2. Сандық бейнелер туралы білімді қалыптастыруға арналған ойындар мен ойын жаттығулары.
«Поезд» ойыны
Мақсаты:балалардың сандық бейнелер туралы білімдерін қалыптастыру;
Керекті құрал-жабдықтар: поездың вагондары бейнеленген суреттер
Барысы: Поездбен серуендеуге барамыз.Бірақ поездымыз сынып қалыпты.Ол үшін оны сандарды рет-ретімен қоюымыз керек.Балаларға 1-10 аралығында сандар белгіленген вагондар беріледі.Балалар топ болып вагондарды құрайды.
Бұл ойынды кіші топта өткізетін болсақ 3-ке дейін, ал ортаңғы топта 5-ке дейін аралығындағы сандарды ала аламыз.
Ойын жаттығу мақсаты бірдей.
Балалар 1-10 аралығында сапқа тұрады.Кейін балаларға сандарды ретімен және кері санауды сұрау.Балалар сол бойынша сапқа тұрады.
16-билет
1.Математика бойынша жұмыстарды балалар бақшасында жоспарлау
Мектепке дейінгі балаларды қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру жұмысын ұйымдасытру толыққанды математикалық дамуды қамтамасыз етуде ұйымдастырылған мақсаты іс – әрекет, соның ішінде педагог баланың алдына танымдық тапсырма беріп оны шешуге көмектеседі. Ол ұйымдастырылған оқу іс -әрекетте және күнделікті өмірдегі іс – әрекетте жүзеге асуы тиіс.
(Бағдарламалық мазмұнның баланың даму деңгейіне сәйкес әр түрлі материалдарды ойластыру қажет. Баланың ұйымдастырылған іс – әрекеттегі формасын ойластыру. ( жұппен немесе жартылай топпен)
Математикалық білім балаларға қатаң түрде белгілі бір жүйеде сонымен қоса жаңа материал балаға қол жетімді болуы тиіс. Әрбір бағдарламалық тапсырма әрбір кіші бөліктерге бөлінеді және тапсырманың шешімі жалғасып бірнеше сабақта ұзаруы мүмкін. Бір тапсырмадан келесі тапсырмаға өткен сайын алдыңғы өткен тақырыпты оралған маңызды. Осы арқылы материалдың дұрыс сіңуін қамтамасыз етуге болады.
Сабақтың түрін айыру
Дидактикалық ойын формасындағы сабақ
Дидактикалық жаттау формасындағы сабақ
Дидактикалық ойын және жаттығу формасындағы сабақ
Осы түрлердің шартына байланысты педагогі сабақ жүргізуді айқындап алады. Дидактикалар және іс – әрекет байланысты болу керек.
Дидактикалық ойын түріндегі сабақ кіші жаста өткізіледі. Міндетті түрде тосын сый, ертегі кейіпкерді шақыра отырып, дидактикалық ойындардың арасында байланыс болуына мән беруі керек.
Сабақтың түрі бағдарламалық тапсырмаға байланысты.
Сабақ толығымен жаңа материалды игеруге арналады.
Сабақ толығымен қайталауға арналады.
Аралас түрдегі сабақ (жиі қолданылады)
Қорытынды қайталау сабақ ( жаңа материалдар берілмейді)
ҚМҰҚ – сабақтарында бағдарламалық тапсырмалар қатары шешіледі. Қандай? Бұл тапсырманы шешіп көрейік.
Білімділік баланы неге үйретеміз? (оқуға, бекітуге, жасауға)
Дамытушылық нені үйретіп бекітеміз? Тыңдау қабілетін дамыту, қорытындылауға, ең бастысы дамуын қабылдау байқампаздығын дұрыс түсіну. Логикалық түсінігін жалғастыру әдісін қалыптастыру ( салыстыру, қорытынды, синтез).
Тәрбиелік балалардың несін тәрбиелеу? ( қабылдауын, адамзатты тыңдай білуге, ұқыптылыққа, өзімен –өзі жұмыс жасауға, еңбекқор, сәттілік сезімін, ойлаған ойына жетуге ,өте жақсы нәтиже көрсетуге.)
Тілдік – жұмыс ширақ және ұяң математика жоспарында әсіресе жұмыс атқару. Бұндай жағдайда сәтті сабақ тәрбиешінің сабаққа деген дайындығы. ҚМҰҚ сабағында қолданатын әдіс- тәсәлдер: ойындық, көрнекілік сөздік, тәжірбиелік
Достарыңызбен бөлісу: |