1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Грамматиканы оқыту әдістемесі. Морфологияны оқыту әдістемесі



бет50/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   134
емтихан

Грамматиканы оқыту әдістемесі. Морфологияны оқыту әдістемесі

Грамматиканы оқыту әдістемесі.
Қазақ тілінің грамматикасы дегеніміз – қазақ тілінің, қазақ сөйлеу жүйесінің діңгегі, құрылымы. Тіл – норма, грамматика. Сөйлеу – сол норманы, грамматикалық модельдерді қолдану.
Тілдің грамматикалық құрылысын зерттегенде, өзінің тексеретін обьектісін негізгі өзек етіп, сөзді және сөйлемді алады. Тексеру обьектілерінің осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Морфология – сөз және оның формалары туралы ілім. Морфология осындай сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сөз атаулыны алып, оларды белгілі топтарға бөліп, сол топ-топтың әрқайсысына тән жалпы граммаикалық сыр-сипатын анықтайды. Соның арқасында сөздердің әртобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары айқындалады, сөзтаптары ажыратылады. Әрсөз табына тән категориялардың сыр-сипаттары ашылады.


Синтаксис сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдыс бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері өз заңдары болады.
Морфология сөзді, сөздің тиісті бөлшектерін, олардың мағыналар мен қызметтерін талдаса, синтаксис сөйлемді, сөйлем ішіндегі тиісті сөз тіркестерін я жеке сөздерді, олардың қарым-қатынастары мен грамматикалық сыр-сипаттарын талдайды.
Грамматиканың бұл екі саласы екі сара болып жіктелгенімен де, олар бір-бірімен іштей тығыз байланысты.
Грамматиканы коммуникативтік контекстіде оқыту – грамматиканы белгілі бір контекст, коммуникативтік жағдаят негізінде оқыту.
Ерекшелігі неде?
• Грамматикалық ережені түсіну мен білуден басқа, оларды орынды және дұрыс қолдануға мән беріледі
• Мәтіндердің стилі мен жанрына байланысты, коммуникативтік жағдаятқа байланысты оқушы грамматикалық бірліктерді дұрыс таңдай алуы тиіс
• Оқушылар ауызша және жазбаша мәтін құрауда грамматикалық бірліктер мен құрылымдарды түрлендіріп қолдана білуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет