2. Математика негіздері бойынша ұйымдастырылған кіріктірілген іс-әрекетте қолданылатын арифметикалық есептің мысалын келтіріңіз. Олардың қолданылу мағынасын түсіндіріңіз.
Бірінші белгілі қосылғыштың сомассы бойынша екінші қосылғышты табу («Витя 1 көлікпен бірнеше қояндар жасады. Барлығы 7 фигура болды. Витя неше қоян жасады?»);
Белгілі азайТҚыш және қалдық арқылы азаЙҒышты табу («Балалар шыршаға бірнеше гирляндылар жасады. Оның біреуін шыршаға ілді, оларда 3 гирлянды қалды. Балалар барлығы қанша гирлянды жасады?») ;
Белгілі азаЙҒыш және қалдық арқылы азайТҚышты табу; («Балалар шыршаға 8 гирлянды жасады. Олар бірнешеуін шыршаға ілгенде, оларда бір гирлянды қалды. Неше гирляндыны балалар шыршаға ілді?»).
Балалар сандармен және +,-,= таңбалаларымен таныс болғандықтан оларды арифметикалық амалдарды жасуға және оны оқуға үйретеді (3+1=4). (Үш құсқа біреуін қосу. Төрт құс болды). Жәнеде балаларды сандық мысалдары бойынша есеп құрастыруға ұйрету керек. Мысалы: 10-1=? Алдымен тәрбиеші тақтадағы сандарды оқуды және ? таңбанын нені білдіретіндігін түсіндіріді ұсынады. Келесіде Тақтада тұрған сандар бойынша есеп құрастыруды ұсынады.
Сонымен балалар барлық есептерде екі санның болатынын және солар арқылы үшіншісін табу керектігін түсінеді.
22-билет
1.6 жастағы балаларды тәрбиелеудің заманауи талаптары. Бастауыш мектептің білім беру бағдарламалары мен мектепке дейінгі білім беру мазмұнына сипаттама
2. Математика негіздері бойынша ұйымдастырылған кіріктірілген іс-әрекеттің конспектісін дайындау (ортаңғы топ, тақырып таңдау бойынша).
23-билет
1.Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыруда балалардың математикалық көріністерін дамыту үрдісін ұйымдастыру
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Баламен бірге үстел үстінде есепшотпен ойналатын ойындарды ұйымдастыру. Балаға белгілі бір объектілерді күн сайын санап отыруға үйрету.
Баланың қолына заттар беріп, санату.Баламен бірге үстел үстінде есепшотпен ойналатын ойындарды ұйымдастыру. Балаға белгілі бір объектілерді күн сайын санап отыруға үйрету.Санның белгілі бір мәні бар екенін көрсету (жылдамдықты тежеу, температура)
Балаға манипуляция жасау үшін түрлі заттарды беру (кнопка, тас, қарағай, емен жаңғақтары)
Баланың қолына заттар беріп, санату.
Күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде математикалық сұрақтар қолдану (Сенің туған күніңе дейін неше күн қалды?
Санауды цифрды қолдану.
Баланы кейбір цифрларды атауға тарту.
Мөлшеріне, түріне, басқа да белгілеріне қарамастан «бір» деген объектінің жалғыз екенін түсінуге мүмкіндік туғызу.
Заттың санын білдіретін түсінігін қолдану (қораптан үш алма алады)
Күнделікті өмірде сан мен санауды қолданады (қолын көтерген балаларды санайды)
Кей сандық белгілерді таниды, атайды.
Ойша 5-ке дейін санау.
5 объектіні өз бетінше санау.
Алдын ала айту және жорамал жасау үшін санды қолдануға мүмкіндік жасау.
Соңғы саналатын сан объектілердің толық санын білдіретінін түсінеді.
Күнделікті әрекетте ойындарда ойыншықтарды, тиындарды санауға, есептеуге мүмкіндік туғызу.
Негізгі сандармен және санау операцияларымен таныстыру (Мен Нұрланға 1 текше бердім, енді онда 2 текше болды)
Баланы өлшеу тапсырмаларын орындауға қатыстыру (ауыр зат-жеңіл зат, суға батады-батпайды.)
Күнделікті өмірде өлшеу аспаптарын және әдістерін қолдануға үйрету
Түрлі өлшеуіштерді (алақанына сал, күрішті өлшеп сал, адымдап өлше) белсенді түрде қолдануды балаға көрсету, түсіндіру және қатыстыру.
Салмақ пен өлшемді анықтауда сөздікті жандандыру.
Түрлі өлшемдерді ойындарда қалай қолдану керектігін көрсету (жолақпен, ыдыспен өлшеу)
Өлшемді анықтау жолын көрсету (менің бойым мына шкафпен бірдей)
Затты өлшеуде объектіні атауларын қолдануды үйрету.
Балаға, өлшеу аспаптарын қолдана отырып, өлшеуді көрсету, түсіндіру және өлшеуге қатыстыру.
Өлшеу ойындарын ойнау (Не ауыр? Не жеңіл?)
Пішінді дұрыс атау үшін тиісті сөздерді қолдану.
Қоршаған ортадағы түрлі пішіндерді атау.
Ыдысты құмға немесе суға толтыра отырып, өлшеуге үйрету.
«Тағам дайындау» кезінде ингредиенттерді шамалап салуға үйрету.
Мектеп жасына дейінгі балаларға матемтика элементтерін оқыту ерекшеліктері.
Баланың жеке басының қалыптасуы және оның ақыл –ойының өсуі әртүрлі әрекеттер процесінде жүзеге асады.
Бала өмірінің бірінші күнінен бастап өзінің дамуына ықпал жасайтын және онымен эмоциялық қатынаста болатын адамдардың қоршауында болады. Сондай- ақ баланы қасиеттері мен сапалары әр түрлі көптеген заттар қоршап тұрады. Бөбектің өзін қошаған ортамен танысуы және қабылдаған обьектілеріне талдау жасауы үшін айтарлықтай үлкен мүмкіндіктері болатынын зерттеулер көрсетті. Бұл үнемі өзгеріп отыратын әрекет компонеттеріне (мысалы, тамақтандыру жағдайына) оның бейімделуін қамтамасыз етеді.
Әр түрлі өнімсіз және өнімді әрекеттер процесінде сәби жастағы балаларда өздерін қоршаған әлем жөнінде: заттар әлемінің әр түрлі белгілері мен қасиеттері – түсі, формасы, шамасы, заттардың кеңістіктегі орналасу, олардың саны туралы, сондай-ақ адамдардың қарым-қатынастары жөнінде (баланың өзіне, бір –біріне, айналасындағы заттарға және т.б.) түсініктер қалыптаса бастайды. Элементар математикалық түсініктер мен алғашқы ұғымдардың қалыптасуына негіз болатын сенсорлық тәжірибе біртіндеп жинала береді.
Мынадай сұрақ туады: баланың өздігінен дамуына жағдай жасаған жөн бе немесе олардың қоршаған әлемді танып білу процесіне басшылық жасап отыру қажет пе?
Буржуазиялық педогогика жақын жылдарға дейін баланың ішкі себептер арқылы (спонтандық) даму позициясы жағында болды. Әдетте, балалрдың жас ерекшелік мүмкіндіктері нақты анықталды және осыған сәйкес мектеп программалары жасалды. Алайда ғылым мен техниканың қарқындап өсуі бұл програмалардың шектеулілігін және жетілдірілмегендігін ашып берді.Мектепте білім беру дәрежесін көтеру, демек түрлі жас кезеңдегі балалардың мүмкіндіктерін де қайта қарау қажет болды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы буржуазиялық педагогикада әрқашан да ішкі себептермен пайда болған(спонтандық) процесс ретінде қарастырылды және бұл жастагы балалар үшін қатаң программаның қажеттігі теріске шығарылды. Ал мұндай көзқарастар қоғам талаптарына қарама-қайшы келді, сондықтан көптеген елдерде ең алдымен білім мазмұны бойынша кең эксперименттік жұмыстар жүргізіле бастады. Осындай эксперименттердің нәтижесінде ғалымдар бір ауыздан, мектеп жасына дейінгі балаларды да қоса алғанда, балалардың танымдық мүмкіндіктері бұрынғы ойлағандағыдан гөрі едәуір кең деген қорытындыға келді.
Енді бұл мүмкіндіктерді қалай барынша орынды пайдалануға болады деген жаңа мәселе туды. Оқыту мен даму проблемасын жаңаша қарастыру
Кішкене балаларға математика ілімінің элементтерін оқыту ерекшелігі.
Бала ерте жастан бастап-ақ нәрселердің жиынтығын, дыбыстардың, қозғалыстардың жиынын әр түрлі анализаторлар арқылы (көру, есту және т.б.) қабылдай отырып, олармен танысады, бұл жиынтықтарды салыстырады, оларды бір-бірінен саны жағынан айырады.Оқу процесінде бала жиындардың теңдігі мен теңсіздігін көрсету әдістерін меңгереді,санды сандық сөзбен атауды үйренеді. Алдымен элементтердің белгісіз мөлшері туралы, ал сонан соң бүтін бір бірлік түріндегі жиын туралы түсінік қалыптасады. Осы негізде жиындарды салыстыруға және ондағы элементтердің санын барынша дәл анықтауға деген талпыныс өседі; бірте –бірте бала есептеуге дағдыланады және сан ұғымын меңгереді. Мұның бәрі ересектердің басшылығымен және өзіндік оқу ойындық сипаты бар практикалық әрекеттер үстінде іске асады.
Бала, сондай-ақ нәрселерді мөлшеріне, түсіне, формасына, кеңістікте орналасуына және басқа белгілеріне қарай ерте-ақ ажырата бастайды. Ол үлкендерге еліктеп, дөрекі түрде нәрселерді өлшеуге әрекеттенеді, алдымен біреуін екіншісіне беттестіріп, сонан соң көзмөлшермен және шартты түрде қабылданған өлшеуіштің көмегімен өлшейді.
Сонымен, балалар сезімге әсер ету арқылы қабылдауға сүйене отырып, әр түрлі шамаларды ғана танып –біліп қоймайды, сондай-ақ өз ұғымдары мен түсініктерін соған сәйкес атаулармен, мысалы, көп-аз (саны жағынан), кең-тар, биік-аласа, қалың жұқа және т.б. осы сияқты сызықтық ауытқушылықты жалпы көлем ауытқушылығынан (артық-кем, үлкен-кіші) айыра отырып, сөзбен дұрыс бере білуге алғы шарттар жасалуда. Мұндай дифференциялау, Р.Л. Березина, В.К. Котырло, Т.В. Лаврентьева, З.Е. Лебедева, Е.В.Проскур және басқалардың зерттеулері көрсеткеніндей, ересектердің тиісті басшылығы жағдайында мектеп жасына дейінгі балалар үшін толық жеткілікті.
Бала өз бетімен жүре бастасымен –ақ кеңістікпен және заттар арасындағы кеңістіктік қатынастармен әсерлі түрде танысады: ол өзін қызықтырған затқа не жақындай түседі (еңбексіз емес), не одан аулақтай бастайды. Бір нәрсе баланың дәл алдында тұрса, басқалары оның артында немесе оң жағында не сол жағында тұрады. Оқыту баланың жақын- алыс және басқа сол сияқты сөздердің мағыналарын ерте меңгеріп алуына мүмкіндік жасайды.
Мектепке дейінгі мекеме жұмысында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда келесі құралдар пайдаланады:
-оқу іс әрекетіне арналған дидактикалық материалдар комплекті; -өз бетімен ойнауға және оқу іс-әрекетіне арналған құралдар; -тәрбиешілерге арналған әдістемелік құралдар (Оқу іс-әрекеттерінін жобалары)
-дидактикалық ойындар мен жаттығулардың жиынтығы; -жанұяда математиканы мектепте меңгеруге көмектесетін оқу-танымдық оқулықтар.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда пайдаланатын оқыту құралдарының орындайтын функциялары: -көрнекілік принципті қамтиды;
- түсінікті формада абстракциялық математикалық ұғымдарды түсінуге биімдейді;
-балаларға математикалық түсініктер пайда болғанда әрекет жасай білу тәсілдерін меңгеруге көмектеседі;
-балаларда сезімдік қабылдау тәжірибесін жинақтауға көмектеседі;
-тәрбиешіге балалардың оқу - танымдық әрекетін ұйымдастырып басқаруға көмектеседі, жаңа білімді меңгеруін дамытады;
-балалардың математика оқу іс -әрекетінде және одан тыс уақытта өз беттімен танымдық әрекетін дамытады;
-тәрбиешінің ақпараттық, коммуникативтік, проблема шеше білу құзыреттілігін дамыту жағдайын дамытады;
-оқыту процесін жаңғыртады және дамытады.
Сонымен қатар қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқыту құралдары тәрбиеші мен балалар әрекеттерінде қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда маңызды функция атқарады. Теория мен практиканың өзгеруіне байланысты олар өзгеріп отырады. Негізгі құралдар болып оқу іс -әрекетіне арналған дидактикалық материалдар комплекті келеді:
-қоршаған ортаның тірі объектілері: тұрмыстық заттар, ойыншықтар, ыдыстар, табиғи материалдар т.б
-заттар суреттері (түрлері);
-графикалық және схемалық құралдар: логикалық блоктер, фигуралар, карточкалар, сызбалар, модель.
Достарыңызбен бөлісу: |