2. Математика негіздері бойынша ұйымдастырылған кіріктірілген іс-шаралардың конспектісін дайындау (ересек топ, тақырып таңдау бойынша).
26-билет
«Кеше», «Бүгін», «Ертең» сөздерінің мағынасын түсіну. Күнтізбемен таныстыру.
Балалардың нақты әрекетімен байланыстыра отыра, «кеше», «бүгін», «ертең» ұғымдарымен таныстырамыз (Мысалы, сабақтармен), олардың қатыстылығын көрсетеміз.
Мысалы:
— Барлық тәулік бір-бірін алмастырады. Бір тәулік аяқталса, басқасы болады.
— Өтіп кеткен тәулік «кеше» деп аталады. Кеше бізде музыка сабағы болды.
— Қазір болып жатқан тәуліктік «бүгін» деп атайды. Бүгін бізде математика сабағы болады.
— Әлі болмаған тәуліктік «ертең» деп атайды. Ертең бізде сурет болады.
Күн сайын талқылау қажет:
— Кеше не болды?
— Бүгін бізде қандай сабақ?
— Ертең не болады?
Математика негіздері бойынша ата-аналармен жұмыс жоспарын дайындаңыз. Ата-аналармен өткізілетін іс-шаралардың біріне қысқаша шолу жасаңыз.
Ата - анамен жұмыс.
Тақырыбы: «Балабақша мен отбасы»
Мақсаты: Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту. Балабақша өмірімен таныстыру, тәрбиешімен дұрыс қарым - қатынаста болу. Психологиялық кеңес, ағарту жұмыстарын жүргізу.
Көрнекілігі: Музыка жазылған үнтаспа, қағаз - қаламдар, ағаш, алмалар, шарлар, себет
Шаттық шеңбері:
Ата - аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
Достарыңызбен бөлісу: |