2. Математика негіздері бойынша дидактикалық ойынның жоспарын құру (ересек топ, тақырып таңдау бойынша).
“Неге ұқсайды?”
Ойын мақсаты: Балалардың есту, көз алдына елестету, ұқсата бiлу дағдыларын қалыптастыру. Пішіндер туралы бiлiмдерiн толықтыру әрi пысықтау.
Қажетті құралдар: Көлемдер (дөңгелек, куб, цилиндр).
Ойын барысы:
Тәрбиешi кез-келген бiр затты атайды. Балалар сол заттың қай геометриялық пішінге ұқсайтынын атайды.
Мысалы тәрбиешi: - доп?
Бала: - дөңгелек.
Есiк – тiктөртбұрыш.
Қай бала немесе қай қатар көп ұпай жинаса солар жеңедi. Ойын қызықты болу үшiн сөздi, жауапты тездетiп шапшаң айту керек.
“Көршi – көршi”
Ойын мақсаты:1-10-ға дейін тура және кері санауға үйрету.Сандарды рет-ретімен орналастыруын қалыптастыру.
Қажеттi құралдар:1-ден 10-ға дейiнгi сандар жазылған карточкалар.
Ойын барысы:Тәрбиешi бiр санды айтады, мысалы, “Жетi” дейдi. Омырауын жетi саны бала iлгерi шығып, балалардың алдына тұрады. Тәрбиешi былай дейдi: “Бұл санның көршiлерi, қатарына тұрыңдар!”. Оның қатарына 6 және 8 деген карточкалар тұрып, 6, 7, 8 сандарын құрайды. Одан соң 6 және 7 сандары салыстырылады. Омырауында 6 цифры қадалған бала былай деп түсiндiредi: 6-ның 7-ден 1-еуi кем. 6-ға 1-дi қоссақ 7 болады. 6 саны алты бiрлiктен тұрады.
Одан кейiн 7,8 сандары да осылайша түсiндiрiледi.Жаттығу қайталанады, ойыншылардың құрамы өзгередi. Отырған балалар тапсырманың дұрыс орындауын қадағалайды.
“Сипаттамасы бойынша тап”
Ойын мақсаты: Ұзын – қысқа, кең – тар, биiк – аласа және т.с.с ұғымдарды қайталау.
Қажеттi құралдар:Жануарлар мен құстарды белгiлейтiн ойыншықтар.
Ойын барысы:Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкi секiлдi 5-6 ойыншық қойылған балалар көрiп отырады. Олар тәрбиешiмен бiрге әрбiр ойыншықты анықтап қарайды, олардың атын қайталайды. Осыдан кейiн ойнаушылардың бiреуi бөлмеден сыртқа шығады да, басқалары ойыншық туралы жұмбақ құрастырады, мәселен, мұғалiм балаларға қоянды көрсете отырып, олармен бiрге мынадай жұмбақ құрастырады: “Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық – бұл қай аң?” Аю туралы “Маймақ аяқ, қорбиған, аңсағаны тәттi бал, ұзын жүндi жабайы аң” және т.с.с. Балалар жұмбақты құрастырып болған соң оны шешетiн баланы шақырады. Егер ол жұмбақты дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық берiледi де, жұмбақ қайта айтылады. Ол тағы да қиналса, балалар жәрдемдеседi. Ойынға келесi бала шақырылады. Ойын қайталанады.
Балалар жеңiмпазды анықтайды.Ойынға алуан түрлi ойыншықтарды, сондай-ақ суреттердi пайдалануға болады.
“Өз орныңды тап”
Ойынның мақсаты: Алғашқы ондықтағы сандар қатарын, оның атауын, белгiсiн, орнын қайталап, есте сақтау, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар:Кеспе сандар.
Ойын барысы:
Бұл ойынды 10-ға дейiнгi натурал сандар қатарын өтiп болғаннан кейiн жүргiзуге болады. Тәрбиешi 10 баланы тақтаға шақырып, омырауына кеспе цифрлар жапсырылған карточка тағады. Балалар ретсiз араласып тұрады. Тәрбиешi балалардың ретiмен қатарға тұруын талап етедi. Екi цифрын ұстап тұрған бала мен екiмiн деп, бiр цифрын ұстап тұрған баланың жанына келiп тұрады, қалған балалар да өздерiндегi цифрға байланысты өз орындарын тауып тұру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |