел, алуымен материалдық өндіріс саласы және аймақтың инфрақұрылымға тарту үшін қолайлы жағдай туғызу;

  • аймақтың қаржы ресурстарын қаржылы жинақтын, инвестицияларға айналдыруға қабылетті институционалдық инвесторлар жүйесін қалыптастыру.

Республикалық, аймақтық приоритеттерді анықтау үшін қабылданған үлгілер жіктеу қолданылады жаңа салық және бюджетті саясатын қалыптастыру жағынан қарағанда үш аймақты атап көрсетеді.

1 топ - бір адамға шаққандағы кірістері кірістердің орташа республикалық деңгейінен артатын аймақтар /Ақмола, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Манғыстау, Павлодар облыстары және Алматы қаласы/.

2 топ - кірістері орташа республикалық деңгейге жақын аймақтар /Атырау, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан облыстары/.

3 топ - бір адамға шақандағы орташа кірістің ең төменгі деңгейімен сипатталатын аудандар /Алматы, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Қызыл-Орда және Оңтүстік Қазақстан облыстары/.

Осы жіктеуге сәйкес республиканың аумақтық дамуының приоритеттеріне 1 және 2 топ жатады. Даму деңгейі жоғары, /қазақстандық өлшемдер бойынша аумағында негізгі экономика және өнеркәсіп қуаты шоғырланған аймақтарға республика экономикасын дағдарыстан шығару және одан әрі өсіру жөнінде үлкен үміт артылады.

3-і топтың аймақтары - әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен, артта қалған облыстарды, мемлекеттік қолдау көрсету үшін әрқашан назарда ұстау қажет[7].

Аймақ ішінде приоритеттерде анықтау және нарықтың процесстері жүзеге асырудың механизмдерін белгілеп алу үшін аймақтарды мамандануы бойынша жіктеу қолданылады, соған сәйкес аймақтар 4 топқа бөлінеді.

Бірінші топ - стратегиялық сипаты бар минерал ресурстарының бірегей қоры бар және ғылыми-өндіріс қуатын дамуту қарқыны жоғары, республика экономикасын дүниежүзілік шаруашылыққа жедел қарқынмен шоғырландыруға қабілетті, алайда ауыл мен селолары экономика мен әлеуметтік саласы бойынша артта қалған, ал көбінің экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтар.

Аймақтардың осы тобы үшін мына проблемалар приоритетті:


  • шикізаттың стратегиялық түрлерінің бай кен көздерін /көмірсутегі, хромит, калий тұздары, алтын, күміс, мыс, мырыш, фосфат, борат, никель, кобальт және т.т./ қазу және көмірсутегі және минерал шикізатын кешенді өндеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде жеделдетіп игеру;

  • дүниежүзілік стандарттарға сай, елімізден және шетелдік инвесторларға қолайлы инвестициялық жағдай туғызатын дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарық инфрақұрылымын қалыптастыру /қонақ үй, кеңсе ғимараттарын халықаралық порт пен причал салу, байланыс жүйесі, сыртқы шетелдік рынок автомобиль және темір жол көлігін құру/.

Екінші топ - ғылыми өндірістік қуаты жоғары ауыр индустрия саласы бойынша маманданған, ғылымды талап ететін жоғары технологиялы өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдай бар, иегірлген табиғи ресурстары өздерінен табылатын аймақтар.

Осы аудандардың экономикасын реформалаудың приоритетті бағыттары болуға тиіс:



  • ірі өндірістік потенциалын техника-технологиялық өрбуінің және экспорттық потенциалын қалыптастырудың базасы ретінде одан әрі қайта құру, сонымен қоса шетелдік инвестицияларды тарту арқылы;

  • ғылымды талап ететін жаңа өнім, машина мен жабдықты жаңа технологиялары негізінде шығаруды ұйымдастыру- электроника, информатика құралдарын, автомобиль, автоматтандырылған басқару аспаптары мен жүйелерін шығару және т.т.

  • өндіріске жай беріп, өрлеуіне ықпал ететін өнеркәсіптің жетекші салалары ірі кәсіпорындарды басқарудың жаңа ұйымдастыру нысандарын құру, оның ішінде кәсіпорындарды шетелдік және еліміздің фирмаларының басқаруына беру арқылы, өндірістің және әлеуметтік инфрақұрылымының аумақтық басқаруының ұтымды деңгейін қалыптастыру, тұтыну нарығы - бойынша материалдық базасын қалыптастыру.

Үшінші топ - агроөнеркәсіп кешендері еліміздің азық-түлік қорын қалыптастыруда жетекші болып табылатын аймақтар.

Әлеуметтік-экономикалық дамуының приоритетті бағыттары:



  • ауылшаруашылық өнімі өндірісінің тиімді мамандануы;

  • озық ауылшаруашылық техника лизингі жүйесін құру;

  • аймақтың АӨК қызметінің түрлі салаларының дамуындағы сәйкессіздікті жою;

  • республиканың тұрақты азық-түлік кешенің қалыптастыру мақсатымен а/ш шикізатың өңдейтін шағын кәсіпорындардың жүйесін және оны сақтау жөніндегі казіргі заманға сай индустрия құру;

  • қажетті өндірістік жою әлеуметтік инфрақұрылымды құру, тұтыну нарығының қалыпты дамуы үшін тұтыну заттар шығаратын өнеркәсіп салалары мен а/ш материалдық-техникалық базасын нығайту[8].

Осы топтың еңбекке жарамды жұмыссыздар саны көп аймақтарында а/ш шикізатын өндейтін шағын кәсіпорындармен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың жұмыспен қамтылу проблемасын жұмсарту үшін шағын және орта бизнестің дамығаны жөн.

Төртінші топ - топырағы, климаты, экономикалық шараларды шектейтін әлеуметтік-экономикалық жағдайлары төтенше, шаруашылыгына тиімсіз салалық құрылымына тән аймақтар, сондай-ақ экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар. Осы аймақтарда қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзілуі, экономикалық және әлеуметтік құлдыраудан өз күшімен шығалмайтын шекті деңгейге жетті.

Аймақтардың осы тобы үшін мына проблемалар жетекші болып табылады:


  • экологиялық дағдарыстың тереңдеу процесін тоқтату;

  • шаруашылық кешенін осында тұратын халықтық тәжірибесі мен дәстүрлерін, жергілікті ресурстарды ескере отырып түбегейлі ауыстыру, қайта құру, шалғайдағы селолық аудандардағы а/ш шикізатын өнеркәсіптік өндеуден өткізудің алғашқы сатыларын құру;

  • тұрғын халықтық тұрмыс деңгейі мен сапасын арттырудың материалдық негізін құру жөнінде нақты шара қолдану;

  • шетелдік техникалық және гуманитарлық көмекті тарту және оны тиімді пайдалану.

2 Аймақтық саясатты басқарудың ерекшеліктері


Бүгінгі таңда аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуындағы алшақтықтарды, кризистік құбылыстарды және бөлек территориялардың дамуы жағынан артта қалуын шешпей, саяси тұрақты қоғам мен тұрақты өспелі ұлттық экономика құру мүмкін емес.

Кейбір аймақтардың экономикалық артта қалуының және бір қалыпты дамымауының себебі мынада:

- Қайта өндірістегі циклдік кризистердің жалғасуы, өндірістік және шаруашылық құрылымдардың бұзылуы;

- Салалық әртараптандырудың төмен деңгейі және сыртқы рыноктарға тәуелділігі;

- Қазіргі өндіріс факторларының жаңа ғылыми техникалық ресурстар талаптарына сай келмеуі;

- Климаттық және табиғи жағдайлардың, экологиялық апаттардың болуы;

- Жергілікті халықтың тарихи және әлеуметтік мәдени ерекшеліктері мен демографиялық тенденциялардың төмен болуы.

Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы, келешек өрлеуі көбінесе оның аймақтарының, облыстарының даму деңгейімен сипатталады. Қазақстанның әрбір облысы өзінше қалыптасқан күрделі, аумақты, өз ерешелігі мол әкімдік- шаруашылық кешен. Оның көлемінде көптеген ірі-ірі экономикалық мәселелерді шешу әбден мүмкін. Облыстық органдардың орталықсыздандыруды пайдалана отырып көптеген мәселелерді өз бетімен бақылау және оны тез шешуге мүмкіндігі мол. Экономикалық, әлеуметтік, саясаттық процесстердің қандай жағдайда өтіп жатқаны туралы мәліметтер аумақты шеңберінде тез пайдаланып керекті басқару шешім қабылданады.Бұл экономикалық бостандықтың шешімі.

Осыған орай біздің экономика ғылымының шұғылданатын мәселесі: нақтылы облыстар, райондар, қалалардағы шаруашылықтың құбылыстары мен процесстерін зерттеу болып табылады. Мәселенің осылай қойылуына көптеген жағдайлар әсер етеді. Олар мыналар:


  • Тоталитарлық жүйе кезінде облыстардың жағдайларына орталықтандырылған басқарушылық тарапынан мүлде көңіл бөлінбеуі;

  • Өз кезеңіндегі салалық басқарудың күйреуі;

  • Республикада жалпы экономикада салалық негіздерінің әлсізденуі, технологиялық бірліктің ажырауы;

  • Республика егеменді алғаннан кейін халық шаруашылығын жаңадан жіктеу қажеттілігі.

Ол өндірісті аймақтарда жаңартуға тікелей әсер етеді. Нарықтық механизмді аймақтық экономиканы басқарудың негізгі қозғалтқыш күші деп ұғыну.

Қазақстанда оңтайлы құбылыстың бірі аймақтық басқару бет бұрыс жасалуы.

Мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық саясаты реформалардың салмақ орталығын аймақтар деңгейіне дәйектілікпен ауыстыру және жергілікті басқару органдарының тиімді өзара іс-қимылын, аймақтық өзін-өзі басқару қағидаларын дамыту арқылы жүзеге асырылады[11].

Үкімет тарапынан барлық деңгейдегі бюджеттегі қалыптастырдың жергілікті өкімет органдарының өкілеттілін күшейтуді көздейтін пәрменді жүйесін еңгізу маңызды. Аймақтарға орталықтандырылған көмектердің атаулығын қамтамассыз ету, жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қолдау ұсынудың нысандарын әртараптандыру, ай- мақтардың ерекшелігін ескере отырып білім беруге, денсаулық сақтауға, халықты әлеуметтік қорғауға арналған мақсатты субвенциялар-ды тәжірибеге енгізу, реттелетін кірістерден жоғары тұрған бюджеттерге аударымдардың тұрақты жылдық мөлшерін белгілеу қажет.

Жергілікті атқарушы органдарға кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту,жұмыс істелмейтін өндірістерді қайта құрылымдау және бөліктеу, дәрменсіз кәсіпорындарды, оның ішінде агроөнеркәсіп кешенінде санациялау, банкроттық және тарату рәсімдерін жүзеге асыру мәселелерінде міндеттер мен жауапкершіліктерді шешу жүктеледі.

Аймақтар бойынша өзекті тапсырмаларының бірі ол – еңбек нарығының ерекше фактороларын зерттеу және ондағы оқылықтардағы жою арқылы Қазақстанның еңбек нарығын толықтай қамтамассыз ететін кәсіби мамандар дайындау. Сондықтан осыған негіз ретінде қазақстанның барлық аймақтарындағы оқу орындары тек мемлекеттік стандарттарда жұмыс істемей, халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуі бүгінгі күні қолға алынуда. Сонымн қоса, кәсіби білім беру сапасына да мемлекеттік реттеу органдарының назары, бақылауы ашық болуы қажет.

Аумақтық шаруашылық жүргізу ісінде күрделі қайта құру процесі жүруде. Ғылым мен практика аймақтың басқару жүйесін жетілдіру, аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік реттеуін ұйымдастыру ісіне деген көзқарас қалыптастырудың оңтайлы жолдарын іздестіруде.

Нарыққа көшу барысында аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейлерінде айырмашылық шаруашылықтың аймақтық ұйымдастырылуындағы сәйкессіздектердің нәтижесінде тереңдей түсті. Нарықтың реформалардың мемлекеттік және аймақтық басқару құрылымдарының барлық бағыттары бойынша біркелкілігі мен үйлесімдігінің жоқтағы реформалардың бірыңгай мемлекеттік саясатын мақсатты түрде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Аймақтарды дағдарыстан шығудың жолдарын таңдаған кезде аймақтың басқару органдарының назарынан стратегиялық міндеттерді шешу қажетілігі тыс қалады, ал жалпы мемлекеттік деңгейде - шешім қабылдағанда аймақтық ерекшеліктері ескеріле бермейді.

Сонымен қатар экономиканы басқарудың аймақтық деңгейі нарық өзгешеліктеріне мүлдем дайын еместігін өмір дәлелдеді. Басқарудың әміршілдік-әкімшілдік жүйесі жағдайында кез келген аумақтың экономикасын одақтық, республикалық, салалық органдар басқару, ал аймақтың экономикасын тұтас басқару деген болмаған.

Өзгеру процестері және шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайлары нарықтың қатынастарды қалыптастырудағы аумақтық ерекшеліктерімен байланысты қосымша проблемаларды туғызады. Бұл мемлекет дамуының жаңа кезеңінде негізі бар аймақтық саясатты құрып жүзеге асыруды талап етеді.
Осындай аймақтың саясаты мынадай талаптардан құрылуы қажет:


  1. Бірыңғай жалпы республикалық рыноктың Қазақстанның аймақтық нарықтарының шоғырланған жүйесі ретінде қызмет етуін қамтамасыз ету.

  2. Аса маңызды аумақтық приоритеттердің /артықшылық алатын салаларды/ негізін дәлелдеу, өндіргіш күштерді орналастырудың мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық жағдайларын ескере отырып ұтымды ету.

  3. Жалпы мемлекеттік және аймақ аралық байланыстар жүйесін құру барысында жалпы республикалық мүдделердің басым болуын қамтамасыз ету.

  4. Аймақтырдың алуан түрлі экономикалық мүмкіндіктерін, аумақтың еңбек бөлігі және аймақтардың экономикалық кооперациялардың объективті артықшылықтарын тиімді пайдалану.

  5. Аймақтық дамудың меншіктің ресурстары мен артықшылыққа ие болатын, артта қалған және қолайсыз аймақтардың мемлекет тарапынаң қолдау жүйесі толықтырған резервтерді тиімді пайдалану.

  6. Артта қалған және тоқырауға ұшыраған аудандарды қолдау арқылы әлеуметтік жағдайлардағы тектен тыс аймақтың қарама - қарсылықтарды жою. Әр аймақта молшылықты қамтамасыз ету, тұрған жүйіне қарамастан барлық азаматтар үшін тең мүмкіндік беру.

  7. Республикалық мәні бар аса маңызды аймақтық проблемаларды мемлекет тарапынаң шешу қажеттілігі. Арал өңірін қайта жаңғырту, бұрынғы Семей ядролық сынау полигонына жақын орналасқан аудандарды экономикалық және әлеуметтік сауықтыру және т.б.

  8. Көп ерекшеліктері бар аймақтарда нарықтық өзгертулерді жүзеге асыру барысында әлеуметтік әділдіктің аймақтық принципің жүзеге асыру үшін мемлекеттік ықпал ету шараларын қамтамасыз ету[7].

3 Аймақтық саясаттың әлемдік тәжірбиесінің ерекшеліктері



Адамзат қауымдастығын ұйымдастырудың басты кағидаты территория болып табылады. Бұл нақтылы белгіленген шекарасы және ішкі әкімшілік-территориялық құрылымы бар мемлекеттің құрылуы кезінде айқын көрінеді.

Қазіргі уақытта аймақтардың жағдайын экономикалық талдау позициясы түұғысынан қарастыру тәсілі кең етек алып отыр. Қазақстанның аймактарының әлеуметтік-экономикалық дамуының әралуандылығы объективті жағдай болып табылады. Аймақтардағы реформаның жүру барысы мен шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіне бейімделу әрқилы өтуде.(Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының жіктелуі тереңдеп, ондағы халықтың тұрмысы мен өмірінің сапалы деңгейіндегі айырмашылық өсе түсуде. Бұл мәселелер жиынтығын шешудің қиындығы аймақтар дамуында айтарлықтай диспропорция туғызады.

Сонымен катар, нарыққа өту кезеңінде бұл айырмашылық территорияда шаруашылық ұйымдастырумен ғана емес, аймақтық деңгейдегі қоғамдық-саяси институттарды дамытудағы терең диспропорциямен күшейе түсуде. Қалыптасқан жағдайда аймақгар қандай да бір болмасын дағдарысты жағдайлардан шығудың өз жолдарын таңдайды, ол әдетте тиімді жолдан алыс жатады. Осылайша аймақтық ерекшеліктер өз дәрежесінде ескеріле бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет