1-билет Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті


Балаларды математика негіздерімен таныстыру үшін қолданылатын жаңа педагогикалық технологияларды сипаттаңыз



бет37/47
Дата18.06.2023
өлшемі1.29 Mb.
#475186
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47
Қарапайым матем калганы23 (1)

2. Балаларды математика негіздерімен таныстыру үшін қолданылатын жаңа педагогикалық технологияларды сипаттаңыз.


Педагогикалық технология – оған қойылған педагогикалық мәселені шешетін, оқу-тәрбие үдерісінің жоғары сапасына және педагогикалық әрекеттердің жетістігін анық кепілдейтін амал. Әдістеме оқу-тәрбие үдерісінің нәтижесінің қажетті сапасына кепіл бола алмайды. Онымен қатар әдістемені технологияның деңгейіне жеткізуге болады. Мысалы, білімді бағалаудың белгілі әдістемесі бар. Егер ол әдістеме әділ, сенімді, дәйекті, шындыққа сәйкес болса, оны педагогикалық технология деп атауға болады.
Дамыта оқыту технологиясының негізін қалаушылар В.В.Давыдов , Л.С. Выготский , Л.В.Занков , Е.Н. Кабанова-Меллер , Ю.М.Шуба , Д.Б.Эльконин , И.С.Якиманская және т.б. Адам психикасының дамуының мәдени және тарихи теориясының негізін қалаушы Л.С. Выготский «баланың дамуында, оның ішінде интеллектісінің дамуында, оқыту мен тәрбиелеу ілесе жүреді», – деп есептеді. Л.С.Выготский «педагогика өткенге емес, келесі күнге баланың дамуына бағытталу керек», – деді. Сонда ғана оқыту үдерісінде адамды дамытуға болатынын көрсетті.Л.В.Занковтың зерттеулеріне дейін, Л.С.Выготскийдің идеялары оқыту дидактикасы мен практикасында қолданысы болмады. Л.В.Занков бастауыш сыныптарда, оқыту барысында педагогикалық эксперимент жүргізу арқылы, оқыту тиімділігін көрсету арқылы оқушылардың дамуын жеделдетуге болатынын көрсетті. Бұл идеяны жүзеге асыру барысында бірнеше жаңа дидактикалық принциптер құрылды. Ол дидактикалық принциптер ішінде қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту принципі шешуші рөл атқарады. «Қиындықтың орташа мөлшерін» жоғарылату баланың рухани күшін ашып, бағыт береді. Егер оқу материалы мен оны оқыту әдістері оқушыларға ешбір кедергі тудырмаса және ондай кедергіні жою қажеттілігі болмаса, баланың дамуы төмен болады. Сондықтан қиындықтың жоғары деңгейінде білім беру мазмұнын таңдап құру қажеттілігі туындайды. Оқу материалы кеңейтіледі және тереңдетіледі. Оқушылардан алдымен теориялық білім, одан кейін практикалық білік пен дағды талап етіледі. Дамыта оқыту технологиясының дидактикалық идеясына оқушылардың рефлексиясы – ойлауға құлшындыру жатады. Рефлексия – оқып үйрену барысында оқушының әрекетін, әдіс тәсілдерінің мағынасын түсінуін қамтамасыз етеді. Рефлексияда өзін-өзі бағалауға үлкен мән беріледі. Қазір мектептерде дамыта оқыту тхнологиясының идеяларын тәжірибелі оқытушылар қолданып жүр. Дегенмен, дамыта оқыту технологиясының кейбір жәйттері жұмыс барысында, қиындықтар туғызады. Оқушылардың барлығын жоғары жылдамдықпен, қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет